Get Mystery Box with random crypto!

Тезек төре ұрлық қылған бір топ жігітті дарға асқалы жатқанда, | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Тезек төре ұрлық қылған бір топ жігітті дарға асқалы жатқанда, Кебекбай деген би топ ішінен суырылып шығып:
- Дат!
Ау төре менің бір сұрағым бар,-депті.
- Айт.
- Айтсам, су басынан тұна ма, əлде аяғынан тұна ма?- деп сұрапты.
- Аяғынан су тұнатын ба еді, басынан тұнады да!- деп жекиді Тезек.
Сонда Кебекбай:
- Олай болса, төрелігіңе құлдық , елдің төресі бола тұрып алдымен ұрлықты өзің жасайсың. Елде ұрлық- қарлық тыйылсын десең , алдымен жазаны өзіңнен бастау керек,- деген екен.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ (Алла оны рақымына бөлесін) "АҚИҚАТТАН АТТАУҒА БОЛМАЙДЫ"кітабынан.