Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-05-06 09:33:04 Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Әрбір айда үш күн ораза ұста! Әрбір айда (бір хатым) Құран оқы!" деп сахабасына өсиет айтқан екен.

Хадисті риуаят еткен имам Әбу Дәуіт (Алла оны рақымына бөлесін).
573 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 23:09:01 "Күннің өзі "зәредей" болған мына шексіз ғаламда, өзін өзгелерден артық көру әдепке қайшы".

Сағди Ширази (Алла оны рақымына бөлесін).
208 views20:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 02:21:13 Бұрынғы өткен хәкімдердің бірінен қалған мынадай сөз бар екен.
"Рамазан айының кіруі ешбір сауапты ісін арттырмаған, сондай-ақ Рамазан айының шығуы да ешбір сауапты ісін кемітпеген жандарды көзім көрді".

Құлшылығыңызды үзбеңіз!
Рамазаншыл құл болмаңыз!
Құлшылығы үзілмес "құдайшыл құл болыңыз!
222 views23:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 21:25:23 Ассалаумағалайкум!
Айт мерекесі құтты болсын!

Әйгілі ақын, марқұм Нәжіб Фазыл Қысакүрек айтқандай,
“Намаз мешіттен шыққаннан соң, қажылық Меккеден қайтқаннан соң, Рамазан ораза біткеннен соң басталады”.


Жаратқан Жаббар Ием, қылған құлшылығыңызды, жасаған сауапты істеріңізді қабыл етсін!
120 views18:25
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 01:29:07 Ораза Алла Тағаланың:
"Парыз ораза санаулы күндерде ғана өтеледі" (Бақара сүресі, 184 аят) деп айтқанындай зымырап өте шықты.

Жаратқан Жаббар Ием, ұстаған оразаңызды, жасаған дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
290 views22:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 21:42:26 Абай мен Қиясбай
Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып отырады. Осы мәжіліс үстіне кенет Қиясбай кіріп келеді. Ешкім оны келдің-ау, кеттің-ау деп елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да:
- Уа, игі жақсы тақсырлар, - дейді дауыстап, - Абай ағамда оңаша айтарлық бір шаруам бар. Барлығың да шыға тұрыңдар!
«Мына неме не дейді?» дегендей, төрде отырғандар терісіне сыймай дүрдиісіп Абайға қарайды. Абай:
- Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса, шыға тұрыңыздар, - дейді. Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
- Немене, Қиясжан? – дейді Абай оңаша қалған соң.
- Абай аға, маған ұрыса көрме, жаңағы иттердің мені адам құрлы көрмеді. Соларға өзімнің күшімді көрсетейін деп, әдейі айтып едім, - дейді Қиясбай.
- Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой берейін, алып кете аласың ба? – дейді Абай ішегі қатқанша күліп.
- Алып кетпейтін несі бар, - дейді Қиясбай қулана жымиып, - Абай ағам өңгертеді деймісің, айдатады да жіберді.
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп Абай оған он шақты қой айдатып жіберіпті.
215 views18:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 22:43:48 Бәдәуи....
Біреу түйесін жайып жүрген бәдәуидің тұсына келіп: «Мына түйелер кімге тиесілі?» деп сұрайды. Бәдәуи бөгелместен: «Аллаға тиесілі, менің қолымдағы түйелер ғой» деп жауап берген екен.

Жеті қат көк те, жеті қабат жер де Алланың мүлкі. Сіз бен біз уақытша иелік етеміз.

Күндеріңіз сәтті өтсін!
349 views19:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 21:31:06 Күліп отырайық
Бір бәдәуи текті, бай әулеттің қызына сөз салады. Қыздың әулеті бәдәуиді шақыртып алып: «Бұл қыздың бірсыпара жиһазы, дүниесі бар. Едәуір малы бар. Сенің не бар?» деп сұрайды. Бәдәуи: «Егер айтып отырған дүниелерің расымен қызға тиесілі болса, кеудемізден жан шыққанша оған да жетеді, маған да жетеді. Менің малымды сұрап қайтесіңдер?!» деген екен.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
311 views18:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 23:48:29 "Жүз тіл білсең де, сені түсінгісі келмейтіндер үшін сен мылқаусың".

Хазіреті Мәулана Жәлелуддин Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
530 views20:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 22:41:16 Жаман әйел....
Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:
- Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? - деп сұрайды: Сонда Жиренше:
- Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, - депті.
709 views19:41
Ашу / Түсініктеме