Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-02-03 09:35:36 «Дүниеден тоқсан мыңды айдаған Қарабай да, он жеті мың жылқы біткен Жұман да, өз заманының кілтін тауып, қара суды теріске ағызған ақылды Игіліктер де өткен. Тегінде, жер бетінде тырнақтап, арыңды жалдап жиған-терген байлығың емес, атқарған азды-көп мәнді ісің қалады».

Жазушы Ғабит Мүсірепов.
1.1K views06:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 09:34:47 «Ақылды адамға ең ауыр жаза – мақтай беру, мақтау есту».

Жазушы Ғабит Мүсірепов.
1.1K views06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 11:39:18 Кеше Ғабит Мүсіреповтің жазған, айтқан ойларын ортаға салып едік. Бүгін Немат Келімбетовтің бір пайымын жеткізе салайық.
2007 жылы «Қариялар» атты кітабы жарық көрді. Эссе түрінде жазылған еңбекте қазақ жасы еңкейген адамды түрліше атайтыны түсіндірілген.
«Шал», «қария» «қарт» және «ақсақал» атауын барлық жерде бірдей қолдану дұрыс емес .
Қарт – жасы келгеннің бәрі. Бұл сөз «қартайды» деген етістіктің түбірі екені көрініп тұр.
Өз тіршілігінің, бала-шағасының күйбеңімен ғана жүрген қарт кісі - шал.
Ауылдың, айналаның қамын ойлайтын, бала-шағасынан басқаға да қамқор қарт кісі – қария. Ол ауыл мен ауданға өнеге көрсетіп аталы сөз айта біледі.
Ал бүкіл қазаққа танымал және тұтас халықтың бірлігі мен тірлігі үшін ойлы сөз айта білетін қарт кісі – «ақсақал».
Немат ақсақал осылай тұжырған. Кімге қандай атау берерін халық өзі түсініп жатыр ғой.

Журналист Қайнар Олжайдың жазбасынан алынды.
1.4K views08:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-01 04:35:46 Мұсылман кісі неден қорқуы қажет?

"Мұсылман кісінің ең қатты қорқуы тиіс екі нəрсе бар. Олар:
Нəпсінің жетегінде кету жəне дəмелі үміт. "
Нəпсінің жетегінде кету" кісіні ақиқаттан ұзақ етеді. Ал "дəмелі үміт" дүниені сүйдіреді.

Хазреті Али (Алла оған разы болсын).
683 views01:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 12:24:35 Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі) былай деген екен.

"Мұсылман кісі ашыққан мұсылманды тамақтандырса, Алла Тағала оны жұмақтың жемісінен тамақтандырады".
191 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 04:43:58 Зұлымдықтың ең жаманы қандай?
Зұлымдықтың ең жаманы - кісінің өзіне жасаған зұлымдығы. Мəселен кісінің өзге біреуге жасаған зұлымдығы ақылға сияды. Ал өз-өзіне зұлымдық жасауы ақылға сыймайды. Намаз оқымайтын немесе намаз оқуға ерініп жүрген жанға айтарымыз: " Сен намаз оқымай "өзіңді рақатқа бөледім" деп жүрмісің. Қатты қателесесің. Сен намаз оқымай өзіңді мəңгі-бақилық бақытсыздыққа душар еткелі жүрсің" болмақ.
Шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).
882 views01:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 05:25:34 "Мына үш істе асығу керек. Олар:
1. Сауапты істі жасауға;
2. Мәйітті жерлеуге;
3. Теңі табылса үйлендіруге".

Сахаба Амр ибн Ас (Алла оған разы болсын ).
654 views02:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 07:49:15 Ауыл ақсақалдары Ыбырай Жақаевты ортаға алып: «Осы сіз Қонаевты көп көресіз, өзі қандай адам, айтшы?» деп қолқа салыпты.

Сонда айтқаны бір-ақ ауыз сөз:

– Жұрттың ішіне пышақ айналмайды, Қонаевтің ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді, – деген ғой.

Төребек Байтасов.
438 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 05:33:35 Қанағат...

Халифа Абдулмәлік ибн Маруан (һижри 65) қайтыс болатын түні кір жуушының дауысын естиді. Басын көтеріп: «Қап, әттеген-ай табысын күнбе-күн тауып, күнін көріп жүретін кір жуушы болсам етті!» деген екен.

Халифаның әлгі дүниеден озар шағындағы айтқан сөзін ғалым Әбу Хазим (һижри 133) естігенде: «Оларды өлер шағында біздің күйімізді армандап өтетін еткен, ал бізді тірі шағымызда олардың мына дүниедегі күйін армандатпаған Алла Тағалаға сансыз шүкір» деген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
641 views02:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 01:12:08 Тəжірибе сатылмайды...

Ирак әкімі Зияд ибн Әбиһи (һижри 53) табиғин Әбул-Асуад әд-Дуалиге (һижри 69):
«Жасыңның үлкендігі болмаса, сені үлкен қызметке тағайындар едік» дейді.
Әбул-Асуад: «Егер мені күреске балуан ретінде салмақ ойың болса, оған менің шамам жетпейді. Ал егер «ойым, тəжірибем» қажет болса, ол менің бойымда көп» деген екен.

Бəрін өзім білемінге салмай, үлкен жастағы кісілерден ақыл сұрап, тəжірибесін пайдалану қажет.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
304 viewsedited  22:12
Ашу / Түсініктеме