Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-01-25 10:30:17 Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен.
"Күншілдіктен аулақ болыңдар! Себебі "күншілдік" оттың отын мен шөпті жалмап жегеніндей сауапты істеріңді жалмап жейді ".
Хадисті риуаят еткен имам Әбу Дәуіт (Алла оны рақымына бөлесін).
950 viewsedited  07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 05:18:27 "Сабыр сүрінбейтін көлік".
Сахаба Әли ибн Әбу Тәліп (Алла оған разы болсын).
623 views02:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-23 04:40:26 Жалған пайғамбарлар жайлы...
Сахаба Абдулла ибн Омардан: «Сақиф руынан шыққан Мұхтар маған уахи келіп жатыр дейтін көрінеді, бұл қалай болғаны деп сұралады». Абдулла: «Рас айтады. Алла Тағала Құран Кәрімде мұндайлар жайлы: «Расында шайтандар сендермен дауласу үшін өздерінің достарына уахи етеді» (Әнғам сүресі, 121 аят) деген мазмұндағы аят түсірген деп жауап берген екен.
176 views01:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-22 03:52:41 Ғибрат...
Өмірде кезіккен адамдардың сізге берері мол. Жақсы адам болса тәлім аларлық тұстары болады. Ал жаман адам болып шықса сізге сабақ боларлық тұстары болады. Тек бар болғаны тиімді пайдалана білу қажет.

Кеше кейбір адамдарды көріп түйген ойым...

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
976 views00:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 03:47:22 Өмірге құштарлық...
Халифа Сүлеймен ибн Абдулмәлік оба ауруы шыққан жерден қашады. Жанында келе жатқандардың бірі: Уа, халифа! Алла Тағала Құран Кәрімде «(Уа, Мұхаммед!) Өлімнен немесе шайқастан қашсаңдар, сендерге қашу пайда бермес. Олай болса [тіпті қашсаңдар да] (өмірді) тек азғана қызықтар едіңдер» деп айт» дейді (Ахзап сүресі, 16 аят). Мұныңыз қалай болды?» деп сұрайды. Халифа: «Бізде сол аятта айтылған «(өмірді) тек азғана қызықтар едіңдер» дегенді іздеп келеміз деген екен.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өтсін!
368 views00:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 04:12:11 Бір Алладан сұрау...

Халифа Һишам ибн Абдулмәлік қағбада бір кісіге: «Қандай мұқтаждығың ба? Менен сұра, өтеп берейін» деген екен. Сонда әлгі кісі: «Алланың үйінде Алладан өзге ешкімнен сұрамаймын» деп жауап беріпті.

Алла Тағала сіз бен бізге кез келген жерде, кез келген уақытта тек Өзіне мұқтаж етуді нәсіп етсін!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
254 viewsedited  01:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 04:50:39 Сізге қымбат бір адам дүниеден өтсе, қайғысы үлкейіп басталады. Уақыт өте келе әлгі қайғы кішірейе береді. Бірақ оған деген сағыныш күн өткен сайын арта береді...

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
762 views01:50
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 04:35:24 Тәуелді болу. ..
Бір топ адам имам Әузағидің (Алла оны рақымына бөлесін) есігінің алдында біраз мәселені талқыға салып тұрады. Алайда араларындағы Кәлб руының кісісі жағын ашпай тыңдап тұрады. Соны байқаған бір кісі:
«Сендер расымен-ақ «арабтың сөйлемейтін мылқауы» деп дұрыс аталған екенсіңдер» дейді.
Ол: «Ей, сен осы күнге дейін кісі сөйлесе, тілі арқылы өзгеге тәуелді болатындығын, ал тыңдаған құлағы арқылы тек өзіне тәуелді болатындығын білмеп пе едің?!» деген екен.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өтсін!
759 views01:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 04:10:32 Иман....

Халифа Омар ибн Абдулазиздің ұлы Абдулмалик қайтыс болады. Көңіл айтып келген кісіге халифа: «Біз бұл істің болатындығын күтіп жүргенбіз. Басымызға келгенде қарсы шықпай қабыл еттік» деген екен.

Жақсылықтың да жамандықтың да бір Алладан екендігіне иман келтірген жан осындай болмақ.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
556 views01:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 04:46:10 Бір мәжілісте бір кісі сахаба Амр ибн Асқа (Алла оған разы болсын): «Уаллаһи! Бір ауыз сөз айтсаң, менен он сөз естисің» дейді. Амр: «Алайда сен он сөз айтсаң да менен бір ауыз сөз естімейсің» деген екен.

Сізге қарсы айтылған әрбір сөзге жауап берудің қажеті жоқ. Әрбір сөзге жауап бергенді ауылдағы шалдар бәдік әйелге теңейтін))).

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
600 views01:46
Ашу / Түсініктеме