Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-02-11 06:04:57 Ойласам, талай-талай қыр басыппын,
Досым деп, «доңызбен» де мұндасыппын....

Ақын Мұқағали Мақатаев (Алла оны рақымына бөлесін).
868 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 09:39:22 Бүгін қазақтың тағы бір талантты ақыны Есенқұл Жақыпбектің туған күні. Жақсы адам еді, жақсы ақын еді. Алла рақымына бөлесін!

ТОРЫҒУ

Жата-жата іш әбден пысығасын,
Бірдеңе айтып, үйіңнен сытыласың.
Барасың бір ортаға, барасың да,
Бірдеме айтып одан да құтыласың.

Беделі бар болсаң да пысық ақын,
Жас баланың, өзіңнен мысы басым.
Қылмысы көп қоғамда осы күнгі,
Қылмысың жоқ болғанға қысыласың.

"Сүйре" дейсің мені де, "ескер" дейсің,
Жұрт жеткенге мені де жеткер дейсің.
Өзгересің, өзің де безденесің,
Жек көретін нәрсені жек көрмейсің.

Жылайтұғын жерлерде жыламайсың,
Сынайтұғын жерлерде сынамайсың.
Жоғалады күлкіңнің күміс даусы,
Баяғыдай күлкіден құламайсың.
Сені бәрі клоун санаса да,
Оңашада қалғанда "ұлы Абайсың".

Зая кетіп өлеңің, тер мен еңбек,
Көріне алмай жүресің елге жөндеп.
Көрінейін десең бір, тұрып алар,
Көтені үлкен біреулер көлденеңдеп.

Өліп-өшіп еңбегің еленгенше,
Көтке бөстек жасайды, сенен көрпе.
Қай көтеннің дәуірі туды екен деп,
Көтен аңдып өтесің, өле-өлгенше.

Көтен арман, күнде бір көтен-үміт,
Адам бола алмайсың жеке жүріп.
Бір уыс боп қалыпты өз көтенім,
Көрінгенді жүргенде "көке" қылып.
Бұл заман да өзгерер бір жағына,
Сенің көтің біткенше көтеріліп.

Есенқұл Жақыпбек
349 views06:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 06:02:20 الجنون فنون.
Жындылықтықтың алуан түрі болады.
207 views03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 06:00:26 Екі шыбын...
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?»

* * *
Адамды кейбір түрлі алып еске,
Қарасақ, ғибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін
Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу көтереді мұрнын көке,
Өз әлін өзі білген адам көп пе?
Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
А. Байтұрсынұлы
222 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 05:52:47 Алланың рақымынан үмітіңізді үзбеңіз..."

"Есік міндетті түрде ашылады. Бастысы сен есікті қағуды біл! Қашан ашылатындығын білмеймін. Бірақ бастысы сен есіктің аузында бол!".

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
816 views02:52
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 03:51:35 Ғибрат ала білу...

"Жерге түскен жапырақтан да өнеге ал! Себебі түскен жапырақ та жерге жоғарыдан қарайтын".

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
591 views00:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 06:54:38 Біреулер сені түсінбесе...

"Адамдар сені қате түсінсе басыңды ауыртпа. Себебі естіп тұрғаны сенің сөздерің, ал ойында өз пікірлері"...

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
547 views03:54
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 05:10:06 Насихат...

"Бұл болмайды" деп айтқандарыңның барлығы болады. Сүрінбеймін дейсің сүрінесің. Қателеспеймін дейсің қателесесің. Өлдім дейсің, бірақ өмір сүресің...

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
179 views02:10
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 03:46:16 Туған жер...
Орал облысының (қазіргі БҚО) Жымпиты ауданы (Сырым ауданы) – Қадыр Мырзалиевтің туған жері. Бірде Жымпиты ауданында болып қайтқан жазушы Сансызбай Сарғасқаев Алматыға келген соң, Қадырға әзілдеп:
– Жымпитың ит байласа тұрғысыз жер екен, – депті.
Сонда Қадыр:
– Сәке, мықты болсаңыз сондай жерда туа білу керек! – деген екен.
6.0K views00:46
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 04:00:33 Өзгелердің жағдайымен санасып жүріңіз...

Тарихшы Шәбиб ибн Шәбба әйгілі Әли ибн Һишаммен жүріп келе жатады. Алайда Шәбибтің аты шабандау болғандықтан қатардан қалып қояды.
Әли Шәбибтің тұсына келіп: «Жылдамырақ жүрсеңші!» дейді.
Шәбиб: Астымдағы атымды қамшыласам, жүрісінің жөні осы. Ал қамшы салмасам, мүлдем жүрмей тоқтап қалады. Осындай атқа мінген мен қалайша жылдам жүрмекпін?! Ал сен қамшы салсаң желдей есетін, қамшы салмасаң да жортып жүретін арғымақтың үстінде келесің. Қалайша сенімен қатарласып жүрейін» деген екен.

Сөзге тоқтаған Әли атынан түсіп, Шәбибті атына отырғызған екен.

Жұмаңыз мүбарак болсын!
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
720 views01:00
Ашу / Түсініктеме