Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-04-19 22:25:55 Уа, Жаратқан Жаббар Ием! Бізді залымның қолынан сақта! Екі жүзді жанның тілінен сақта!
976 views19:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 09:22:57 "Ақымақтан асқан ақылман, көкмылжыңнан асқан көсем, дүмшеден асқан дінпаз, кесірден асқан кісі жоқ".

Серік Әбікенұлының жазбасы
1.3K views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 23:44:22 Қайғыдан құтылудың жолы...
Қайғыға, мұңға тап болып Алла Тағаланың мына бір аятына беттемеген, ұмтылмаған адамға таң қаламын. Алла Тағала Әнбия сүресінің 87 аятында: "Сосын (Жүніс пайғамбар) қараңғылықтардың (теңіз, түн және балық құрсағы қараңғылықтарының) ішінде: "Сенен өзге (құлшылыққа лайық) құдай жоқ. Сен (барша кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен залымдардан болдым!" деп жалбарынды" дейді. Келесі аятта Алла Тағаланың былай деп айтқандығын естідім.
"Сонда Біз оған (тілегіне) жауап бердік те, оны қайғыдан құтқардық. Мүміндерді де солай құтқарамыз". (Әнбия сүресі, 88 аят).

Шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).

Дұғаның арапшасы:
"لا إله إلا أنت سبحانك إني كنت من الظالمين"
1.6K viewsedited  20:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 08:47:42 Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Сауапты іс жасауға асығыңдар!" деген.

"Осы Рамазан айындағы мүмкіндіктерді пайдалану (қадірін білгенге) үлкен олжа. Рамазан айының әрбір сәтін құлшылықпен өткізу үлкен сауапты іс".

Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін).
2.3K views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 00:29:39 "Аққумен істес болсаң көңілің пәк болады. Қаршығамен істес болсаң тамағың тоқ болады. Қарғамен істес болсаң шоқығаның боқ болады. Осыған көзім жетті".

Мәтжан би (Алла оны рақымына бөлесін).

P/S Қазақта "жігітті жолдасынан таны" деген сөз бар. Сондықтан жаныңызда жүретін жолдасты дұрыс таңдаңыз.
2.7K views21:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 09:10:09 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Асығыстық - өкініш атаулының анасы".
9.8K views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 09:07:15 وَقُل لِّعِبَادِي يَقُولُوا الَّتِي هِيَ أَحْسَنُۚ إِنَّ الشَّيْطَانَ يَنزَغُ بَيْنَهُمْۚ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلْإِنسَانِ عَدُوًّا مُّبِينًا


(Уа, Мұхаммед!) "Құлдарыма (өзара тілдескенде де, қарсыластарымен жауаптасса да) «әрдайым сөздің ең жақсысын айтсын" деп айт! Өйткені шайтан қашанда олардың арасына жік салуға тырысады. Шүбәсіз, шайтан – адамға анық дұшпан".

Исра сүресі, 53 аят.
2.8K views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 12:57:14 *وإنك لعلى خلق عظيم*.

"(Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, Сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің".

Қалам сүресі, 4 аят.
2.6K views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 10:00:20 Бірде әйгілі ғұлама Сәһл әт-Тустариге (Алла оны рақымына бөлесін) : "Нәпсіге ең ауыр не?" деген сауал сұралған екен.
Ғұлама: "Ықылас. Себебі нәпсінің ықыластан алар нәсібі жоқ" деп жауап берген екен.
2.4K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 09:26:10 Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Ораза мен Құран қиямет күні пендеге шапағатшы болады" деп айтқан екен.
2.4K viewsedited  06:26
Ашу / Түсініктеме