Get Mystery Box with random crypto!

ЖАЗУШЫ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ (Алла оны рақымына бөлесін) КҮНДЕЛ | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

ЖАЗУШЫ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ (Алла оны рақымына бөлесін) КҮНДЕЛІГІНЕН:

Бәрі сатылып жатыр. Мені де біреулер сатып алған жоқ па екен?!


Баяғыда біздің ауылда бір әпенді шал бар еді. Өзі түшкіріп, өз-өзіне "Сәбидей мұңсыз бол!" деп қошемет айтып отыратын. Келемеждеп күлетін ек. Бекер екен...


Ақыл – азап. Иесіне күн бермейді. Қазіргі заманда ақылсыздық, топастық Алланың берген үлкен сыйы сияқты...


– Жақсы да бір төмпешік, жаман да бір төмпешік. Несін айтасың, – деп базарда алма сатып тұрған бір әйел сампылдап жатты. Ойланып тұрып қалдым. Кейбір ақылды ағаларымның аузынан осы сөзді ести алмай қойғанмын.


Жоғары жақ портфель бөлісіп, төменгі жақ нан бөлісіп жатыр. Қашанға дейін?..


Досым, жазушы Әлібек Асқаров бірде:
– Раха, енді қалай өмір сүруді ойлайық, – деді.
Мен:
– Екеуміз енді қалай абыройлы өлуді ойлайық, – дедім.
Ойланып қалды.