Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 43

2021-05-03 11:09:15 "Мен Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Жұмаққа өсекші кірмейді" деп айтқандығын естіген едім".
Сахаба Хұзайфа (Алла оған разы болсын).
1.9K views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 01:38:44 "Кез келген кісінің қабыл болар тәубесі болады. Бірақ мінезі жаман бұған кірмейді. Себебі ол қандай-да бір күнәсынан тәубе етсе, міндетті түрде көп ұзамай одан жаманын жасайды".
Әйгілі ғұлама, фақиһ Әбул-Хауари (Алла оны рақымына бөлесін)
2.1K views22:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 00:56:09 Қатардан қалма!...
Ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін) рамазан айының соңғы он күндігі былай деп толғайды.
"Құран Кәрімде мынадай аят бар.

"(Уа, Мұхаммед! Оларға менің мына сөзімді жеткіз): "Уа, күнәға батып өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм есепсіз берілген нығметтерді зая еткен құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол - Ғафур (күнәларды кешіруші), Рахим (һәм аса рақымды) (Зүмәр сүресі, 53 аят).
Уа, күнәға белшесінен батқан бейбақ! Негізінде бәріміз сондаймыз....
Істеген ісіңнің жамандығына бола Алланың рақымынан үмітіңді үзбе. Осы рамазан айының күндерінде қаншама сен секілді жандар тозақ отынан құтылуда. (Сен де қатардан қалма). Олай болса Раббың Алла жайында ойыңды түзе! Тәубе ет! Себебі Алла үмітті пенденің ешбірін құрдымға жібермейді".
Алла Тағала сіз бен бізді рақымына бөлесін! Ұстаған оразамызды, қылған құлшылығымызды, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.0K views21:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 02:28:30 "Адамның жақсысы достыққа асық, дұшпандықтан барынша қашық жүреді. Оның мысалы оңайлықпен сынбайтын, сынған күннің өзінде тез жөнделетін күміс ыдыс секілді. Ал адамның жаманы достықтан қашық, дұшпандыққа асық жүреді. Ал оның мысалы тез сынатын, һәм оңайлықпен жамала қоймайтын қыш ыдыс секілді".
Имам Шағби (Алла оны рақымына бөлесін).
1.9K views23:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 01:19:10 Иса пайғамбарда не жұмысың бар?
Қожанасыр бір ауылға оразада тарауих намазын өткізетін имам болып барады. Бір ай бойы ауылдағыларға Құран үйретеді, оларға имамдық қылады. Ауылдағыларға әртүрлі діни қызмет көрсетіп, уағыз жүргізеді. Ал имамның сәресі мен ауызашарын ауыл тұрғындары кезектесіп беретін. Алайда Қожанасыр өзінің ойлағанындай күтім көрмейді. Қайда болса да жейтіні құр нан. Бір күні Қожекең екінті намазынан кейін мешіт мінбесінде уағыз айтады. Иса пайғамбардың жеті қат көктің төртінші қабатында жүргенін әңгімелейді. Уағыздан соң, бір әйел Қожанасырға жақындап келіп, қоятын сұрағының бар екендігін жеткізеді. Қожекең:
– «Сұрай беріңіз?»
– «Қадірлі имам мырза! Расымен-ақ Иса пайғамбарымыз көктің төртінші қабатында не жеп, не ішеді екен?»
– Әй, қатын! Сен ауылыңдағы имамның бір айда не ішіп, не жегенін білмейсің?! Иса пайғамбардың не жеп, не ішкенінде не жұмысың бар? – деп ренішін білдіріпті.
1.9K views22:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 01:01:21 Соңғы айналым...
"Уа, Алланың құлдары! Рамазан айы аяқталуға жақын. Көбі кетіп азы қалды. Араларыңда кімде-кім осы айда тек сауапты іс істеп жүрсе, сонысын солай жалғастырсын. Ал кімде-кім осыған дейін салғырттық жасап келген болса, айдың соңын сауапты істермен тәмамдасын. Себебі сауапты істер соңына қарай бағаланады.
Уа, Алланың құлдары! Осы айдың қалған күндері мен түндерінен барынша олжалы болуға күш салыңдар! Жасаған Жаббар Иеміздің құзырында куә болу үшін айдың соңғы бөлігін сауапты істермен өткізіңдер".
Әйгілі ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін).
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.0K viewsedited  22:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 01:19:57 Мақұрым кім?....
"Рамазан айында күнәнің кешірілуіне себептер өте көп. Соған қарамастан осы айда күнәсі кешірілмей қалған жан, нағыз мақұрым жан". Әйгілі ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін).
Алла Тағала сіз бен бізге күнәміздің кешірілуін нәсіп етсін!
Жасаған Жаббар Ием ұстаған оразаңызды, қылған құлшылығыңызды, жасаған дұға-тілегіңізді қабыл етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.0K viewsedited  22:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 18:08:52 "Кез келген нәрсенің өлімі мен өмірі бар. Міне бекзаттықты тірілтетін бекзаттармен қарым-қатынаста болу. Сондай-ақ оңбағандықты тірілтетін де оңбағандармен қарым-қатынаста болу".
Ибраһим ибн Мәһди (Алла оны рақымына бөлесін).
3.8K views15:08
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 00:29:07 Бекзат жан қандай болмақ?..
Сахаба Зәйд ибн Сәбит (Алла оған разы болсын): "Мына үш қасиет тек бекзат жанның бойында болады. Олар: Ешкімге кінә тақпау, (біреу тарапынан жасалған) ағаттыққа төзімділік көрсету және ешбір жанды азарламау" деген екен.
Алла Тағала ұстаған оразаңызды, жасаған дұға-тілектеріңізді, қылған құлшылығыңызды қабыл етсін!
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.1K viewsedited  21:29
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 09:45:54 Әйгілі ғұлама Фудайыл ибн Ияз бір мәжілістегі уағызында: "Дін бауырыңды жетпіс қателікке дейін кешір" деп насихат айтады. Тыңдап отырғандардың бірі: "Уа, Фудайыл! Бұл қалай болады екен?" деп сұрап қалады. Ғұлама: "Өйткені Алла үшін дос болған бауырың жетпіс қателікке ұрынбайды. (Біраз шыда)" деп жауап қатқан екен.
2.3K viewsedited  06:45
Ашу / Түсініктеме