Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-03-02 04:48:36 Ешкімді төмен санамаңыз..

"Ешкім ешбір мұсылманды өзінен төмен санап қор көрмесін. Себебі мұсылмандардың кішік болып көрінгені Құдайдың құзырында ұлық болуы бек мүмкін".

Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын)

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
974 views01:48
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 03:38:09 "Ниетке найза бойламайды". (Бір сыйлы ақсақалдың аузынан)
297 views00:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 03:49:19 Еңбек ету...
"Ғажап күндер саған келмейді. Сенің сол ғажап күндерге қарай жүруің қажет".
Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін).
50 views00:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 03:27:53 Сараңдық тек дүние-мүлікте ғана болады ма?

"Жоқ! Сараңдық құлға нəсіп болған яғни сенде бар алайда өзге жанда болмаған кез келген қабілетте, қасиетте көрініс табады. Хақиқи сараңдықтың мағынасы мынадай: Алла Тағала саған нəсіп еткен, алайда басқа жанға нəсіп етпеген қандай да бір қабілетті оның игілігіне жұмсамауың. Мəселен бір ұстаның қолында ұсталық өнерді оқып жүрген он шəкірт болды делік. Міне осы ұста, шəкірттерінен ұсталық өнердің қыр-сырын жасырса сараңдық жасаған болады".

Шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).

Құдай Тағала сізге нəсіп еткен жағымды, адам игілігіне жарамды қабілетіңіз болса өзгелердің жақсы ғұмыр кешуіне жұмсаудан аянбаңыз!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
655 viewsedited  00:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 15:16:54 "Өлімді жиі еске алатын жанның көреалмаушылығы мен зұлымдығы азаяды".
Сахаба Әбу Дарда (Алла оған разы болсын).
324 views12:16
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 03:38:26 Хикмет...
Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар. "Мына бесеуі мына бесеуімен арта түседі.
1. Құрғақшылық жүрген жерде өрт артады.
2. Жаман ой жүрген жерде күмән артады.
3. Жақсылық жасалмаған жерде жапа артады.
4. Кешірім жүрмеген жерде дұшпандық артады.
5. Сұралмаған жерде қатынасты үзу артады".

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
32 views00:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 04:42:15 Харам ырыздық қалай бұйырады?

"Ырыздық атаулыны, тіпті арам ырыздықты да Алла Тағала нəсіп етеді. Себебі Алладан өзге ырыздық беруші жоқ. Негізі ырыздықты адамдардың асығыстығы арам етеді. Егер олар сабырлық көрсетсе, сол ырыздық адал болып бұйырар еді"....

Шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).
258 views01:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 05:40:40 Арабтың ең ұстамдысы деп танылған табиғин Ахнаф ибн Қайыс (Алла оған разы болсын) былай дейді.
"Бір күні момындардың халифасы Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) маған қарап: "Уа, Ахнаф! Көп күлген адамның айбаты таяды. (Көп) әзілдескен адамның бағасы түседі. Кім немен айналысса сол іспен танылады. Сөзі көбейген кісінің ағаттығы да көбейеді. Ағаттығы көбейгеннің ұяты азаяды. Ал ұяты азайғанның тақуалығы азаяды. Ал тақуалығы азайғанның жүрегі өледі" деп айтқан еді дейді.
401 views02:40
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 08:23:33 БӘДӘУИЛЕРДІҢ (түздің арабы) ҚЫЗЫҚТАРЫ

Қазы өзінің алдына әкелінген бәдәуиге сұрақ қояды:

- Саған қандай айып тағылып отыр?

- Қазы ием, найзаның ұзындығындай арқан жіп ұрладым.

- Сонда сені менің алдыма қысқа ғана арқанға бола соттасуға алып келген бе?

- Иә, мырзам. Тағы ол арқанның арғы ұшында сиыр байланған еді, - депті әлгі бәдәуи.

Арабшадан аударған: Қанат Жұмағұл.
558 views05:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 05:26:10 МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВКЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ:

Сыраға!

Сізге несін айтам, бар жағдай өзіңізге белгілі. Қиыншылық дегеннің, бала-шаға дегеннің не екенін сіз білесіз. Менің қазір көрген күнім – панасыздың ісі... Үзілер шегіме жеттім. Сыраға, қанатыңыздың астына алыңыз. Істеген жақсылығыңыз, өмір болса, менен я біздің үйдегі кішкентайларыңыздан қайтар. Сізді ұятқа қалдырмаспыз, алды-артымды біліп қалған жанмын ғой. Секретарыңызға, сіздің атыңызға хат қалдырғам. Сабырхан кетіпті сіздерден…

Зор құрметпен Мұқағали.
15 август 1965 жыл.
766 views02:26
Ашу / Түсініктеме