Get Mystery Box with random crypto!

Ұят... Әйгілі Мәтжан би (1841-1929) бір тойда әлі арнайы ізде | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Ұят...
Әйгілі Мәтжан би (1841-1929) бір тойда әлі арнайы іздеп барып көрісіп үлгермеген нағашысымен кездесіп қалады. Әңгіме-дүкен құра отырып нағашысы: «Мәтжан, шырағым, көпті көрдің, ел араладың, жер таныдың. Осы біздің Отпан таудан да биік жер бар ма екен?» – деп сұрапты.
Сонда Мәтжан би: «Бар ғой, нағашы. Кіргелі тұрған үйіңнің алдында ұятты сезінсең, сол үйдің табалдырығы бәрінен де биік көрінер», – деп жауап қатыпты.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!