Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-01-12 04:06:52 Біреу сахаба Амр ибн Асқа (Алла оған разы болсын) келіп:
«Бұдан былай ісім сенімен болсын» дейді.
Амр: «Міне енді бір мардымды іспен айналасатын болдың» деген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
177 views01:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 05:44:01 Бір ғұлама біреудің: «Дүниеге қызықпайтындар қайда? Ақіретке қызығатындар қайда?» деп жар салып келе жатқандығын естиді. Дереу әлгінің тұсына келіп: «Екеуінің (яғни, дүние мен ақіреттің) орнын ауыстырып, кез келген адамды мынау деп нұсқай берсең болады» деген екен.
P/S Мына сөз айтылғалы бері еш нәрсе өзгермеген секілді. Қайта көбейіп кеткен секілді..
Күндеріңіз сәтті өтсін!
1.0K views02:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 05:19:04 Бала тілі...
Ибн Дарраж әт-Туфайли былай деп әңгімелейді.

«Бір күні балам екеуміз отырған едік. Тұсымыздан мұсылмандар бір мәйітті көтеріп алып өтті. Жаназаның соңынан келе жатқан бір әйел: «Сені үй жиһазы жоқ, көрпесі жоқ, меймандығы жоқ, жамылғышы жоқ, наны жоқ тіпті суы да жоқ үйге алып барады» деп жылап-еңіреп келе жатты.
Балам маған қарап: «Уа, әкешім! Уаллаһи, мына мәйітті мыналар біздің үйге апара жатыр» деді.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
136 views02:19
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 01:21:39 "Кез-келген мемлекттің түбіне жететін нәрсе қаржы дағдарысы емес, рухани құндылықтарының дағдарысы".

Нәжіп Фазыл Кысакүрек (Алла рақымына бөлесін).
69 viewsedited  22:21
Ашу / Түсініктеме
2022-01-03 04:44:44 "Әрбір күн өткенде жұрт "пәленше" дүниеден өтіпті, "түгенше" қайтыс болыпты деп жатады. Демек "Омар" да дүниеден өтіпті деген міндетті түрде күн болады".
Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын).
591 views01:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 05:19:24 Ғұлама Юнус ибн Убайыд: "Пенденің бойындағы мына екеуі түзелсе, қалғаны да түзеледі. Олар: Намазы мен тілі" деген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
441 views02:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 04:22:28 Ғибрат
Хусейни ибн Амр әл-Анқари: былай деп әңгімелейді.
«Мен мынадай бір уақиғаға куә болдым. Біреу Әбу Нуғайым Фадл ибн Даккиннің (130-219) үйіне келіп есігін қақты.
Ол: «Бұл кім?» деп сұрады.
Есікті қаққан кісі: «Мен ғой» деп жауап қатты.
Әбу Нұғайым: «Менің кім?» деді.
Ол: «Адам нәсілінен тараған адаммын (кісімін)» деп жауап берді. Әбу Нұғайым есіскті ашты.
Әлгі кісіні құшақтап бетінен сүйіп: «Мархабат! Қош келдің! Мен Адам нәсілінен кісі қалмады деп жүрсем, әлі бар екен ғой» деді.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
666 views01:22
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 06:45:47 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Таңды мына екі кілтпен баста. Олар:
1. Жақсы ниет
2. Жақсы сөз
Жақсы ниет "ырыздықтың" есігін ашады. Жақсы сөз жүректердің есігін ашады".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
569 views03:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 04:07:12 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
1. Кісілігі жоқтың діні болмайды.
2. Күншілде тыныштық болмайды.
3. Өтірікшінің қадірі болмайды.
4. Пасыққа сый болмайды.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
535 views01:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-26 05:36:19 Күнді күліп бастайы ..

Бір күні имам Шағбидің мәжілісінің тұсынан бір құмыра сірке суын көтерген кісі өтеді. Шағбиға көзі түседі. Құмыраны иығынан түсіріп мәжіліске жақындайды. Оған қарап: «Ібілістің әйелінің аты кім еді?» деп сұрайды.
Шағби еш ойланбастан: «Біз ол тойда болмадық» деп жауап берген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
233 views02:36
Ашу / Түсініктеме