Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-04-10 23:38:11 Сәлем беріп, киіз үйге кіріп келе жатқан Бегеш шешенге (1834-1911) Абай: «Аяғың сиырдың жапасы ғой, сүртіп кірмейсің бе»,- деп, аттан түскенде асығыс, абайламай аяғын былғап алғандығын бетіне басып, Бегешті сөзден сүріндірмекші болады. Сонда Бегеш шешен босағадағы киізге аяғын сүртіп-сүртіп жіберіп, тосылмастан: «Абайжан, дүние деген боқ емес пе?! Боқты боқпен сүртіп жатырмын» депті де, «Боқты боқпен таптау керек», - деп аяғын шешпестен, қалы кілем төселген төрге озыпты. Абай Бегештің бұл жауабына сүйсініп, бағасын беріп, қонақ қылып, шапан жауып шығарып салыпты.
Қайырлы күн! Күндеріңіз сәтті өттін!
2.6K views20:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 18:27:55 "Алладан қорқып жылаған кісі ешқашан тозаққа кірмейді".
Сахаба Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын).
2.4K views15:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 12:51:38 Хәкімдерден қалған мынадай сөз бар екен.
"Жүректің дауасы бесеу. Олар:
1. Құран Кәрім аяттарын ой жүгіртіп оқу. (Тәдаббур).
2. Ораза ұстап аш құрсақ жүру.
3. Тәһажжуд (түнгі) намазын оқу.
4. Сәресіде жалбарынып дұға жасау.
5. Жақсылармен мәжілістес болу".
3.6K views09:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 03:43:23 Жарық дүниеге жалаңаш келген болатын ...

Ауылдың төрт түлігі түгел өскен дәулетті адамы дүние салады.
- Бұл кісі жалғанды жалпағынан басып-ақ еді, міне, енді дүниеден бір кебінмен кетіп барады, - дейді көп ішінен біреу.
Оның сөзін естіп қалған Бөлтірік шешен: «Аз дүниемен кетіп бара жатқан жоқ. Бұл кісі жарық дүниеге жалаңаш келген болатын» деген екен.
3.3K views00:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 03:29:42 Ұры-қары деген екі ат қалыпты
- Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлаймын-ау, бірақ иелері із қуалап келіп, бәрін айдап әкетеді. "Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан" мен ұрламасам да, мал жоғалтқандар маған келе береді. Менде еш нәрсе қалмады ғой, – деп мұң-сырын ашыпты бір ұры Бөлтірікке. Бөлтірік шешен: - Сенде әлі де талай-талай нәрсе қалған екен... – дейді. Аң-таң болған ұры: - Ол не нәрсе, менде ешкімнің малы қалған жоқ еді ғой, - дейді. Сонда Бөлтірік шешен: - Сенде "ұры-қары" деген екі атақ қалыпты, - деген екен.
Алла Тағала сіз бен бізді жаман атты болудан сақтасын! Күндеріңіз сәтті өтсін!
3.0K views00:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 07:37:20 Атыңды өзгерт немесе...
Мүйізді Ескендір аты-жөні жағымды, алайда мінез-құлқы жағымсыз біреуді көріп: «Сен атыңды өзгерт! Болмаса мінез-құлқыңды өзгерт!» деген екен.
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
2.9K views04:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 06:42:38 "Жақсы қанша көп болса да көптік етпейді, жаман біреу болса да аздық етпейді".
Бөлтірік шешен (Алла оны рақымына бөлесін).

Көрер жақсылықтарыңыз көп болсын!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
3.0K views03:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 05:44:58 "Рамазан айында ұсталған бір күн ораза (өзге айларда) ұсталған мың күн оразадан артық. Һәм осы айда айтылған бір тәсбих (Субханалла) деп басқа айларда айтылған мың тәсбихтан артық. Һәм бұл айда оқылған бір рәкағат намаз өзге айларда оқылған мың рәкағаттан артық".
Ғұлама Ибраһим ән-Нахағи (Алла оны рақымына бөлесін) .
3.6K views02:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 06:46:27 Өз мініңізді түзеңіз...
Алуан түрлі ғылымды меңгерген ғұлама Рабиғ ибн һайсамға (480/1040) біреу келіп: "Сенің біреуді айыптағаныңды еш көрмедік" дейді.
Рабиғ: "Мен өзіме разы емес жанмын. Қалайша өзгенің айыбын іздеуге көңіл бөлейін" деген екен.

Жұмаңыз мүбарак болсын!
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
3.2K views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 02:21:51 Жаннат кең бе, тозақ кең бе?

Хан бір күні Қожанасырдан:
– Айтыңызшы, жаннат кең бе, тозақ кең бе? - деп сұрайды.
– Жаннат кең, - деп жауап берді Қожа.
– Оны қайдан білдіңіз?
– Білгенім, жер жүзінде байдан кедей көп.

Күндеріңіз сəтті өтсін!
3.3K views23:21
Ашу / Түсініктеме