Get Mystery Box with random crypto!

Есек пен Зебра. Екеуі 99% ұқсас хайуандар. Бірақ Құдай зебраны | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Есек пен Зебра. Екеуі 99% ұқсас хайуандар. Бірақ Құдай зебраны бостандыққа жіберген, ал Есекті адамға беріп, ауыр жұмысқа жегіп қойды. Жабайы есектер табиғатта жоқ деуге болады.

Парадокс: Зебра бостандықта жүрсе де, өмір сүру уақыты аз жануар. Бостандықта жүріп, гиенаға жем болады немесе леопардтың қолына түседі. Одан қалса арыстан бар.

Ал Есек - туғанынан құлдықта. Бірақ өмір жасы ұзақ. Жемі жемдеулі, қорасы да жылы, қауіпсіздігіне кепіл бар. Қожайыны Есекті күтіп ұстайды, себебі жұмысының негізі есекке байланысты.

Бұл екі философия, адамдарға да келеді. Біздің қоғамда біреу Зебра, біреу Есек екені белгілі. Бірақ ең қызығы, адамдардың арасында Есек бола тұра Зебра болғысы келетіндер бар, ал Зебра бола тұра, Есекке қызығатындар бар.

#Nordman