Get Mystery Box with random crypto!

Транскаспий көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өтті ҚР Премь | Азаттық таңы

Транскаспий көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өтті

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ "тар" жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына ресми сапарында Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арасын жалғастыратын көлік-транзит және логистикалық мүмкіндіктерді, соның ішінде Транскаспий бағдарын әртараптандыруды және кеңейтуді ұсынды.

@azattyqtany