Get Mystery Box with random crypto!

Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түсті Биылғы жартыжылды | Азаттық таңы

Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түсті

Биылғы жартыжылдықта мемлекет бюджетіне 7,15 трлн. теңге салық түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, жоспар 106,4%-ға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,3 трлн. теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды қызметтер саны 1,9%-ке өскен. Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласқан азаматтардың 97%-і операторлардың жұмысына оң баға берген.

@azattyqtany