Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау: әскерде қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу аяқталд | Азаттық таңы

Маңғыстау: әскерде қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу аяқталды

Әскерде қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы әскери прокуратура мәлімдеді.

"Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазіргі жағдайда тараптар іс құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде онымен бірге әскерде жүрген сарбаз өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр және де іс материалдарымен танысып жатыр", — дейді Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.

Маңғыстаулық жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуір күні Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмды. Президент оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

@azattyqtany