Get Mystery Box with random crypto!

Банктерге Ресей рублін Қазақстаннан алып шығуға болады Қазақс | Азаттық таңы

Банктерге Ресей рублін Қазақстаннан алып шығуға болады

Қазақстан үкіметі 2022 жылғы 18 шілдеде "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады.

"Екінші деңгейлі банктерге 2022 жылғы 1 шілдеде сағат 23:59-ға дейін деректер кассаларында жинақталған көлем шегінде 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолма-қол ресей рублін Қазақстан Республикасынан шығаруға рұқсат етілсін", – делінген құжатта.

Ұлттық банк бұл шара қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлық сұраныс қысымын төмендетуге және елден шетел валютасын экспорттау тәуекелдерін теңестіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

@azattyqtany