Get Mystery Box with random crypto!

7 жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты ҚР Қылмыстық код | Азаттық таңы

7 жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды.

"Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен үкiм жаза тағайындау бөлігінде өзгертілді, бас бостандығынан айыру мерзімі 6 жылға дейін қысқартылды", — делінген сот хабарламасында.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен – айыппұлмен немесе бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтініш білдірді. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.

@azattyqtany