Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда жеті облыста прокурорлар тағайындалды Президентті | Азаттық таңы

Қазақстанда жеті облыста прокурорлар тағайындалды

Президенттің жарлығымен, Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

— Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев;
— Абай облысының — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев;
— Жетісу облысының — аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев;
— Батыс Қазақстан облысының — Серік Рысқалиұлы Шалабаев;
— Ақтөбе облысының — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов;
— Маңғыстау облысының — аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков;
— Атырау облысының — Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов болып тағайындалды.

@azattyqtany