Get Mystery Box with random crypto!

Елордада заңсыз жолаушы тасымалдаған 26 жүргізуші ұсталды Нұр | Азаттық таңы

Елордада заңсыз жолаушы тасымалдаған 26 жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында құжатсыз адам тасымалдаған 26 такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Олардың ішінде 3 шетелдік азамат бар. Олардың атына әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер тұраққа қойылған.

Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.

@azattyqtany