Get Mystery Box with random crypto!

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқарады Ауылдық квотам | Азаттық таңы

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқарады

Ауылдық квотамен білім алған студенттердің грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жылға дейін қысқаруы мүмкін.

Қазіргі заңнамаға сәйкес жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі керек. Енгізілетін өзгерістер ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтарға грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтеуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады. Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары.

Қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында талқыланып жатыр.

@azattyqtany