Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Ахметовке қатысты үкім заңды күшіне енді Пара алды д | Азаттық таңы

Бауыржан Ахметовке қатысты үкім заңды күшіне енді

Пара алды деп айыпталған Екібастұз әкімінің орынбасарына қатысты үкім заңды күшіне енді.

Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Асланбек Садықов пен бас маман Қазбек Түсіпбековке мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны, сондай-ақ қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген айып тағылды.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметов сегіз жылға, ал Түсіпбеков пен Садықов жеті және алты жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім барлық үш адамға қатысты заңды күшіне енді.

@azattyqtany