Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанның сайлау туралы заңына өзгеріс енгізіледі Әділет м | Азаттық таңы

Қазақстанның сайлау туралы заңына өзгеріс енгізіледі

Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға өзгеріс енгізбек. Енді халықаралық ұйымдар қаржыландыратын қоғамдық бірлестіктер Қазақстанда өтетін сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатыса алмайды.

"Сайлау процесіне тек кәсіби байқаушылар ғана қатысуы керек. Олар тиісті заңнаманы жетік меңгеруі тиіс. Өйткені олар бүкіл науқанның ережеге сай өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Шетелдіктер тарапынан бұл процесті қаржыландыруға немесе оған кедергі жасауға заңмен тыйым салынған. Саяси партиялардың құрамында да шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар кіргізілмейді", — деді ведомство өкілдері.

Қазір бұл заң жобасы ашық нормативті-құқықтық актілер порталында талқыланып жатыр.

@azattyqtany