Get Mystery Box with random crypto!

МӘМС қызметіне 12 айға алдын ала төлем жасау міндеттелмек Қаз | Азаттық таңы

МӘМС қызметіне 12 айға алдын ала төлем жасау міндеттелмек

Қазақстан азаматтары енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін алу үшін 12 айға алдын ала төлем жасауы керек.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ департамент директорының орынбасары Жанар Ботагаринаның айтуынша, МӘМС жүйесіне қатысушының алдыңғы мәртебесі тұрғысынан сақтандырылмағандардың 69%-ы мүлде жарна төлемегені анықталды.

Жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді.

@azattyqtany