Get Mystery Box with random crypto!

Бозбаланы қағып өлтірген полиция қызметкері жеңіл жазамен құты | Азаттық таңы

Бозбаланы қағып өлтірген полиция қызметкері жеңіл жазамен құтылды

Алматы облысында жол апатында ұлдарынан айырылған ағайын-туыс сот үкімімен келіспей шу шығарды. Сот 18 жастағы бозбаланы қағып өлтіріп, қашып кеткен экс-полицейдің 2 жарым жылға бостандығынан айырды.

Марқұмның жақын-туыстары бұл жазаны тым жеңіл деп санайды. Үкіммен келіспеген ағайын-туыс енді апелляциялық шағым жазып, істі қайта қаратуға мүдделі.

18 жастағы Дінмұхаммед Жеңісов үйіне қайтып бара жатқан жолда экс-полицей Самат Айсараақын оның дәл артынан қағып кетеді. Димаш бірнеше метрге ұшып кетіп, арықтың ішіне құлап түседі. Айыпталушы көмек қолын созудың орнына бірден ізін суытқан, қансырап жатқан Димаш болса, жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған.

Димаштың туыстарының сөзіне сенсек, оқиға болардан санаулы минут бұрын Самат Айсараақын кәуапханадан сыра ішті. Тәлтіреңдеп жүргені сол дәмхананың бақылау камерасына да жазылып қалған.

@azattyqtany