Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев Әзербайжан президентін 'Алтын Қыран' орденімен марапатт | Азаттық таңы

Тоқаев Әзербайжан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мемлекетінің басшысын "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды", — делінген хабарламада.

Фото: akorda.kz

@azattyqtany