Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барады 24 тамыз | Азаттық таңы

Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барады

24 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар кездесу барысында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.

Фото: Reuters

@azattyqtany