Get Mystery Box with random crypto!

Сенат депутаттығына жаңа облыстардан сайлау өтеді 24 тамызда | Азаттық таңы

Сенат депутаттығына жаңа облыстардан сайлау өтеді

24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді.

Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген. Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады.

@azattyqtany