Get Mystery Box with random crypto!

'Өзін-өзі тану' пәнін міндетті пәндер тізімінен алынатыны заңм | Азаттық таңы

"Өзін-өзі тану" пәнін міндетті пәндер тізімінен алынатыны заңмен бекітіледі

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Демек пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін.

2022 жылдың ақпан айында министрлік "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген.

Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.

Еске салсақ, "Өзін-өзі тану" мектептердегі міндетті пән тізімінен шығарылған еді. Ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түскенін министрлік хабарлаған болатын.

@azattyqtany