Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда қайтыс болған сарбаз туралы тың мәлімет айтылды ҚР Ұ | Азаттық таңы

Алматыда қайтыс болған сарбаз туралы тың мәлімет айтылды

ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев 21 жастағы қатардағы жауынгер Абылай Сабыров Макаров тапаншасынан өзіне оқ атқанын мәлімдеді.

"Мен толық жауапкершілікпен айтамын, оған ешқандай моральдық әрі физикалық қысым көрсетілген жоқ. Тіпті, онымен бірге қарауылға туған жездесі түсті", — деді Ұлттық ұлан полковнигі.

Қайғылы оқиға қатардағы жауынгер Абылай Сабыров стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған кезде болған.

Бұл Ұлттық ұлан қатарындағы бір айдағы екінші өлім. Осыдан екі апта бұрын Алматы облысындағы полигонда әскерге шақырылған сарбаз Алмас Шахимов қайтыс болған еді.

@azattyqtany