Get Mystery Box with random crypto!

Шенеуніктер қалай байып шыға келеді? Есеп комитетін басқарған | Азаттық таңы

Шенеуніктер қалай байып шыға келеді?

Есеп комитетін басқарған мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Омархан Өксікбаев мемлекеттік қызметтегі азаматтар қалай тез байып кетеді дегенге тоқталды. Тіпті кәсіпті туыстардың атына тіркеу мәселесі жайлы да бірқатар құпияны ашты.

Омархан Өксікбаев мемлекеттік қызметтегі адамдардың байып кету мәселесіне "Сұрауы бар" бағдарламасында жауап берді. Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі көптеген шенеунік сол қызметі арқылы қалталарын қампайтқан.

Сонымен қатар, Өксікбаев мемлекеттік қызметкер міндетті түрде кәсібін туыстарының атына жазатынына тоқталды. Бірақ декларация кезінде сол бизнес туыстарында бұрын болды ма, жоқ қызметке отырған кезінде пайда болды ма, соны тексерсе, бірден белгілі болады дейді. Бұл мәселеде биліктің ерте бастан тізгінді жіберіп қойғанын сынға алды.

Фото: Видеодан кадр

@azattyqtany