Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 40

2021-06-12 17:56:05 Варикоз мазаласа

Көктамыр аурулары ішінде ең көп таралған түрі- көктамырлардың керіліп кеңеюі(варикозное расширение вен).
.
Бұл сырқат кезінде көктамырлардың көлемі ұлғайып, түрі өзгеріп, созылғыштығы азаяды. Көбіне, аяқтың төменгі жағы зақымданады; мұнда ісінген көктамырлар теріден буылтықтанып көрініп тұрады, демек олар көктамыр түйіндері деп аталады.Бұл көбіне оларда қан тамырларының(тромбофлебит) ұюы ауруына алып келеді. Қан ұюының əсерінен қанайналымы бұзылады,ұзақ уақыт жүру аяқ көктамырларының керіліп кеңеюінің дамуына себепкер.
.
Ауру біртіндеп дамиды, көбінесе теріасты тамырлары зақымданады. Аурудың даму барысында терінің зақымданған жерлерінде қара-қызыл жəне қоңыр дақтар пайда болады. Терінің қоректенуінің бұзылуы уақыт өте келе трофикалық жараларды туындатуы мүмкін. Көктамырлардың керіліп кеңеюі көбіне кешке қарай аяқтың ісінуіне əкеп соғады. Жүргенде аяқтың шаршағаны байқалады. .
Ауруды асқындырып алмас үшін тұрақты түрде профилактикалық шараларды жүзеге асыру қажет. Алдымен, қалыпты қанайналымына кедергі болатын себепті жою керек. Егер жұмыста көп отыруға тура келсе, ауру аяқты көлденең қойып отыруға дағдыланыңыз. Сосын 1,5 сағ сайын шамалы жүріп келу, болмаса аяқтың ұшынан 10-15 рет көтерілу, жұмыстан соң серуендеу керек.
Созылғыш бинтпен таңу да жақсы емдік əсер береді. Бинтті таңертең төсектен тұрмастан бұрын, жатқан қалпыңызда аяқты сəл көтеріп тұрып таңған дұрыс.Бинтті аяқтың бармақтарынан бастап тізеге дейін таңыңыз.Мына кеңестерге құлақ түріңіз
.
Хмель бүршігі. Бір ас қасық бүршікті ұнтақтап,үстіне 1 стакан қайнаған су құйып, 15 мин су буына қыздырасыз. Қайнатпаны күніне 3 стаканнан астан бұрын ішесіз. Қайнатпа сіңірілген дəкемен көктамырдың кеңейген жерін таңып тастайсыз.
Бал мен сарымсақ. 250 г үгітілген сарымсаққа 350 г сұйық бал қосып, араластырып 1 апта тұндырасыз. Кейін күніне 1 ас қасықтан 3 рет астан бұрын қабылдайсыз. Курс1-2 ай.
Картоп. Болгарияда шикі картоппен емдейді. Аяқтың зақымдалған жеріне шикі картопты 1 см қалыңдықта салып 6-8 қабат дəкемен таңып тастап 4-5 сағ ұстаңыз.
Ванга əжей кеңесі: Көк грек жаңғағына зəйтүн(оливка) майын құйып, ыдысты 40 тəулік күнге қойыңыз. Кейін ауырған жерге дəрі таусылғанша жағыңыз.

Аналарға кеңестер
458 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 17:51:02 Жүктілік кезіндегі растяжка


Растяжка барлығының болмасада,кейбір әйелдердің жүктілік кезінде және кейін басты мәселенің біріне айналған.
Өзімде осы мәселе бар өкінішке орай,бірінші сәбиімде п.б .
Оған дейін растяжка жайында мүлдем білмеппін,не дәрігерім де ақпарат бермеген. Қысқасы осы растяжка менің минустарымның бірі .
Парақшамды босанбаған қыздар оқитын болса мүмкін қажет болып қалар деген мақсатпен жазып отырмын.

Растяжкаға қарсы массаж терапия.
растяжканың алдын алуды жүктілікке дейін бастауыңыз керек.
терінің әрдайым эластичный болуын қамтамасыз етіңіз. Дайындықты жүктілікке дейін жарты жыл қалғанда бастасаңыз тіпті жақсы.

Жүктілікке дейінгі растяжканың профилактикасы.
Артық салмақ болса өз нормаңызға дейін түсіру. Жүктілікке дейін салмақпен күресу.
жүктілік кезінде әйелдің ағзасынан нәрестеге қажетті көптеген заттар бөлініп,кейбір жағдайларда қажетті элементтер әйелдің өз ағзасына жетпей қалады. Соның қатарында тері өзіне қажеттісін алмағандықтар жұқарып,соңында жыртылады.
Сол себепті ағзаны алдын ала жүктілікке дайындап,витамин және минералдардың орнын толтыру қажет.
дұрыс тамақтаныңыз,ешқандай диеталарға отырып эксперимент жасамаңыз. спортқа жақын болыңыз аптасына кем дегенде 2-3 рет шұғылданыңыз.
терінің эластикасына жауапты элементтермен ағзаны қамтамасыз ету.
Күнделікті контрасты душ қабылдау,ол қанайналымды жақсартып коллагенді талшықтардың эластикасын артырады.
Косметолог мамандар жүктіліктің алдында обертывание * жасауға кеңес береді,арнайы косметикалық құрамды маскалар теріні барлық микроэлементтермен қамтамасыз етеді екен .
жүктілік кезіндеде осы оңай қағидаларды ұстанып,артық салмаққа орын бермесеңіздер растяжканың п.б қаупі төмендейді.
Тамақтану рационыңызда белок көп болу керек,ол қажетті мөлшерде эластин мен коллагеннің түзілуіне үлесін қосады.

Аналарға кеңестер
817 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 17:52:54 Корицаның пайдасы

*
Корицаны xалық медицинасында,косметологияда,кулинария және бөлмедегі ауаны xоштандыруға қолданған. Қазіргі таңда арықтау үшін де пайдаланады,корица майды ыдырату қасиетіне ие .
Корицаны таңғы астағы ботқаға,айран,сүт ,кофе,ірімшікке т.б қосып қолдануға болады.
выпечкаға* қосылған корицаның арықтауға еш пайдас болмайды.
КОРИЦАНЫҢ АРЫҚТАУҒА ПАЙДАСЫ
қандағы глюкозаны төмендетеді,қант диеабетімен ауыратындар үшін маңызды. Қан құрамындағы жоғары мөлшердегі қант артық майдың п.б жүзеге асырады. Күнделікті шай қасықтың төрттен бір бөлігін қолдансаңыз қанттың метаболизімін күшейтіп,артық мәселелердің алдын алады.
жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, сергек боласыз,тонус жоғарылайды.
ағзадағы шлак пен токсиндерді шығарады.
ашығу сезімін басады,тәбетті төмендетеді.
қан айналымды жақсартады,есесіне веноздық жеткіліксіздіктің алдын алады.
сүтке қосып ішсе тұмаудың аллын алады.
корица және балды бірге қолдансаңыз xолестеринді төмендетеді,инфарктің алдын алады,жүрек бұлшықеттірін қатайтады.
ағзаның қартаюының алдын алады,асқазан ішек жолдарын жақсы тазалайды,патогенді флораның алдын алып,қалыпты флораның болуын қамтамасыз етеді,жұмысын жақсартады.
*
КОРИЦАНЫ ҚОЛДАНУ
Порошок немесе таяқша түрінде қолдануға болады.Порошокты жарты жыл сақтау керек,палочканы бір жылға жуық,шыны ыдыста сақтаңыз.
әр ас ішкенде (за один прием пищи)жарты шай қасыққа дейін қолдануға болады. Жиі қолданған жағдайда ағзаға оң әсерін тигізеді.
дәмі жағымды болғандықтан қанттың орнына қолдануға болады.
күнделікті балмен корицадан сусын жасап ішіңіз.
БАЛ+КОРИЦА сусыны
нағыз антисептик бактерия және паразиттерге әсер етеді,ішектің жұмысын жақсартады.
Сол себепті бұл сусын ең алдымен іштегі майды ыдыратады,содан кейін басқа аймақтағы майға әсер етеді.
200мл ыстық суға жарты шай қасық корицаны қосып,тұндырып 1-2 сағ қою,суыған кезде 1 ш.қ балды қосып араластырып,1 сағ қалдырыңыз. Дайын болған сусынды тоңазытқышта ұстаңыз.
Таңғы ас алдында жарты стаканды ішіңіз,қалған жартысын кешке ұйқы алдында.

Аналарға кеңестер
1.7K views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 17:30:57 Күріштің пайдасымен зияны жайында білесіз бе?
Күріш диетасына отыру ағзаңызға зиян тигізе ме?
.
КҮРІШ
Күріш дәні 80% күрделі көмірсудан тұрады,8% ақуызды байланыстан яғни адам ағзасына пайдалы аминоқышқылдардар тұрады.
құрамында глютеннің болмауы(ол аллергиялық реакция шақырады)
3% жасұнықтан тұрады(клетчатка),соо себепті көкөністен дайндалған асқа жақсы гарнир болады.
В дәруменінің көзу-В 1,В2,В3,В6. Жүке жүйесіне пайдалы таптырмайтын дәрумендер. Күріштің құрамындағы лицетин жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.
сонымен қатар құрамында:калий,кальций,йод,темір,цинк,фосфор.
Калий-жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады,жректің жұмыс жасауына және бұлшықеттердің қатайтуына үлесі бар.
күріш ағзаға түскен артық тұзбен байлнысқа түсіп,артығын шығарады,сонда артық салмақтан арыламыз,яғни ағзада ұсталып тұрған сулар шығады.
бүйрек және несеп шығару жүйесінің жұмысын жақсартады.
асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында пайдасы зор,сонымее қатар гастрит және асқазанның ойық жараларында пайдалы.
КҮРІШ ДИЕТАСЫ ПАЙДАЛЫ МА?
күрішті күнделікті рационда қолдануға қарсымын,яғни ел аузындағы "күріш диетасына" менің көзқарасым қарама қайшы. Себебі күрішті өте жиі қолдану ішек перистальтикасының тежелуіне алып келеді,нәтижесінде іштің қатуы(запор) орын алады,денсаулығыңызға зиян тигізесіз,ішектеріңізге зақым келеді. Сол себепті диарея (іш өту )кезінде күріштің суын қайнатып ішеді.

қандай күрішті таңдаған жөн?
нешлифованный (дәннің сыртқы қабаты сақталып пайдалы клетчатка және витаминдердің сақталып қалуы)
шлифованный ақ күріш пайдасы өте аз
орташа пайдалы-бумен өңделген,түсі әлсіз қоңырқай түсті күріш.
қара және жабайы (дикий)-күріш өте пайдалы.
күріштің 20 түрі бар,дәндердің өлшем категориясына байланысты :ұзын дәнді, орташа дәнді және домалақ дәнді.
.
Сапалы ас таңдау өз қолыңызда!

Аналарға кеңестер
1.3K views14:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 15:01:32
ӨЗІҢНІҢ ПАРФЮМЕРЛІК БИЗНЕСІҢДІ БАСТА, ДӘЛ ҚАЗІР ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛ
1.4K views12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 15:27:47 Қант – мәңгілікке бас тартатын өнімдердің бірі. .
.
Себебі оның адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп. .

Мнн бүгін сіздердің назарларыңызға зиянды тұстарын тізіп шығуды жөн көріп отырмын:
.
1. Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді. .
2. Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді. .
3. Бүйрек ауруларына шалдықтырады. .
4. Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады. .
5. Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады. .
6. Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді. .
7. Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады. .
8. Көзіңіздің көруін төмендетеді. .
9. Қан құрамындағы гемоглобинді көбейтеді. .
10. Ойық жаралы колит ауруын шақырады. .
Міне , мынадай ауруларға тап болмау үшін оның орнын бал, кептірілген жемістер, арпадан жасалған ашытқы сияқты тағаммен ауыстыруға болады. Сондықтан қантты өзіңіздің ас мәзіріңізден алып тастағаныңыз жөн болар.

Аналарға кеңестер
925 views12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 17:31:04 Дұрыс тамақтану - деген ұғымды көп адамдар әр-түрлі түсінеді,кейбіреулер диетаға отырдым деп өзін тамақтардан шектеп,ағзаны тәуліктік керекті дәрумен және минералдардан шектейді,өте аз тамақ ішіп біраз уақыттан кейін шыдамай бұрынғы әдетіне басып тіпті шамадан тыс жеуді шығарады .

Диета демекші түрлері өте көп, мысалы "гречневая диета","айранмен диета",японская,бразильская,орамжапырақ деген де диета түрлері бар ,тізіп айта берсе интернет желісінде өте көп.

Диетаны емес "дұрыс тамақтануды" таңдағаныңыз дұрыс, ағзаңызға зиян келтірмейін десеңіз білікті мамандарды таңдаңыз,дәлірек айтқанда медициналық білімі сонымен қатар "дұрыс тамақтану" ұғымын терең меңгерген маман болу керек.

Денсаулығыңыз-өз қолыңызда!
Дұрыс тамақтануға көшкенде ішкен асыңыздың сапасы мен мөлшеріне нащар аударуыңыз маңызды .

Тағам өлшейтін таразы болмаған жағдайда порцияны алақанмен салыстырып түсіндіріп көрейін:

алақанмен өлшегенде ,саусақтарды қоспағанда-ақуыздың 80-100 гр көлемі(ет/құс/балық/творог).

1 уыс көмірсудың көлемі 150-180 гр (гарнир дайын күйінде).

үлкен саусақ - май 10-15 гр.

екі алақаннан құралған уыс -көкөністер 150-200 гр .

жеміс пен жидекті күннің бірінші жартысында жейміз немесе 17:00 жеуіңізге болады

Аналарға кеңестер
1.8K views14:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 16:49:36 Қандағы қант жайлы

Неліктен дəрігерлер қандағы қанттың мөлшерін тексеруге көп көңіл бөледі Ойланып көрдіңіз бе?

Талқылайық...
Қан тамырлары негізгі қан жүру жүйесі. Ол арқылы организмнің əр клеткасының тіршілік етуіне қажетті тағамдық заттар жеткізіледі жəне зат алмасудан пайда болған соңғы қалдық өнімдерді сыртқа шығарады. Организмнің түгелдей барлық тіндерінде энергияның ең негізгі көзінің бірі немесе "отын"ретінде жағатыны глюкоза, яғни қант.
Қант жеткізілудегі үзіліс жүректің, мидың жəне т.б органдардың біркелкі жұмыс істемеуіне əкеліп соқтырады.
Ми ткані қантты көп қолданады. Сондықтан миды глюкозамен қамтамасыз етудегі өзгеріс ауру туғызады.
Бас ауруының пайда болуы ми қанайналымының өзгерісінен туындайды. Осы себептен бас ауырғанда 1 стакан тəтті қызыл шай жақсы əсер береді. Шай құрамындағы кофеин қан тамырларын кеңейтіп, қанайналымын жақсартса, қанға өтетін қант миды энергиямен байытады.
Дені сау адамда қант деңгейі 4,4-6,6 ммоль/л тең.
Қант деңгейін организм шебер реттеп отырады. Қанда қант азайса қантамыр қабырғасындағы нерв(хеморецептор) миға сигнал береді, ми бауыр мен бұлшықеттердегі полисахаридтерді ыдыратып қантты көбейтіңдер деп бұйырады. Осылай қант деңгейі жоғарлайды. Ал, қандағы қант көбейсе полисахаридтер қыш тәрізді бір жерде жиналады. Қант деңгейін гормондар(инсулин -ұйқы безі)да реттейді.Ол тканнің қантты пайдалануын тездетеді
Қант қай кезде көбейеді? стрессте, психоэмоциялық зорығуда, организмге көп физикалық күш салғанда. Мыс: спортшының старт алдындағы жағдайы, мысықтың иттен құтылу кезіндегі жағдайы
Қант қай кезде төмендейді? ашыққанда, шөлдегенде.
Бұл екі жағдай да аса қауіпті. Зардабы: кома я өліммен аяқталады. Сіз елестете алмайтын организм жүйесінің қызметі əлі талай таңқалдырады. Олар жайлы басқа кезде əңгімелеп беремін. Сондай- ақ қант диабеті жайлы арнайы пост қарастырылған . Себебі аталған ауру жайлы жазарымыз көп.

Деніңіз сау болсын құрметті оқырман

Аналарға кеңестер
865 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 19:02:34 Қан қысымы төмендесе

Бəрімізге белгілі, жоғарғы қан қысымы организмге ауыр өзгерістерді туындатады. Ал, төмен қан қысымының(гипотония)организмге дайындаған "тосын-сыйы" қандай болмақ?
Талқыламыз.
Гипотония - қан қысымының қалыпты мөлшерден(120/80сын.б.б)төмен болған жағдайды айтамыз.
Гипотония анадан балаға берілу қасиетке ие, сол себепті балада бұл жағдай ерте бастан дамиды. Олар: аз қозғалады, ойын кезінде тез шаршап қалады, əлсіз болады.
Ересек гипотониктер əдетте бойшаң, арық болып келеді.
Гипотониямен кімдер ауырады?
Психоэмоциялық қысымда(стресс) жүретіндер
Диетада отырғандар(бұлшықет массасының азаюы-жүрек, зат алмасу, өкпе сынды органдардың қызметін нашарлатады)
кəсіби жұмыста(шахта, цех)қызмет жасайтындар
Спортшылар(төменгі қан қысымы организмнің қорғаныш реакциясы)
Белгілері қандай?
Бас миы қанайналымының нашарлауынан: самай, маңдай, желке тұсы солқылдата ауырады, мигрень(бастың бір жақ бөлігі ауырады), ауырсыну тұрақты сипатта болады, құсу, жүрек айну.
Əлсіздік, жұмысқа қабілеттілік төмендейді
Еске сақтау қабілеті төмендеп, ұмытшақ болады
қан ағысының баяулауынан организмде белсенділік азайып, адамдар депрессияға, ұрысқа, көңіл-күй тұрақсыздығына бейім болады.
Ауа жетпеу сезімі, көп есінеу
Аяқ-қол тоңып, жансыздануы мүмкін. көз көруінің нашарлауы
Организмге дайындаған "тосын-сыйы"
кез келген жаста миокард инфарктін, инсульт туындатуы мүмкін - қанайналымының баяулауынан жүрек, мидың кей бөлігіне қан жетпейді.
Оттегілік ашығу себебінен ерте қартаю.
Қан қысымын қалай көтереміз?
Көп шекер салып 1шыны қара шай, кофе ішіңіз. Шай сергектік қасиет беретін сусын.
Шоколад жеу керек-ол көңіл-күйді көтереді. Бірақ майлылығы 70%жоғары болмасын
Айран, сүзбе, жеміс-жидекті, кептірілген жемістерді көп тұтыныңыз
Толыққанды ұйқы- күніне 8-9 сағат
Контрасты душ
Жоғарыда аталғандардан да қан қысымы көтерілмесе 1 таблетка Цитрамон ішіңіз. Құрамындағы кофеин қан қысымын көтереді.
Жень-шень шөбінің тұнбасын ішіңіз.
Медицинада "Жастық шақта-гипотония, қартайғанда-гипертония қыр соңыңыздан қалмайды деген мақал бар. Бұл сырқаттарды соңыңыздан ілестірмей, дер кезінде дəрігерге қаралып алдын алыңыз. Себебі бұлар білдірмей денсаулығыңызды құрдымға жіберетін кеселдер.

Аналарға кеңестер
414 views16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 18:11:07 Кішкентай балаға дәріні қалай беруге болады?

Біз балаларға арналған дәрі-дәрмектердің көпшілігі тәтті суспензия немесе сироп түрінде болатын уақытта өмір сүріп жатырмыз.
Бірақ баланың дәріні жұтуға мәжбүрлеу мәселесі әлі де бар.
...
Дәрілердің суда ерітіп беретін формалары бар.
Көбінесе тәтті сироптарға аллергиялық реакциясы бар балаларға осылай ыңғайлы!

Бұл жағдайда сіз қалай дәрі бересіз?
Ең кең таралған тәсілі - қасықпен! Бірақ балалар бізден де ақылды. Қай қасықта дәрі барын, қай қасықта банан барын жақсы біледі. (ол менің бұзығым) Егер сіз қасықпен аузына құйсаңыз, олар бәрін түкіріп тастайды)))

Дәрілерді дұрыс берудің әдісі (өзім қолданамын)
Еріген дәріні шприцке тартып аламыз, әрине алдымен инені лақтырғаннан кейін ️ Содан кейін инесіз шприцтің поршеньін кішкене бөліктерге басып аузына жібереміз.
Бұл жағдайда ол дереу ауыз қуысының түбіне өтеді және баланың дәрі-дәрмекті жұтып қоюдан басқа амалы жоқ.
...
Бірақ абай болыңыз: егер сіз үлкен көлемді бірден құйсаңыз, бала тұншығып, жөтеліп қалады және құсады, еңбегіңіз кетеді Сонымен қатар дәрігер тағайындаған витаминдерді беру барысында бала лоқсып жатса бірден дәрігерге хабарласыңыз! Мұндай жағдайда витаминдерді жеміс немесе көкөніс езбесі, сонымен қатар баланың рационындағы тағамдарға қосып беру ұсынылады.

Сіз өзіңіздің дәрі-дәрмектеріңізді қалай бересіз? Сізге қиындық туып жатыр ма?

Аналарға кеңестер
1.7K views15:11
Ашу / Түсініктеме