Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-08-25 15:39:21 Неге шашты көп тарауға болмайды?

Әр әйелдің сөмкесінен міндетті түрде кіші өлшемдегі тарақ табылады. Бірақ сіз оны үнемі пайдалану қажет емес екенін білесіз бе? Тарау процесі, шын мәнінде, зиянсыз - бұл факт. Бірақ сіз ең жұмсақ тарақты қолдансаңыз да, ол шашқа микротравма жасай алады. Мұның бәрі шаштың тозуына және зақымдануына ықпал етеді. Трихологтар бір күн ішінде шашты 1-2, ең көбі 3 рет тарау қажет дейді: таңертең және ұйқыға кетерде. Бұл ретте мұны дұрыс жасау өте маңызды. Тарақ процесін бірқалыпты-ұшынан бастап, жоғарыға қарай қозғалтыңыз. Ешқандай жағдайда дымқыл шаштарды тарамаңыз: оларды алдын ала сүлгімен кептіру керек. Ешқашан шатастырмаңыз. Шаш шатасқанда оның жиналған түйіндерін ажырату бос әурешілік. Бұл жағдайда сирек тістң тарақ көмектеседі. Жұқа шаштарды түбінен бастап жаймен тарап ажырату қажет. Ең бастысы — "өз тарағыңызды" табу. Егер сізде қалың шаш болса, үлкен массажды тарақ алуыңыз қажет. Егер олар әлсіз, жұқа және қатты зақымдалған болса, тараққа өте мұқият болыңыз.
2.9K views12:39
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 15:43:46 Бас ауыруын дәрісіз емдеу

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стакан су ішіп алыңыз. 2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз. 3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз. 4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз. 5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз. 6. Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз. 7. Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады. 8. Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.
3.0K views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 16:11:41 Пияз - дәстүрлі медицина рецептерінің ажырамас бөлігі.

Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек моторикасын түзеуге, дисбактериозды, диарея мен асқазан ауырсынуын жеңілдетеді. Пияз шырыны үлкен және ащы ішектегі патогендік бактериялардың көпшілігіне теріс әсер етеді. Мұндай әр түрлі қоздырғыштар үшін пияз құрамындағы эфир майлары өте қауіпті. Осы себепті, күзгі - қысқы маусымда мүмкіндігінше көп пияз мен сарымсақ жеу ұсынылады, бұл бізді бактериялардан, инфекциялар мен вирустардан қорғауға көмектеседі.

Пияз құрамында В дәрумені, никотин қышқылы, каротин, мыс, темір және мырыш бар. Олардың барлығы дененің табиғи қорғанысын нығайтуға, гемоглобин деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді. Бұл әсіресе жүктілік және лактация кезінде өте маңызды. Пияз шырыны құрамында йод бар, бұл ишемия, атеросклероз, инфаркт және инсульт сияқты аурулардың өршуіне жол бермейді. Пияз артық глюкозаны қаннан тазартады.

Табиғатта бұл көкөністің көптеген сорттары бар және олардың барлығы дерлік белгілі дәрілік қасиеттерге ие. Бұл сорттардың жартысына жуығы - қарапайым көкөністер және оларды адамдар күнделікті пайдаланады.

Пияз асқазан сөлінің қалыпты сіңуіне қажетті заттардың шығарылуын ынталандырады, сонымен қатар тыныштандырады және жүйке жүйесінің тұрақтылығына әкеледі, қанды тазартады және токсиндер мен қалдықтарды жою процесінде ағзаға көмектеседі. Пияздың жаңа сығындысын ревматизм мен подагра ауруын емдеу үшін, оны ішке қабылдау арқылы немесе ұнтақтау арқылы қолданады.
3.3K views13:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 15:32:18 Ангинадан тез айығу

Күн суыта көпшілігіміз баспаның (ангина) зардабын аз көрмейміз. Тамақты «тырнап», жаныңды жейтін бұл аурудан қалай айығуға болады? Әрине, баспаны емдеудің жолы көп. Тек нәтижелісі аз. Көптің көңілінен шыққан, әрі айтарлықтай шығынды қажет етпейтін қарапайым емдеу тәсілдерінің біреуіне назар аударыңыз.
Ол үшін 1 лимон мен бал керек. Егер бал болмаса, оның орнына қоңыр қантты қолдануыңызға болады. Лимонды бөліктерге бөліп, үстіне бал жағып (немесе қант сеуіп), қабығымен қоса жеңіз. Тамағыңыздың ауырғанына 1-2 күн ғана болса, оны емдеу үшін 1 лимон да жеткілікті
3.1K views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 16:19:47 Ұшықты емдеу тәсілі

Көп тараған аурулардың бірі — ұшық. Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай болып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағдайлардан болады деп санайды.

Ұшық жұқпалы. Сол кезде «симплекс ұшығы» деген вирус аузыңызға кіріп кетіп, ұшық жұқтырасыз.

Ұшықты емдеу, алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:

1.Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз;

2. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады;

3. Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың 2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады;

4. Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз;

5. Ұшық көбінесе стрестік жағдайлардың салдары болғандықтан, жақсы демалып, бұлшық етті бос ұстаңыз.

6. Ұшықты жазу үшін алоэның сөлін сығып алып, оны шай қасықпен күніне 2-3 рет ішіп отырады. Және де терек ағашының сөлімен ұшық шыққан жерді күніне 2-3 рет сүртеді.
3.4K views13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 16:00:16 Араның шаққаны — шипа. Араны шақтыру арқылы емдеу медицинада апитерапия деп аталады.

Ең алғашқы апитерапиялық клиника Мәскеуде Михаил Миронович Френкельдің бастауымен ашылды. Ал біздің елде кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады. Мамандардың айтуынша, араның уымен емделу арқылы көптеген ауру түрлерінен айығуға болады.

Араның бізгегі негізінен жүйке жүйесі, жүрек қан-тамырлары аурулары кезінде қолданылады. Бірақ бұл емді ауру асқынбай тұрып алу керек. Сонымен қатар, инсульт алған адамдар, препараттар көмектеспеген жандар осы емге жүгінеді. Араның улы болатынын әрқашан есте ұстау керек. Процедура кезінде қолайсыздық тумас үшін адамдар медициналық тексеруден өтіп келуі керек. Әсіресе, қан көрсеткішіне назар аударылады. Алғашында 5 секунттай ғана шақтырып аллергиясы бар жоғы бақыланады.

Ал арамен емдеу курсы оның санына тәуелді. Ең азы 30 арадан бастап, 70, 150 араға дейін шақтырып дертке шипа табуға болады. Тек ескеретін жайт, бір күнде 12 арадан артық шақтыруға болмайды. Мөлшері тым көп болса уланып қалу қаупі бар. Сол себепті де тікелей маманның бақылауымен жүзеге асады.

Араның бізгегін алып қарасақ тармақтың басында оның уына толы қалташа бар. Бұл қалташаның іші 30 минутта босайды, яғни ара шаққаннан кейін тінді адам денесінде қалташа бос қалғанша 30 минут ұстауға болады деген сөз.

Бұл жәндіктің арқасында емделіп жүрсеңіз мамандар тарапынан ұсынылатын мына кеңестерді естен шығармаңыз:
• уақытымен тамақтану;
• ем-шараға ашқарында келуге болмайды;
• аллергиялық реакциялар тудыратын тағамдардан бас тарту керек;
• цитрусты жемістер, шоколод, қою шай мен кофе, ішімдік ішуге тыйым салынады;
• бал жеуге рұқсат.
3.3K views13:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 15:40:09 Тісті ағартудың тәсілі

Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады. Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ, тіс сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді. Тіс ағартудағы бірінші көмекші — ас содасы деген пікір қалыптасқан. Алайда, біз тіс эмалін құртып алмай, сарғаюмен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін: Әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен ысыңыз; Одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын тамызыңыз; Тісіңізді екінші мәрте ысыңыз; Аузыңызды жылы сумен шайыңыз. Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады. Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттірмей -ақ, Сізді армандаған аппақ тістің иесі етеді. Оған қоса, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайтынына сенімді боласыз. Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.
3.2K views12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 16:15:33 Телефон суға түсіп кетсе

1. Уақыт өткізбей телефоныңызды ылғалды емес жерге алыңыз. Құрылғы сұйықтықта көп тұрып қалса бұзылары анық. 2. Егер телефоныңызды батареясы алынатын болса дереу шығарыңыз. Қолыңыздан келгенше телефонды бөлшектерін алып, шашып тастаңыз. Ал телефоныңыз ешқай жері алынбаса, өшіре салыңыз. Бұл қысқа тұйықталу ықтималдығын азайтады. 3. Телефондағы артық заттардың бәрін алып тастаңыз. Сыртқы қабын, сим-карта мен жад картасын да алып тастаған жөн. 4. Телефонды үстелге қойып, қағаз майлықпен абайлап сүртіңіз. Мынаны істеуге тыйым салынады: 1. Телефон кеппегенше қоспаңыз; 2. Электр тогына қосушы болмаңыз. Кем дегенде 24 сағат күтіңіз. 3. Телефонды қозғалтып, батырмаларын басудың қажеті жоқ. 4. Телефонды жылытқышпен немесе фенмен кептіруші болмаңыз. Сондай-ақ, ел арасында суға түсіп кеткен телефонды күрішке, қарақұмыққа немесе өзгеде жармаға салып, кептіру кеңінен таралған. Алайда бұл сіздің телефоныңызды кептіруге көмектеспейді. Керісінше сіз телефоныңызды күрішке салып қойған уақытта сұйықтық құрылғыны зақымдап үлгереді.
3.5K views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 16:38:00 Денсаулыққа пайдалы тәттілер

1. Қара шоколад. Қара шоколадтың сүтті шоколадтан калориясы аздау болса да, құрамында адам денсаулығына пайдалы нәрселер өте көп. Мысалы: антиоксиданттар, флавоноидтар, дәрумендер, кальций, темір, магний секілді элементтер бар.

2. Зефир. Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий саны өте аз. Алайда, бұлшық етіңізді қатайтатын темір, фосфор, ақуыз секілді элементтер бар.

3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит. Бұл кәмпиттер семіртеді деп ойламаңыз. Ол мармелад сияқты. Ағзадағы ауыр тұзды металдарды шығарады.

4. Мармелад. Мармеладта пектин өте көп. Ол холестирин мөлшерін азайтып, ішек-қарын жолын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар, бұл тәттіде калорий аса көп емес.

5. Бал. Балдағы калорий мөлшері қанттағыдай. Алайда ол қантқа қарағанда дәмдірек. Егер бір шынаяқ шайға екі қасық қант салатын болсаңыз, оның орнына 1 қасық бал салуға болады. Балда ағзамызға пайдалы дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары бар.

6. Алуа. Алуа құр тәтті ғана емес, ол ағзаңызды жасартуға көмектеседі. Өйткені оның құрамындағы А, Е, В дәрумендері теріңізге пайдалы және жүрек-тамыр жүйесін жақсартады.

7. Цукат. Құрамында бета-каротин, токоферола және аскорбин қышқылы секілді дәрумендер мен антиоксиданттар бар табиғи тағам. Цукат есте сақтау қабілетіңізді жақсартады және шаршағаныңызды тез басады.

8. Тосап. Тосап дәрумендер мен минералдардың қайнар көзі. Оның сіздің денсаулығыңызға ең пайдалылары: таңқурай тосабы, қызыл тал тосабы, алхоры тосабы және жаңғақ қосылған тосап.

9. Құрақ қант. Осыдан 20 жыл бұрын батыс диетологтары қоңыр құрақ қанттардың пайдалы тұстарын айтқан болатын. Олардың құрамында ағзамызға керекті кальций, магний, темір, фосфор, калий секілді микроэлементтер бар.

10. Жеміс-жидектер. Жеміс-жидектерде өміріңізді ұзартып, денсаулығыңызды жақсартатын дәрумендер, микроэлементтер, минералды тұздар мен антиоксиданттар көптеп кездеседі. Құрамында органикалық қышқылдар, эфир майы, ақуыз, пектин және жасұнықтар болғасын жемістерді ертеден адам денсаулығына ең пайдалы өнімдердің қатарына жатқызады.
3.6K views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 17:35:45 Зәйтүн майының пайдасы

Зәйтүн майы ерте кезден бері өзінің пайдалы қасиеттерімен белгілі. Халықта «Сүйік алтын» деген атпен танымал май, ежелгі заманнан бастап медицинада, дене, шаш күтімінде, ас даярлауда және күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып келе жатыр.

Зерттеуші мамандардың айтуынша, зәйтүн майының химиялық құрамы ерекше. Онда адам ағзасына ең керекті витаминдер, қышқылдар, микроэлементтер жинақталған. Ол өсімдік майларының арасындағы қоректік нәрі ең қуаттысы болып табылады. Құрамындағы A, B, C, D, E, F, K витаминдері тотығу арқылы адам ағзасына қауіп төндіретін еркін радикалдармен күреседі. Сондай-ақ бойдағы сүйек пен бұлшық етті қатайтып, асқазан, ішек жұмысын жақсартады. Басқа майларға қарағанда зәйтүн майында көп кездесетін линолей қышқылы денедегі холестеринді азайтады, жаралардың тез жазылуын қамтамасыз етіп, көздің өткірлігін күшейтеді. Өз кезегінде фенолдар иммунитетті көтеріп, кәрілікті баяулатады.

Зәйтүн майы ағзаға жағымды әсер беретіндіктен әрі денедегі майларды ыдырататындықтан мамандар оны диеталық өнімдер қатарына жатқызады.

Зәйтүн майын тұрақты түрде пайдалану асқорыту жүйесін қалыпқа түсіріп, холестерин дәрежесін төмендетіп, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Зәйтүннің тағы да бір тамаша қасиеті қатерлі ісік ауруына душар болу қаупін сейілтетіндігінде және мұның бәрі де ғылыми түрде дәлелденген.

Диабет ауруын емдеудегі зәйтүн майының ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Соңғы зерттеулер бұл майдың диабетті қадағалап тұра алатындығын көрсетті. Сондай-ақ, күн сайын аш қарынға қабылданатын 1 қасық зәйтүн майы, иммунитетіңізді күшейтуге, артық салмақтан арылуға және ас қорыту мәселелерін шешуге көмектеседі.
3.3K views14:35
Ашу / Түсініктеме