Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 45

2021-04-30 16:13:50 Шаштың түсу себептерін, қалыпты жағдайын талқылап берейін.

әр адам жеке қайталанбас тұлға, сол себепті шаштың қалыпты түсу көлемі әр ағзаға әртүрлі, дегенмен көбіне адамдарда күніне 100түп шаштың түсуі қалыпты жағдай.

Қандай жағдайда уайымдап, медициналық көмеккке жүгінесіз:
-шаш аяқ астынан өте көп мөлшерде түссе;
-шаштың түсуімен қатар, тырнақ сынып, тері құрғаса;
-шаштың түсуі біркелкі емес (алопеция сиякты), ойық-ойық боп әр жерден түссе;
-шаштың түсуі, басқа симптомдармен қосылып жүрсе;

Шаш түсудің себебі:
Теміртапшылықты анемия ( сидеропениялық синдром)- шаш түседі, тырнақ сынғыш, әлсіздік, көз қарауытуы т.б. Қан анализдерін, ферритин, темір мөлшерін көру арқылы, ем тағайындап, процессті тоқтатуға болады.
эндокринологиялық (гипотиреоз, йод жеткіліксіздігі, қалқанша безінің ауруы)- шаш түседі, тырнақ сынғыш, салмақтың себепсіз артуы, тері өте құрғақ.
жүктіліктен кейін- 6 айға дейін шаштың түсуі қалыпты, себебі ол кезде ЭСТРОГЕН гормонының мөлшері жоғары болады, соның әсерінен шаш түседі. Егер, шашыңыз бала 1жасқа толғаннан кейін де түссе, дәрігерге қаралыңыз.
Д витаминінің жеткіліксіздігі- міндетті түрде шаштың түсуіне әкеледі.
ер адамдарда ЦИНК мөлшерінің төмендеуі, шаштың көп мөлшерде түсуіне әкеледі.
стресс, депрессия, истерика
сапасыз, агрессивті шампунь немесе бальзам әсері
сонымен қатар, бас терісінің аурулары

жоғарыда берілген себептерге үңіліп, мүмкін себепті тауып, дәрігерге қаралыңыз.

Шаш жайдан-жай көп мөлшерде түспейді.
3.5K views13:13
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 19:43:39 Варикоз ауруы - вена қан тамырының кеңеюі мен
клапандардың жетіспеушілігімен сипатталады.

Қалыптыда көктамырдағы қысым 75-120 мм.с.б.б
болады, ал қақпақша жетіспеушілігінде 500-800 мм.с.б,б
болады. Науқастар көп тұру немесе жүргенде қысым
1000-2000 мм.с.б.б болады.

 Көктамырлардың варикозды кеңеюі себебі:

Вена қан тамыр қақпақшасы (клапан) жетіспеушілігі
туа біткен вена қақпағының болмауы,
Қақпақтардың қалыпты жетілмеуіне
байланысты өз қызметін толық атқара алмау.
Нейроэндокринді жүйе бойынша:
Организмдегі гормональды өзгерістерге
байланысты веналық қан тамыры тонусының
төмендеуі нәтижесінде кеңеюі(жүктілік, жыныстық жетілу және менопауза кезінде).
Тұқым қуалаушылық;
семіздік
үнемі отырып н/е тұрып жұмыс жасау
остеопороз және артериялық гипертония ауруына қарсы дәрілерді қолданғанда;
Қант диабетінде;
варикоцеле және геморрой ауруында;
ұзақ уақыт алкоголь ішкенде;
тағам құрамында витамин С, Е, Р жетіспегенде;

Қалыптыда венадағы қан төменнен жоғарыға қарай ағады.

Ол жүректің жиырылу ритміне;
венадағы клапандардың жұмысына;
аяқ бұлшықет тонусына байланысты.
Айтылған себептерден қан жоғары қарай ағысы төмендеп, қан тамырда қалып қояды. Қалған қан ұйып, тромб түзілуіне әкеледі. Ол тром уақыт өте келе өкпеге барып, ТЭЛА дамиды.

Қандай шағымдар болады???

Жұмыстан кейінгі аяқтың тізеден төмен қарай ісінуі.
түнгі уақытта аяқ ұштарының ұстамасы;
тері астынан майда жұлдыз тәрізді қан тамыр пайда болады;
аяқтардың қышып, қызарады;
аяқта экзема, дерматит тәрізді бұзылыс пайда болады.
соңында жара, трофикалық аймақта жара пайда болады.


Достар, оқыс оқысаңыз реакция қалдырып, сұрағыңыз болса, жазып кетіңіздер
3.4K views16:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 16:27:07 Ходунокты қолданасызба?

Зияны мен пайдасын білесіздерма?

Қазіргі таңда барлығымыздың шаруамыз көп, бала жыламаса, шашпаса, төкпесе дейміз рас па? Баламыз тез отырса, аунаса, еңбектесе, жүрсе дейміз де, оған зиянын тигізетін Ходунокка отырғызып қоямыз? Әр заттың пайдасы мен зияны міндетті түрде болады.

Дәрігер ретінде ходункидің тек зиянын, пайдасыз екенін айтқым келіп отыр.
Қызықты болса оқыңыз, артық етпейді.
Ходуноктың бала ағзасына зияны

Бала отыра алмаса және арқасын, белін ұстай алмаса мүлдем отырғызуға болмайды. Бала опораны сезінгендіктен бір қалыпты (равновесие) сақтай алмайды.
Баланың еңбектеуі, тұруы, қимылы азаяды.
баланың жамбас бұлшықет тонусы төмендеп, аралыққа күш түседі. Нәжістің тоқ ішек бойымен жылжуы төмендейді.
Қыз балдарда жатырдың қысылып "детская матка" дамуына әкеледі. Ұл балдарда зәр шығару жүйесіне кері әсер етеді.
. Рахиттің, дисплазияның дамуына себепші.
Балада плоскостопия дамиды
Тірек - қимыл жүйесі бұзылады.
Жамбас сүйегінің тез шығуына әкеледі.
Өте көп травма болады, токқа түсу, лестницадан құлау т.б
Ходунокка үйренген балада үнемі қорқыныш болады, құлап кету, жарақат алу сезімі
Бала өз күшімен жүргенде жамбас- сан және тізе бұлшық еті қимыл қозғалыста болады, ал ходунокта тек тізеден төмен бұлшықет қозғалыста болады.

Бала өз еркімен аунауы, отыруы, еңбектеу, жүруі қажет, сіз себепші емес, тек демеуші ғана боласыз.

Баска педиатр дәрігерлер 1 жастан аса қолдануға рұқсат береді. Алғашқы куні 3 -5 минут қана отырғызу қажет. Бала 4 аяқтап еңбектей алса, белін ұстай алса ғана.
Баламыздың денсаулығына өз қолымызбен зиянымызды тигізбейік.

Жас аналар мен болашақ аналар, ақпарат маңызды болса, айтқандарды қолдансаңыз немесе қарсы болсаңыз, өз ойларыңызды жазып кетіңіздер.
3.6K views13:27
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 19:06:55 Жарнама/сұрақтар бойынша: @wtsp_bot
3.3K views16:06
Ашу / Түсініктеме
2021-04-27 17:03:02 ЙОД жайлы не білеміз

Сақтап алыңыздар

Йод - суда жақсы ериді, топырақ құрамынан жуылып, мұхиттарға түседі.
Йод дефицитті аймақтарға:
массивті таулар,
теңізден ұзақ орналасу болып табылады.

ЙОД қалқанша безі гормонының (тироксин Т4, трийодтиронин Т3) 65% - ын құрайды.
ЙОД- тің организмдегі қызметі:

Зат алмасуды, мидың жұмысын , жүрек пен қан тамыр, иммунитет қызмеітн реттеп отырады.
Йод жүкті әйелдер үшін ( жатырда баланың ми жүйесі дамуына) емізулі ана және 3 жасқа дейінгі балаларға өте қажет.

Егер ағзаға йод жеткіліксіз түссе, мына аурулар дамиды:

шаш түсуі, тырнақ сынғыш, тері құрғақ болады;
үнемі ұйқышылдық;
тәбет төмендеуі, есте сақтау бұзылысы;
көз бен аяқтың ісінуі;

ЙОД элементінің ауыр тапшылығында
ЗОБ,қалқанша безі қызметініңбұзылысы (гипотиреоз);
Семіздік;
Артериялық гипотония;
Холецистит;
Репродуктивті қызметтің бұзылысы: дисменорея (етеккір бұзылысы), белсіздік, түсік, жүктілік кезінде токсикоз, мастопатия, жатыр миомасы;
Кеуде мен белдің радикулиті;
Жүрек ырғағы бүзылысы;
слабоумия

ЙОД-тың орнын қалай, немен толықтырамыз

Тұздың құрамында йод бар екенін білеміз
көкжидек (черника) көздің өткірлігін жақсартады,100 гр 400 мкг йод бар және тәуліктік норманың 270% құрайды;
қара өрік (чернослив) запорды алдын алады. 5 штугында 13мкг йод бар және тәуліктік норманың 8% құрайды
жұмыртқа (сарысында) 20 мкг йод, тәуліктік норманың 14% құрайды.
Сүтте (сиыр) 88 мкг йод бар.
круп ішінен гречка,овсянка, геркулесте, пшено түрлері;
Ұнның 2 - ші сортында;
теңіз өнімдері ішінен: балықтардан: хек, треска, сельд, лосось;
Өсімдік тектес: фейхоа, хурма, алма (дәні),банан, клюква, щавель, шпинат, салат жапырағы, чеснок;

ЙОД-тың ағзаға сіңуін кальций, темір, вит А және Е қамтамасыз етеді.
Ал сіз йодты рационнан алғыңыз келеме немесе дәрілік заттан ба

Егер дәрілік заттан десеңіз...
"Витрум Йод", "Йодомарин", "Микройод", "Йодбаланс".т.б

Жүкті мен емізулі аналар міндетті түрде дәрігер тағайындалуымен.

Туберкулез кезінде
Нефроз, нефрит кезінде
Геморрагиялық диатезде йод препаратын ішуге болмайды.

Құрбыңызбен бөлісіңіз
3.5K views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 16:30:29 ГАЙМОРИТТІҢ ЕМІН БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ


Емнің мақсаты:
гаймор кеңістігін инфекциялық ошағын жою
мұрын ісінуі мен гаймор каналын ашылуын қамтамасыз ету;
гаймор кеңістігіндегі сұйықтықты (іріңді бөліністі) эвакуациялау ( шығару);
иммунитет көтеру;
антибактериальді терапия асқынған жағдайда 3 күннен артық емес;

АТА - АНАЛАРҒА ЕСКЕРТУ
Егер балаңызда гайморит болса, мына әрекеттерді істеуден аулақ болыңыздар

Халық медицинасына жүгініп: мұрынға қайнатылған жұмыртқа, қыздырылған тұз қоюға болмайды. Себебі, одан инфекция өлмейді, я сыртқа шықпайды. Ол қолайлы жер іздеп миға, құлаққа таралады;
Мұрынға арналған спрей, тамшыларды 5 күннен артық қолданбау, себебі мұрын шырышын кептіріп жібереді, инфекция мұрыннан еш кедергісіз тыныс алу арқылы тыныс алу жолына өте береді.
Гайморитпен тұмауды шатастырмау және тұмау кезінде гайморитті жуып, (промывание) тазалауға болмайды. Себебі гаймор кеңістігін инфекция таратып аламыз.
Тұмау кезінде қатты сіңірген кезде инфекцияға толы бөлініс гаймор кеңістігіне өтіп кетеді. Мұрын гаймор каналы бітеліп қалады.
Өз еркімен теңіз тұздарымен, фиточаймен, алоэ согымен, медпен емдеуге болмайды. Тек асқындырып аласыз. Ол манипуляциялар гайморга жетпи, мұрында қалып қояды.

Дәрігер бақылауынсыз, анализсіз, рентген түспей гайморитті емдеудің нәтижесі тек қана Асқыну және бос уақыт жоғалту.

Гайморитті емдеуде:
қан тамыр тарылтқыш тамшылар; Оларға називин, тизин, галозалин.
физ.раствор немесе фурацилинмен гаймор қуысын шаю.
асқынған жағдайда операция жасалады;

Сақтап алыңыз, бөлісіңіз
3.5K views13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 15:54:01 ВИТАМИНДЕР


А—сәбіз, цитрустық жемістер, сливочный майы, сыр, жұмыртқа.

D—сүт, жұмыртқа, бүйрек, майлы балықтар.

Е—жүгері, күнбағыс майлары; горох.

К— шпинат, брюссель, түрлі түсті орамжапырақ, бидай.
В1—овес, фундук.

В2—бидай үгітіндісі, соя бобы, брокколь орамжапырағы, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сыр.

РР—жаңғақтар, дрожжи, ет,тауық еті, балық, сүт, сыр.

В5—дрожжи, саңырауқұлақ, күріш, бүйрек, ет өнімдері.

В6— ет, балық, сүт, жұмыртқа.

В9—жаңғақтар, бобы, банан, апельсин, жұмыртқа, ет.

В12—дрожжи, икра, жұмыртқа, сыр, сүт, ірімшік, ет, балық.

Н—жұмыртқа сарысы, бүйрек.

Бета-Каротин — сәбіз, петрушка, шпинат, қауын, қызанақ, спаржа, орамжапырақ, брокколь, өріктер
Витаминдерді дәрі түрінде емес, тағам түрінде қабылдау, ағзаға 2 есе сіңімді.

⚕ АУЫРМАҢЫЗДАР!⚕
3.8K views12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 11:24:47 Сырласып танысып отырайық
https://t.me/joinchat/UrGK96l19Hm_K7C2
3.4K views08:24
Ашу / Түсініктеме