Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 42

2021-05-25 11:06:40 [20.05, 16:13] 𝕶𝖆𝖗𝖑𝖎𝖌𝖆𝖘𝖍: *"ОНЛАЙН МИЛЛИОНЕР"* Қазақстанда аналогы жоқ жаңа жоба

1-ші модуль *ПСИХОЛОГИЯ*
•Байлар қалай жасайды?
•Миымызды қалай жеңеміз?
•Еріншектікті қалай жеңеміз?
•Неге мен жасай алмаймын?
• Маған ешкім сенбейді, айналам күледі!

2-ші модуль *Нольден кәсіп бастау*
•Алғашқы қадам
• Сала таңдау
•Бизнес план
•Ай сайын жасап отыру керек әрекеттер тізімі

3-ші модуль *Ұсыныс және сату*
•Сатудың этаптары
•Клиент типтері
•Сатудағы қорқынышты жеңу
•Сату техникалары
•Телефон арқылы сөйлесіп сату
•Қарсылықтармен жұмыс
•Сатуға көмектесетін триггерлер

4-ші модуль *Мобилография*
•Сатылым әкелетін видео
•Көмекші приложениялармен жұмыс
•Элемент түсіру
•Сторис түсіру
•Таргет жарнамасына видеокреатив түсіру
•Эффективный видеоролик монтажы
[20.05, 16:13] 𝕶𝖆𝖗𝖑𝖎𝖌𝖆𝖘𝖍: БизнесПартёр Жобасында не үйренеміз?
Бүгін ақша табуға арналған инструменттер
Аудитория Оффер туралы нақты инструменттер
Сататын текст жазатып үйрену фишкалары
Баннер жасау
Facebook.дағы алғашқы настройкалар
Рекламаға дейінгі нақты инструменттер
Жеке брентге Таргет Жіберу
Трафикпен Таргет Жіберу
Телефон арқылы Таргет жіберу
Аудитория таңдау
Жарнаманың түрлері
Taplink-те сайт жасау
Facebook Pixel сегментация
Look-alike и полъзователъская аудитория
РеТаргетинг
Busines Managerмен жумыс жасау
Facebook аккаунтты БАНнан шығару жолдары
Жарнамадан түскен адамдарға сату фишкалары
Автоворонка сабағы

https://api.whatsapp.com/send?phone=+77764612704&text=%D0%A1%D3%99%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%96%D0%B7+%D0%B1%D0%B5+%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81+%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%B3%D1%96%D0%BC+%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D1%96%21
1.2K views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 11:06:36
1.0K views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 18:52:24 Бүгін грипп және ОРВИ, ОРЗ(ЖРА, ЖРВИ) алдын алу шараларына тоқталамын.

Ал, кеттік!
Адам көп жиналатын орындарға жиі бармауға тырысыңыз. Ондай жерлерде бетперде(маска) тағуды әдетке айналдырыңыз.
ЖРВИ белгілері (жиі түшкіріп, жөтеліп т.б) бар адамдармен тығыз қатынастан өзіңізді алшақтатыңыз.
Бөлмелерді жиі желдетіңіз, басқа бөлмеге шыққан соң, отырған бөлменің терезесін 20 минутқа ашып кетіңіз.
Үйде жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіңіз, терезе алды, еден, шкафтардың шаңын күнде немесе күнара сүртіңіз.
Қолды жиі жуыңыз, әсіресе көшеден кірген соң және қоғамдық көлікпен келгеннен кейін.
Мұрын қуысын шайыңыз. Ол үшін үй жағдайында 1 литр жылы суға 1 ас қасық тұз араластырсаңыз болады. Дәріханадан физ.раствор(натрий хлорид ерітіндісін), аквамарис, аквалор тамшыларын қолдансаңыз да болады.
Құрамында витамин С бар өнімдерді жиі қолданыңыз(лимон, сарымсақ, малина, шиповник(итмұрын), Клюква, брусинка т.б). Малина, лимон салып жиі шай ішіңіз.
Күнделікті тағаммен сарымсақ пен пиязды қолданыңыз.
Шиповник(итмұрын) қайнатпасын жасап қойыңыз да, күнде бүкіл отбасыңызбен ішуді әдетке айналдырыңыз. 1 стақан суға - 10 итмұрынды салып 15-20 мин қайнатып, 40 минуттай бетін жауып тұндырып қоясыз. Шамамен қоса бересіз итмұрынды. Балаларға жарты пиала, ересектер 1 пиала ішіңіздер. Дәріханадан дайынын алсаңыз, дайындау жолдары жазылып тұрады.
Ауырып қалған жағдайда дәрігердің нұсқауымен басқа да дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз.
Д витаминін (аквадетрим, детримакс) қабылдаңыз. Балаларға күнделікті 1-2 тамшы, ауырып жатса 4-5 тамшы аквадетрим беріңіз. Баланың иммунитетін көтереді.
Цинк препараттары да иммунитетті күшейтіп, вируспен күресуге көмектеседі.
Сонымен қатар, қазан айында тұмауға қарсы вакцина салдырыңыздар(міндетті емес, әркімнің өз қалауы).
Егер аурудың алғашқы белгілері байқалса, тұмауға қарсы дәрілерді қабылдаңыз. Келесі постта қабылдайтын дәрі-дәрмектерге толық тоқталамын, жарай ма?
Ал, сіздер жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріп, оған қосымша салауатты өмір салтын, күнделікті 7-8 сағат ұйықтау, спортпен айналысып, дұрыс тамақтануды ұмытпаңыздар!

Аналарға кеңестер
1.4K views15:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 17:52:01 Ыстықтық(потница) деген не?
Емі бар ма? Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз осы болмақ.

Ыстықтық - балада температураны реттеудің әлі толық дамымауына байланысты, шамадан тыс ыстықтау мен тердің қатты бөлінуіне жауап ретінде пайда болатын бөртпелер.

Ыстықтықтың 3 түрі бар:
Кристаллдық;
Қызыл;
Ақ. Суретті жылжытып қараңыз.

Ыстықтық көбінесе шығады:⠀
Мойын;
Бет;
Қолтықасты;
Шапаралық қыртыстар;
Жамбас аймағы;
Арқасы, жауырын аймағы.

Ыстықтық басса не істеу керек:
Балаға оңтайлы температуралық режимді қалыптастыру. Яғни, қалың киіндіруге, ыстық қылып орауға болмайды. Тіпті, бала ұйықтағанда да жеңіл киіндіру керек. Үстін жабатын көрпесі де жылы, жеңіл болғаны жөн.
Присыпка құрамына мән беру керек. Құрамында тальк болмауы тиіс, Джонсонс Бэби меби дегендерді қолданбаңыздар! Құрамында: цинк, ромашка, календула, лаванда болса ғана қолданыңыз

Қабынуға қарсы және тыныштандырғыш әсер ететін шөптермен, яғни череда және ромашка, календуламен, сонымен қатар калий перманганатының(марганцовка) әлсіз ертітіндісімен шомылдырыңыз. Егер, жеңіл ыстықтық болса осы емдермен 5 күн ішінде жазылады.

Ыстықтық терең болса, бөртпелері айқын болса, жазылуы кешеуілдесе:
Декспантенол препараттарын:
Пантенол,
Бепантен,
Д-Пантенол,
Пантодерм т.б аэрозоль, крем, эмульсияларын қолданыңыздар.
⠀ Бактериальды инфекция қосылса, Мирамистин ерітіндісін қолданған жөн.
Антисептикалық , теріні құрғатқыш, тыныштандырғыш цинк құрамды препараттардың пайдасы зор:
Цинковая мазь;
Деситин;
Циндол;
Диадерм;
ЕСКЕРТУ: Егер осы көрсетілген емнен 5-7 күн ішінде пайдасы болмаса, тез арада дәрігермен кеңесіңіздер!

Сіздің балаңызда ыстықтық шықты ма? Қалай емдедіңіз?
⠀ Аналарға кеңестер
698 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 18:03:34 Қалжалау – ата-бабадан келе жатқан салт.
Әрине, жас босанған анаға аса күтім қажет. Өйткені, бойына біткен баланы бар күш-жігерін жинап, 62 тамырын идіріп, дүниеге алып келу оңай емес.

Сондықтан барынша жас анаға көмектесіп көңіл бөлу керек.

40 күн сорпалатып, шілдетерін шығарып, өз қалпына келуіне ықпал тигізу ол барлық ене мен күйеуге үлкен жауапкершілік.

Баланы құрсағында 9 ай бойы көтеріп жүрген соң, босанғаннан соң сүйектері, денесі босаңсиды.
Соны қалыпқа келтіру үшін шілде терін шығарып алған дұрыс.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

40 күн күтіну
ауыр көтермеу
жылы киіну
сорпа ішіп терлеу
ұйқы тыныштығы
демалу
құнарлы тағамдар
омырауды жылы ұстау.


Ал сіз ше күтіне алдыңыз ба

Аналарға кеңестер
1.1K views15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 16:46:01 Балаңыз жақсы ұйықтау үшін - шомылдырудың маңызы зор. Жаңа туылған нәресетелерді 40 күнге дейін күнделікті қайнаған суды жылытып шомылдыру керек. Шомылдыратын суға тұз, ромашка тұнбасы, кір сабын қолдануға болады.

Шомылу - жаңа туылған нәрестелер үшін стресс болуы мүмкін. Сондықтан баланы біртіндеп үйрету керек. Бірден суға салып шомылдыруға болмайды. Осы ретте бала судан шошынып қалмас үшін бірінші екі аяғын, қолын, денесін суға үйретіп алған соң ғана шомылдыру керек екендігін айта кетейін. Суға денесі үйренген сәбиді жуынатын ыдысқа ептеп шалқасынан жатқызып, сол қолмен басын көтеріңкіреп ұстау керек. Ал оң қолмен баланың мойынын, кеудесін жуады. Сосын маңдайынан желкесіне қарай сипап, басын жуу керек. Одан әрі бір жұмсақ шүберекті сабындап алып, сонымен баланың барлық денесін абайлап жуып шыққан жөн. Әсіресе, нәрестенің құлағының сыртын, алақандарын, мойыны мен қолтығын мұқият жуу керек. Сәбидің бетін ваннадағы сумен жууға болмайды. Ол үшін жеке ыдысқа құйылған таза суды пайдаланады. Шомылатын судың жылылығы 36-37ºС аспағаны ләзім. Сондай-ақ, нәрестені жуындырғанда бөлме температурасы 20-22ºС, ал жаңа туған сәби үшін 22-24ºС болуы керек.

Баланы шомылдырып болған соң киіндіргенде қатты жыласа, мазасызданса киіндірмей-ақ жаялыққа орап, бірден емізіңіз. Сонда бала тынышталып, шомылғаннан болатын рахатты сезінеді.

Көңіл-күйін бұзып, айқайлатып киіндіріп, жылатқанша баланың қалауын жүзеге асырып, махаббатқа бөлеңіз.

Жаялыққа дәретін жіберсе, ештеңе емес! Жуасыз. Баланың жаялық, дәрет жіберген ползунки т.б бірден өзіңіз жуып қоюға дағдыланыңыз. Баланы әркім өзі үшін өмірге әкеледі. Үйдің басқа мүшесі артыңызды тазалауға міндетті емес

Сіздің балаңыз шомылғанды жақсы көре ме?

Аналарға кеңестер
1.7K views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 18:21:24 Ходунокқа қай кезден отырғызған дұрыс, пайдасы және зиянын талдаймыз.

Баланы ходунокқа бала өзі толығымен отыра алатын кезден бастап отырғызуға болады.

Күндігіне 1-2 сағ (үзіліспен 15-20 минуттан ) ғана.

Себебі баланың омыртқа бағаны енді дамып келе жатыр.
Егер сіз бала отыра алмай жатып ходунокқа отырғызсаңыз омыртқасына күш түсіп, омыртқаның қисаюына алып келеді.
Сондықтан әлі отыра алмайтын баланы қинамаңыз.

Пайдасы:

анасының қолы біршама босайды
бала қауіпсіз болады
Бала өзі ойнап отырады.

Зиянды жақтары:

Баланың омыртқасының қисаюына алып келеді
бала аяғының ұшымен жүреді баланың өздігінен жүруіне кедергі болады
балада тепе теңдікті сақтау бұзылады. Себебі ходунокқа отырғызғанда ходунок баланы қоршап қорған болып, баланың тепе теңдік сақтауда динамикалық кедергі жасайды. Ол қалай? Бала жүріп келе жатқанда теңселіп, құлап қайта тұрып үйренуі керек, сол құлау кезінде  мидың тепе-теңдік сақтау орталығына импульс барып, ол орталықтың жұмыс жасауға шақырады.

Сіз осыларды білдіңіз ба
Сіз қанша айдан отырғыза бастадыңыз?


Аналарға кеңестер
594 views15:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 17:51:11
1.0K views14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 17:22:49 "Балада тіс шығып жатыр ма, әлде ауырып қалды ма?",-деген сұрақ барлық аналарды алаңдатары анық.


Ендеше қысқаша түсіндіріп өтейін. Сүт тістер жүктіліктің 4 айынан бастап сүйектене бастайды да, 6 айға дейін дамиды: ⠀

Тіс шығу кезінде:
Аузынан көп сілекей бөлінуі;
Қолын аузына салу, кез-келген затты аузына салып, тістеу;
Саусақтарын жұлып алардай, ызаланып қолын шарт етіп аузынан шығару;
Мазасызды, тітіркенгіштік;
Тәбеттің төмендеуі;
Мұрыннан су ағу;(шырышты бөлінді, жасыл немесе іріңді емес).
Қызыл иектің ісінуі, қызаруы және ауырсынуы;
Дене қызуының шамалы жоғарылауы;
Ұйқының бұзылуы;
Іш өту(ішек перистальтикасы күшейеді).
Мұрын бітелуі, мұрыннан су ағу(ағзада барлық мүшелерде сөл бөліну күшейеді).

Тіс шығу белгісіне жатпайды:

Баланың дене қызуы - 38,5^С-тан жоғары, 2-3 күннен асқан температура;
Әлсіздік;
Көп мөлшерде немесе ұзаққа созылған іш өту(нәжісте қан, жасыл түсті, шырышпен, температура көтерілсе бірден дәрігерге қаралыңыздар);
Құсу;
Жөтел. Тіс шығу кезінде сілекей көп бөлінгендіктен шамалы ылғалды жөтел болуы мүмкін. Бала өз сілекейіне шашалып қалады(қақырықпен жөтелгендей естіледі). Ауырып қалған кезде қарқылдап, тоқтаусыз жөтелсе, тіс шыққанда кейде ғана жөтел болады.
Денеде бөртпелер шығу.

Кей балаларда сілекей ағу тіс шықпай тұрып та ағады. Тіс шығу кезінде сілекей сәл қоюланады және көбейеді. Кей балаларда тіс шығу ешқандай симптомсыз(сілекей бөліну, жөтел т.б) өтеді.

Ауруды тіс шығумен шатастырып асқындырып алмау керек.
Тіс шығу кезінде инфекциялық, тыныс алу жолдарының ауруларын асқындыру көп кездеседі. Бала аузына әр нәрсені сала бергеннен, ішек инфекциясы пайда болуы мүмкін

Балаңызда тіс шығу қалай өтті? Қандай белгілері байқалды? Неше айынан басталды?

Аналарға кеңестер
1.0K views14:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 18:13:01 Бала мұрыны бітелсе..


Ата-аналарда баласының мұрнында су ағып бастаса болды қорқып,үрейлері қаша бастайды.Мұрыннан шырыштың аққаны ағзадағы болып жатқан процеске жауабы.Сондықтанда қорықпаңыздар

Мұрын бітеліп қалса, тыныс алу ауырлайды. Бұл жағдай күнделікті өмірде ыңғайсыздық тудырады және ұйықтауды қиындатады.

Егер оны емдемесеңіз, ол әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.

Пайда болу себебі

Мұрынның бітелуі – бұл ауру емес, ол басқа аурудың белгісі. Көп жағдайда, оның басты себепкері – суық тию. Бактериялар, вирустар үнемі мұрын ішінде өмір сүреді. Ауа райы суытқан кезде, олар өте агрессивті болып, шырыштың қабынуын тудырады. Сондықтан, адам жиі түшкіріп, мұрнынан және көзінен су аға бастайды.

Сонымен қатар, пайда болу себептеріне: аллергиялық реакциялар, аденоидтар және мұрын қуысының ісіктерін жатқызуға болады.

Үй жағдайында емдеу.
Мұрынды шаю. 1 стақан жылы судың ішіне, 1 қасық теңіз тұзын салып ерітіңіз. Содан кейін басыңызды бір жаққа еңкейтіп, ерітіндіні үстіңгі жағындағы тесікке құйыңыз. Осы процедураны күніне бірнеше рет қайталаған дұрыс.

Физ раствормен (NaCL) шаю.Пипеткамен алып ,әр мұрынға 2 каплядан тамызып, мұрын ішін ылғалдандырамыз.
Сондай -ақ, теңіз сулары, аква марис, аква лор, маример секілді теңіз суларыда жақсы көмектеседі.Бірақ құрамы физ раствормен бірдей.Физ растордың қшасыда қол жетімді.Мен әрқашан физ растворды алып, босаган аквамаристың ыдысына құйып қоямын.Балаға тамызғанда ыңғайлы.
Немесе бала тым кішкентай болып мұрны бітіп қалса таза стерильді мақтаны алып турунда жасап, физ растоворға малып алып, турунда бағытымен 2-3 мин қа бөлек бөлек мырнына тығып қоясыз.2-3 минуттан соң қарама-қарсы бағытта алып шығасыз.Жақсы әсер етеді .

Тамыр тарылтқыш капляларды(нафтизин, називин, оксивин) қажеттілік болмаса қолданудың керегі жоқ.
Тек дәрігердің нұсқаулығы бойынша ғана қолданамыз.
Сосын балаларға спрей қолдануға болмайды, себебі мұрын ішінде қан тамырлар өте нәзік болғандықтан капля қолданбаған дұрыс.

Аналарға кеңестер
791 views15:13
Ашу / Түсініктеме