Get Mystery Box with random crypto!

Дұрыс тамақтану - деген ұғымды көп адамдар әр-түрлі түсінеді,к | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Дұрыс тамақтану - деген ұғымды көп адамдар әр-түрлі түсінеді,кейбіреулер диетаға отырдым деп өзін тамақтардан шектеп,ағзаны тәуліктік керекті дәрумен және минералдардан шектейді,өте аз тамақ ішіп біраз уақыттан кейін шыдамай бұрынғы әдетіне басып тіпті шамадан тыс жеуді шығарады .

Диета демекші түрлері өте көп, мысалы "гречневая диета","айранмен диета",японская,бразильская,орамжапырақ деген де диета түрлері бар ,тізіп айта берсе интернет желісінде өте көп.

Диетаны емес "дұрыс тамақтануды" таңдағаныңыз дұрыс, ағзаңызға зиян келтірмейін десеңіз білікті мамандарды таңдаңыз,дәлірек айтқанда медициналық білімі сонымен қатар "дұрыс тамақтану" ұғымын терең меңгерген маман болу керек.

Денсаулығыңыз-өз қолыңызда!
Дұрыс тамақтануға көшкенде ішкен асыңыздың сапасы мен мөлшеріне нащар аударуыңыз маңызды .

Тағам өлшейтін таразы болмаған жағдайда порцияны алақанмен салыстырып түсіндіріп көрейін:

алақанмен өлшегенде ,саусақтарды қоспағанда-ақуыздың 80-100 гр көлемі(ет/құс/балық/творог).

1 уыс көмірсудың көлемі 150-180 гр (гарнир дайын күйінде).

үлкен саусақ - май 10-15 гр.

екі алақаннан құралған уыс -көкөністер 150-200 гр .

жеміс пен жидекті күннің бірінші жартысында жейміз немесе 17:00 жеуіңізге болады

Аналарға кеңестер