Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 39

2021-06-21 09:42:11 аз қалды, үлгеріңіз
186 views06:42
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 07:45:08
Шаштағы бит және сіркеден, басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе заказ берініз
wa.me/77767780603
459 views04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 17:14:33 Шәйдің пайдасы мен зияны


Шай ішпей бір апта менімен бірге шыдаған оқырмандарыма жазамын деп едім осы ақпаратты,лайк басып қабыл алыңыздар ,пайдалы ақпаратты достарыңызға жіберуді ұмытпаңыз.
.
Ғалымдар шайды зерттей келе құрамында көптеген дәрумендер бар екенін анықтаған.
Танин-қантамырларды күшейтеді, С дәрумені өте көп мөлшерде.
Кофеин – орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады,соның салдарынан жүректің қатты соғуы п.б. Давлениясы төмен адамдарға өте жақсы.
Аминқышқыллары- иммунитетті жоғарылатып,қартаюдың алдын алады . Зат алмасу процессіне оң әсер етеді.
Каротин – көз көруіне өте пайдалы,әсіресе катарактаның алдын алады .Витамин С өте көп мөлшерде.Қантамырлардың қабырғаларын күшейтеді.Тіс ауруларының және әр-түрлі инфекциялық аурулардың алдын алады . Витамины В1 және В2 – нерв жүйесіне оң әсер етеді. Бүйрекүсті безінің жұмысын жақсартады.
Фтор – сүйекке және сүйек тініне оң әсер етеді. Тіс ауруының алдын алады.
Калий – артериялық қысымды қалыпқа келтіреді,жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.
Р дәрумені – ұсақ тамырларға оң әсер етіп,варикоздың алдын алады.

Қосымша пайдасы:
халық арасында конъюнктивитті емдеуге қолданады.
шай өте төмен калориялы.
суық тиіп ауырғанда жақсы әсер етеді.
шай температурасы 56 градустан аспауы керек.

Ал енді зиянды тұстарына келсек:
шай температурасы 65-70 градус аралығында болса ,тамақ обыры (рак) даму қаупі екі есеге жоғары.
Ал 70 градустан жоғары болса өңеш обыры сегіз есеге жоғарылайды.
шайды 5-10 минуттан артық қайнатпаңыз, 5минуттан да кем болмауы керек.
шай пакетигін кеседе ұзақ ұстасаңыз нағыз уға айналады екен .
ұйқыңыз нашар болса ішпеген дұрыс;
асқазан ішек жолының ауруларының асқынуы кезінде;
кей жағдайда адамды стресске итермелейді .
тістің сарғаюына әсер етеді;
шайды балаларға беруге болмайды ,себебі құрамында кофеин бар. Бала ашушаң болып ,нерв жүйесіне зақым келуі мүмкін.
Балаларға мята немесе ромашкадан шай дайындап берген әлдеқайда пайдалы. Аптекадан сатып алсаңыз болады.
_
_
ҚАНДАЙ ШАЙ ІШЕСІЗ? СҮТПЕН ?СҮТСІЗ ?
БАЛАҢЫЗҒА ШАЙ БЕРЕСІЗ БА ?

Аналарға кеңестер
1.2K viewsedited  14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 15:29:41 Шаш өсірудің оңай жолы

Никотиновая кислота аты жаман иә ,бірақ ұсақ балапан шаштарды өсіреді.
Бағасы 300-400 т шамасы(аптекада). Никотиновая кислота шашты тез өсіреді,қалыңдатады,шаш жылтырай түседі.
Құрамындағы РР витамин тері асты тамырларының қанайналымын жақсартады.
_
_ Нәтижесін көру үшін 1-2 апта уақыт қолдану керек.
_
_
Мен бір жаққанда 3 ампула қолданамын.
Таза шашқа,түбіне жағамын.
1 сағ фен,утюжок қолданбаймын.
өте сақ болыңыз көзге,бет терісіне тигізіп алмаңыз күйіп қалуы мүмкін.
15 күн курс,15 күн демалтамын.
аптасына 1 рет репейное масломен маска жасап жүрмін .
_
_
_
Тері сезімтал аллергияға бейім болсаңыз ,ең бірінші қол терісінің ішкі жағына (локтевой сгиб) жағып 5 минут күтіңіз,реакция болмаса шаш түбіне жағуға болады.

Нәтиже бар ,іздегенімді өте арзан бағада таптым.

Оны инста подругаларыма қалай жазбаймын . Кім никотиновая кислотаны қолданып көрді ?

Әсері қалай ,ұнады ма ?

Әлде қолданып көрмедіңіз ба ?

Аналарға кеңестер
2.0K views12:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 17:27:56 Жұмыртқа қабығының пайдасы

Балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. .
Ағзадағы кальций алмасудың бұзылуы мен қанның аздығына, тез салқын тиюге, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді. Әйелдерде түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал, ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қиындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңуі өте қиын.
.
Тауық жұмыртқасының (бөдене) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады да (көмірқышқылдық кальций) оңай қорытылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады. Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Ал олар ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түсуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациялық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.
.
Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының тауық пен бөдене секілдікіндей қасиеті жоқ. Жұмыртқа қабығын 1 жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай. Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді:
профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде);
— 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды;
— (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ; Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға үлкен септігін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронцийды жойып отырады. Күніне 2 ден 6 граммға дейін қолданылуы керек.
Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 грамдайын жақсылап майдалап, (кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде 1 рет жас мөлшеріне байланысты қабылдайды.

Аналарға кеңестер
797 views14:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 12:55:07
Шаштағы бит және сіркеден, басқа да қоқыстардан жылдам әрі нәтижелі құтылғыңыз келсе заказ берініз
wa.me/77767780603
1.1K views09:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 16:11:44 Бас ауыруы- ең көп таралған шағымдардың бірі. Өйткені ол барша аурудың белгісі ретінде жүреді.
.
Бас ауруының сипатына қарай
табиғатын білуге болады.
.
Бас ауруын туындататын 1500 себеп болады. .
1 себеп:

Бас миының венозды және жұлын ми сұйықтығының ағуының бұзылысы.

Бұл кезде бассүйекішілік қысым әсерінен ми тіні ісінеді. Ми тіні өз көлемінен ұлғайып, ми қабықшасы мен бассүйектің ішкі жағын тарылтады. .
Сыртқы қатты ми қабықшасында көөптеген нервтер болады.

Ми ісінген соң қатты ми қабықшасы ішкі қабықшамен байланысып ауру сезімі пайда болады.

Белгілері: самайда, маңдайда, түшкіріп-жөтелгенде, басты жан жаққа бұрғанда , басты төмен еңкейткенде қатты ауырады.

"Милы" құсу пайда болады. Құсу бас ауруы шыңына жеткенде іске қосылады. .
Барша науқастар ауырсынуды жеңілдететін белгілі бір қалыпта отырады.

Маңызды! Веналық не жұлын-ми сұйықтығы жатқан қалыпта ағуы нашарлайды, сол себепті бас ауыруы таңертеңгі не түнгі уақытқа тура келеді. яғни, ұйықтап тұрған соң басталады.

2 себеп:

Тамыр тарылуынан пайда болған бас ауыруы. Ақырындап басталып, қатты жан шыдатпас ауырсынуға әкеледі. Көбіне самай, бастың бір жағы, шүйде тұсы ауырады. Көпшілікте бастың жартысы мен қоса көз, мойындары да ауырады. .
Себебі: Бассүйек ішіндегі тамырлар тарылғанда тамырлар босаңсиды, тамырлардан көптеген ұсақ тесіктер ашылып, сұйықтық жанындағы тінге өтіп, ісінеді. .
Мұндай кезде қан қысымын өлшеген дұрыс. Қан қысымы жоғары болса Дибазол, Но-шпа, Папаверин ішкен абзал. Егер бұл препараттар əсер бермесе, ауру келесі фазаға өткенін көрсетеді. Бұл кезде Глицин, Аскорбин қышқылын қабылдаған дұрыс.
.
Мигрень (бас сақинасы) ұстаса- Циннаризин, Димедрол қабылдаған жөн.
.
.
Мәлімет түсінікті болды ма
. Ал, сіздің басыңыз жиі ауырады ма

Аналарға кеңестер
1.9K views13:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 17:52:53 Баланы қырқынан шығару


Бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік уақытты қауіпті, қатерлі деп санайды.
Жаңа туған нәрестені қараусыз қалдырмай,қырық күн күзетіп,бағу керек.
Жаңа босанған келіншектің қасында апасы,анасы болғаны дұрыс. Себебі ана үшінде қауіпті кезең болып саналады ,жаңа босанған ана сорпаланып ,ауыр көтермей күтінуі керек,күйзеліс болмағаны дұрыс (менде ондай адам жоқ ,күтіну бала қарау ,үй шаруасын өзім алып жүрдім). Аллаға шүкір бұл кезеңнен аман есен өттік .
Жақында босанған ана оқып отырса күтініп жүруіңізді сұраймын,себебі өзім қырқына дейін үш рет ауырып қалдым.
.
Рәсімді қалай өткіздік?! Ұл баланы 39 күні ,қыз баланы 40 күннен асырып қырқынан шығару керек.
Ұлымыз Сұлтанды қырқынан керемет жан,әріптесім,ақылшым,әпкем шығарды . Сізге алғысым шексіз,ұлдарыңыздың жолын берсін балапанымызға . 40 қасық су дайындап ішіне күмістен жасалған әшекейлер(күміс салынған су — ең таза су болып есептелінеді),күміс тиындар салынған суды сәбиге тілек айтып құйдық.
Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашын алып, ақ шүберекке түйіп қойдық,ал сүт тырнағын адам баспайтын жерге немесе ұрпағы көп болсын деп жеміс ағашының түбіне көміп тастау керек екен (біздікі әлі үйде тұр).
Осы күні баланың ит көйлегі шешілді. Жейдені ырымдап бала көтере алмай жүрген келіншекке беріп жібердім.
.
Сәби аңсап жүрген жандарға осы бақытты нәсіп етсін .
.
Сіздерде қандай ерекшелік бар ?

Аналарға кеңестер
861 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 15:43:50 Сынап термометрі сынса ...

Ең бірінші әрекетіңіз :
бөлмедегі барлық адамдарды ,үй жануарын шығару;
терезені ашып желдету;
маска,резиновые перчатки киіп сынықтарды және сынапты қағазға жинау,барлығын банкаға салып бетін жауып қою;
артынан фонарикпен тексеру;
қиын алынатын жерге түсіп кетсе мед.грушамен алу;
ескерту:
пылесос,сыпырғышты қолданбау керек
киген киімдерді пакетке салып лақтыру;
бөлмені бір апта бойы желдетіп,сабынды сумен жуу;
банкаға жиналған сынық пен ртуть арнайы жерге (сэс,ЧС)өткізу керек;
көп сұйықтық ішу;
активированный уголь ішу;
.
.
термометр баланың қолы жетпейтін жерде тұруы керек,ересек балаларға сынса өте қауіпті екенін түсіндіру;
өкінішке орай ең дұрыс өлшейтін түрі осы,электронды дұрыс өлшемейді .

Сіздің үйіңізде сындыма ? Не істедіңіз?

Аналарға кеңестер
895 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 15:57:15 Лямблиоз - қарапайым гельминт құрттары туындататын ауру болып саналады.

Әлемде 15-40%адам аталған аурумен ауырады. Ит пен мысық ауруды тасымалдаушылар болып саналады. Олардың ішегінен шыққан бойда лямблия өзінің хитин қабықшасына кіріп алып, ылғалды ортада өз иесін күтіп отырады. Сондай-ақ есік тұтқасы, кілем астында,суда, жуылмаған жемістерде жасырынып жатады. Адам жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, ауру жұқтыру қаупі жоғары.
Лямблия ағзаға түскен бойда жіңішке ішекке жайғасып, өз бөлмесінің орнаментін ретке келтіре бастайды.
Жіңішке ішек сізде кеден қызметін атқарады. Ішекке кірген пайдалы заттарды өткізіп, зиянды қалдықтарды ұстап қалады. Лямблияға мұндай кедендік одақ керек емес, сол үшін ішек бүрлерін,гликокаликс бекетін жойып тастайды. Бүрі кеткен ішек ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғармай барлығын дерлік өткізе бастайды. Ірі -ірі белоктарды көрген ағза оны танымай, шошынып, бөтен зат деп қабылдап,антиген арқылы шабуылға шығады. Осы ретте аллергиялық аурулар Сізді мазалай бастайды. Сіздің ішкі əскерлеріңізді өз бетімен қырылыстырған дұшпаныңыз Сізге бұйрық бере бастап , құлына айналдырады. Ол тəттіні жақсы көреді, тəттіге тапсырыс береді. Осылай, сіз "бірдеңе жегім кеп тұр","тəтті жейінші"деп тапсырысын қалтқысыз орындайсыз. Вип палатада жатқан дұшпаныңыз қоректеніп, көбейе бастайды, ал Сізге қорек жетпегендіктен ұйқыға кетесіз əрі əлсірей бастайсыз.

Ішектегі жойылған бүрлер,гликокаликс қайда кетеді деп ойланған жоқсыз ба? Əрине, ол токсинге(уға) айналады да жүйке жүйесін зақымдайды.
Д.Ф.Лямбль бұл құртқа"мұң мен қайғы паразиті"деп атау берген. Сіз сырт көзге қайғы мұңнан айырылмаған бейбақ кейпіне енесіз.

Клиникалық көрінісі: Анық жəне жасырын белгілері бар: бас ауруы, тілдің ақ жабынмен жабылуы, тісті қышырлату, əлсіздік, тері бозғылттығы,азғындық, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, көз астының көгеруі, бас айналу, іш ауруы сынды көптеген симптомдармен көрінеді.
Лямблияның бар-жоғын қалай білеміз? Оп-оңай! Лямблия тəттіні жақсы көреді. Бала болсын, Сіз болсын ет тағамдарынан бас тартып, тəттіні көп тұтына бастайсыз. Кіріс болады алайды шығыс болмайды.

Аналарға кеңестер
894 views12:57
Ашу / Түсініктеме