Get Mystery Box with random crypto!

Қандағы қант жайлы Неліктен дəрігерлер қандағы қанттың мөлше | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Қандағы қант жайлы

Неліктен дəрігерлер қандағы қанттың мөлшерін тексеруге көп көңіл бөледі Ойланып көрдіңіз бе?

Талқылайық...
Қан тамырлары негізгі қан жүру жүйесі. Ол арқылы организмнің əр клеткасының тіршілік етуіне қажетті тағамдық заттар жеткізіледі жəне зат алмасудан пайда болған соңғы қалдық өнімдерді сыртқа шығарады. Организмнің түгелдей барлық тіндерінде энергияның ең негізгі көзінің бірі немесе "отын"ретінде жағатыны глюкоза, яғни қант.
Қант жеткізілудегі үзіліс жүректің, мидың жəне т.б органдардың біркелкі жұмыс істемеуіне əкеліп соқтырады.
Ми ткані қантты көп қолданады. Сондықтан миды глюкозамен қамтамасыз етудегі өзгеріс ауру туғызады.
Бас ауруының пайда болуы ми қанайналымының өзгерісінен туындайды. Осы себептен бас ауырғанда 1 стакан тəтті қызыл шай жақсы əсер береді. Шай құрамындағы кофеин қан тамырларын кеңейтіп, қанайналымын жақсартса, қанға өтетін қант миды энергиямен байытады.
Дені сау адамда қант деңгейі 4,4-6,6 ммоль/л тең.
Қант деңгейін организм шебер реттеп отырады. Қанда қант азайса қантамыр қабырғасындағы нерв(хеморецептор) миға сигнал береді, ми бауыр мен бұлшықеттердегі полисахаридтерді ыдыратып қантты көбейтіңдер деп бұйырады. Осылай қант деңгейі жоғарлайды. Ал, қандағы қант көбейсе полисахаридтер қыш тәрізді бір жерде жиналады. Қант деңгейін гормондар(инсулин -ұйқы безі)да реттейді.Ол тканнің қантты пайдалануын тездетеді
Қант қай кезде көбейеді? стрессте, психоэмоциялық зорығуда, организмге көп физикалық күш салғанда. Мыс: спортшының старт алдындағы жағдайы, мысықтың иттен құтылу кезіндегі жағдайы
Қант қай кезде төмендейді? ашыққанда, шөлдегенде.
Бұл екі жағдай да аса қауіпті. Зардабы: кома я өліммен аяқталады. Сіз елестете алмайтын организм жүйесінің қызметі əлі талай таңқалдырады. Олар жайлы басқа кезде əңгімелеп беремін. Сондай- ақ қант диабеті жайлы арнайы пост қарастырылған . Себебі аталған ауру жайлы жазарымыз көп.

Деніңіз сау болсын құрметті оқырман

Аналарға кеңестер