Get Mystery Box with random crypto!

Қан қысымы төмендесе Бəрімізге белгілі, жоғарғы қан қысымы ор | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Қан қысымы төмендесе

Бəрімізге белгілі, жоғарғы қан қысымы организмге ауыр өзгерістерді туындатады. Ал, төмен қан қысымының(гипотония)организмге дайындаған "тосын-сыйы" қандай болмақ?
Талқыламыз.
Гипотония - қан қысымының қалыпты мөлшерден(120/80сын.б.б)төмен болған жағдайды айтамыз.
Гипотония анадан балаға берілу қасиетке ие, сол себепті балада бұл жағдай ерте бастан дамиды. Олар: аз қозғалады, ойын кезінде тез шаршап қалады, əлсіз болады.
Ересек гипотониктер əдетте бойшаң, арық болып келеді.
Гипотониямен кімдер ауырады?
Психоэмоциялық қысымда(стресс) жүретіндер
Диетада отырғандар(бұлшықет массасының азаюы-жүрек, зат алмасу, өкпе сынды органдардың қызметін нашарлатады)
кəсіби жұмыста(шахта, цех)қызмет жасайтындар
Спортшылар(төменгі қан қысымы организмнің қорғаныш реакциясы)
Белгілері қандай?
Бас миы қанайналымының нашарлауынан: самай, маңдай, желке тұсы солқылдата ауырады, мигрень(бастың бір жақ бөлігі ауырады), ауырсыну тұрақты сипатта болады, құсу, жүрек айну.
Əлсіздік, жұмысқа қабілеттілік төмендейді
Еске сақтау қабілеті төмендеп, ұмытшақ болады
қан ағысының баяулауынан организмде белсенділік азайып, адамдар депрессияға, ұрысқа, көңіл-күй тұрақсыздығына бейім болады.
Ауа жетпеу сезімі, көп есінеу
Аяқ-қол тоңып, жансыздануы мүмкін. көз көруінің нашарлауы
Организмге дайындаған "тосын-сыйы"
кез келген жаста миокард инфарктін, инсульт туындатуы мүмкін - қанайналымының баяулауынан жүрек, мидың кей бөлігіне қан жетпейді.
Оттегілік ашығу себебінен ерте қартаю.
Қан қысымын қалай көтереміз?
Көп шекер салып 1шыны қара шай, кофе ішіңіз. Шай сергектік қасиет беретін сусын.
Шоколад жеу керек-ол көңіл-күйді көтереді. Бірақ майлылығы 70%жоғары болмасын
Айран, сүзбе, жеміс-жидекті, кептірілген жемістерді көп тұтыныңыз
Толыққанды ұйқы- күніне 8-9 сағат
Контрасты душ
Жоғарыда аталғандардан да қан қысымы көтерілмесе 1 таблетка Цитрамон ішіңіз. Құрамындағы кофеин қан қысымын көтереді.
Жень-шень шөбінің тұнбасын ішіңіз.
Медицинада "Жастық шақта-гипотония, қартайғанда-гипертония қыр соңыңыздан қалмайды деген мақал бар. Бұл сырқаттарды соңыңыздан ілестірмей, дер кезінде дəрігерге қаралып алдын алыңыз. Себебі бұлар білдірмей денсаулығыңызды құрдымға жіберетін кеселдер.

Аналарға кеңестер