Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 44

2021-05-10 17:19:29 Босанғаннан кейін кейбір әйелдерде мынандай проблемалар болуы мүмкін:

1)Интимдік аймақта босану кезінде жыртылуына байланысты ауырсыну сезімі;

2)Жөтелгенде, күлгенде, секіргенде зәрді ұстай алмау;

3)Геморрой

4)Интимдік аймақтың терісінің түсі қарайып кетуі;

5)Шашы көп түсуі, тырнақтары сынғыш болуы, терісі құрғауы;

6)Іші салбырап қалуы;

7)Босанудан кейінгі депрессия;

8) Coitus кезінде қынаптан жел шығуы, қынаптың кеңеюі;

Зәрді ұстай алмауды емдеу үшін Кегель жаттығуын жасаңыз. Кегель жаттығуын дұрыс және жүйелі түрде жасайтын болсаңыз зәрді ұстай алмау, геморрой мазаламайтын болады.

Интимдік аймақтың терісі қараюын химиялық пилингтер арқылы қалпына келтіруге болады.

Шаштар көп түсуі, тырнақтар мен терінің жағдайы авитаминоздан болады. Сондықтан дұрыс тамақтанып, витаминдер қабылдаңыз;

Босанудан кейін депрессия статистикаға сүйенсек әрбір 4ші әйелде болады екен.
Таза ауаға көбірек шығыңыз, серуендеңіз.
Туыстарыңыздан, күйеуіңізден үй шаруасына, баланы қарауға көмек сұраңыз. Сәбиіңіз күндіз ұйықтаған кезде 15-20 минут болса да бірге ұйықтап демалып алыңыз.

Босанғаннан кейін 1,5- 2 айдан соң спорттың жаттығулар жасап сымбатыңызды қалпына келтіруді бастаңыз;

Кейбір әйелдерге қынаптың кеңеюінен, coitus кезінде жел шығуы жайсыздық тудырады. Дұрыс тамақтаныңыз, артық салмақтан арылып, спорттық жаттығулар жасаңыз, ағзаңызды шынықтырыңыз.
Кегель жаттығуын жасап үйреніңіз.

Егер бұлар көмектеспесе филлерлер арқылы қынапты тарылтуға болады. Ол операция емес, амбулаториялық жағдайда жасалынатын процедура. Гинеколог дәрігері гиалурон қышқылы препаратын қынап қабырғаларына салады. Ауру сезімі болмайды, 20-25 минутта жасалады. Процедура 6 ай-1жылға жасалынады. Одан кейін босануға болады, еш зияны жоқ.

Осындай келеңсіздіктер мазаласа приёмға келіңіз, әрдайым көмектесуге дайынмын.

Сізде босанғаннан соң проблемалар болды ма? Жаза отырыңыз.

Аналарға кеңестер
1.7K views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 19:42:26 Қыз бала гигиенасы

Кейде қыз баланың жыныс мүшелері қызарып, бөртіп, ісініп, зәр шығару кезінде ашып ауыруы мүмкін, қышу сезімі баланың мазасын алады.
Бұл жағдай вульвит деп аталады.

Кішкентай қыз балаларда эстроген гормоны әлі өте аз болуынан олардың жыныс мүшелерінің шырышты қабаты нәзік болады, тез жарақаттанады. Соның себебінен баланың сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы болады.

Вульвит мынандай себептерден де болуы мүмкін:
-Жөргектерді (памперс) жиі ауыстырмағаннан;
-Аллергиялар, мысалы кір жуатын ұнтаққа;
-Тар ішкиім қажап кетсе;
-Гельминтоздар ( ішек құрттары болса);
-Антибиотиктер қабылдағаннан кейін дрожжи өсуінен;
-Тамақ, құлақ, мұрын ауруларынан соң иммунитет төмендесе;
-Асқазан, ішек жолдары ауырса;
-Қант диабеті кезінде;

Маған приёмға кішкентай қыздарын көрсетуге алып аналар жиі келеді. Ең алдымен айтарым,баланың жыныс мүшелерін жуар алдында өз қолдарыңызды тазалап сабынмен жуыңыз.

Тырнақтарыңыз ұзын болса балаңыздың нәзік жерін тырнап кетуіңіз мүмкін.

Жаңа туған нәрестені әр зәр шығарған сайын жәй жылы сумен, ал үлкен дәретке отырған соң балаларға арналған сабынмен жуыңыз. Ал ылғалды салфеткаларды егер сумен жуындыру мүмкіндігі болмаған кезде ғана қолданыңыз.

Баланың жыныс мүшелерін жуған кезде алдынан артқа қарай жуындырыңыз.
Су өте ыстық немесе салқын болмауы керек.
Марганцовкамен немесе үлкендерге арналған гельдер қолданбаңыз.

Баланың іш киімдері таза, ақ түсті бояусыз, мақта матадан болғаны дұрыс.

Баланың киімдерін, төсек заттарын 60-90С жуыңыз.

Сіз қызыңызда бәрі жақсы ма? Сұрағыңыз болса жазыңыз.

Аналарға кеңестер
2.0K views16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 17:15:35 1 айға дейінгі баланың дамуы

баланың алғашқы айын бейімделу кезеңі деп атайды, ананың құрсағынан шығып алғаш тыныс алған сәттен бастап, бала жаңа ортаға үйрене бастайды. Сол себепті осы айында балаға ана тарапынан көп көңіл бөлінуі керек

Балаға ыңғайлы қалыпта, жиі-жиі мейірлене еміземіз, әсіресе алғашқы күндергі уызды
Ұйқысы 14-18 сағат аралығын құрайды
Кіндігі 3-15ші күн аралығында түседі, түскен кезде ешбір затпен өңдемейміз, өздігінен 3 аптаға дейін жазылады
Нәжісі сары, қоңырлау, жасыл түстер қалыпты, тәулігіне 1-10 ретке дейін, сұйық немесе қоймалжың болады.
Салмақтың алғашында 10%-ын жоғалтады, 2-3ші апталарында аптасына 150-200гр-нан салмақ жинап бастайды

Баланың бұл айдағы жетістіктері
Баланы ішпен жатқызсаңыз, басын көтеруге талпынады. Осы арқылы ол мойнын, арқасын және иығын жаттықтырады
Дыбыстарға назар аудара бастайды, дыбыс естілген жағына басын бұрады
Ойыншықты көзімен бақылай алады

Роддомнан шыққан соң поликлиникадан педиатр келіп патронаж жасайды, шағымдар түсінбеген сұрақтарды сол кісіден біліп аласыздар
Бала 1 айға толғанда баланы невролог, хирург, окулист тексеріп қарайды

Осы тақырыпта сұрақтарыңыз болса, комментарияға жазсаңыздар болады
2.4K views14:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 17:39:20 Гениколог ұсынатын дәрілер

D дəрумені адам ағзасында күн сəулесінің əсерінен түзіледі. Ол үшін тəулігіне 30 минут күн көзінде жүру керек.
Біздің ағзамыз үшін бұл дəруменнің маңызы өте зор.

Ол сүйектердің беріктігіне, бұлшықеттердің икемділігіне, жүрек-қантамырлар жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, иммундық жүйені күшейтіп, түрлі ауруларды болдырмайды.

Бұл дəрумені ағзаның барлық жүйесіне əсер етеді.
Д дəруменінің тапшылығы мына факторларға алып келеді:

1. Инфекциялар мен аутоиммундық ауруларға бейімділік

2. Үнемі шаршап жүру

3. Депрессия

4. Шаштың түсуі

5. Бастың тершеңдігі

6. Жаралардың жазылуы нашарлайды

7. Көздің көруі нашарлауы

8. Апатия, əлсіздік

9. Ашуланғыштық

10.Ішек жұмысы бұзылуы (іш өту т.б)

11. Ауыз жəне тамақта қыжыл сезімі болуы
12. Онкологиялық аурулар пайда болуы

13.Бұлшықеттердің ауруы

14. Буындардың сырқырауы

Бұл дəрумен жетіспеушілігі балаларда, кəрі кісілерде, куні бойы офистерде отырып жұмыс істейтін адамдарда, жүкті əйелдерде өте жиі кездеседі.

Кейбір мəліметтер бойынша елімізде əрбір 10 адамның 8-інде осы витамин тапшылығы бар екен.

Егер сізде жоғарыда аталған симптомдардың 2-3еуі болса қан анализін Д- 25(ОН) тапсырып білуге болады. Қалыпты жағдайда ол 30нмоль/л төмен болмауы керек.

Аналарға кеңестер
2.6K views14:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 17:19:35 ЖАТЫРІШІЛІК СПИРАЛЬ.

Жатырішілік спираль- ең ыңғайлы және ең көп қолданылатын жүктіліктен сақтану әдісі.

Жатырішілік спиральді босанған әйелдерге ғана қолдану керек.

Бала тумаған әйелдерге және жыныс жолдарының қабыну аурулары бар әйелдерге спираль салуға болмайды.

Спиральдің басқа да сақтану әдістеріне қарағанда артықшылығы:
-арзан
-ұзақ уақыт қолданылады
-салмақ қосуға әсері жоқ
-жүктіліктен сақтау әсері жоғары

Оның бір кемшілігі - етеккір әдеттегіден көптеу келуі мүмкін.

Спиральдің Т тәрізді, қолшатыр тәрізді, сақина тәрізді түрлері бар. Әр әйелдің жатыр құрылымына, туған балалар санына ,тағы басқа жайттарға сәйкес спираль түрін таңдаймыз.

Спиральдің гормоналды түрі де болады. Мысалы Мирена.Оны емдік мақсатта ғана қолданамыз.

Сіз қандай әдіспен сақтанасыз?

Аналарға кеңестер
3.0K views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 16:55:46
Осыны есте сақтаңыз
2.9K views13:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 18:25:57 ЖАТЫР МИОМАСЫ.

Жатыр миомасы — жатыр тінінің тегіс бұлшықет талшықтарында түйін түрінде пайда болатын қатерсіз ісік. ⠀

Орналасуына қарай :⠀
жатыр қабырғасынан ішке өсуі-интрамуральды миома;⠀
жатыр қуысының ішінде өсуі-субмукозды миома;⠀
жатырдан тыс өсу-субсерозды миома.⠀

Ықпал ететін факторлар:⠀
бала туатын мүшелердегі хирургиялық манипуляциялар (ауыр босану, аборттар, кесар тілігі), ⠀
тұқым қуалайтын бейімділік;⠀
басқа аурулар (диабет, гипертиреоз, семіздік және гипертензия);⠀
интимдік өмірде үйлесімнің болмауы.⠀

Симптомдары:⠀
қатты ауырсынумен циклдық қан кету;⠀
ұзақ ауырсыну;⠀
ұрықты көтермеу;⠀
ішек және қуық жұмысындағы проблемалар;⠀
анемия.⠀

Диагностикасы:⠀
УЗИ;⠀
гистероскопия, ⠀
МРТ;⠀
лапароскопия.⠀

Алдын алу :⠀
тұрақты гинекологиялық бақылау;⠀
түсіктерді азайту;⠀
дене белсенділігі.⠀

Пост пайдалы болса, сақтап алыңыз!

Чатқа қосылып отырыңыз
3.2K views15:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 16:34:06
Сәби иісін аңсап жүргендерге бұйырсын
Инста: @anagakerek
3.3K viewsedited  13:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 15:31:02 ПНЕВМОНИЯ ⠀

Пневмония – ауруханадан тыс жағдайда туындап, төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларының симптомдарымен (қызба, жөтел, қақырықтық бөлінуі, мүмкін іріңді, кеудедегі ауру сезім, ентікпе) жəне қарапайым диагностикалық альтернативалардың болмауы кезінде, өкпедегі «жаңа» ошақтық-инфильтраттық өзгерістерді рентгенологиялық белгілермен қатар жүретін жедел инфекциялық ауру.⠀


Мынандай түрлерін бөледі:⠀

1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде пайда болған, синонимдер: үй, амбулаторлық).⠀
2. Нозокомиалды пневмония (емдеу мекемесінде пайда болған, синонимдер: госпиталдық, ауруханаішілік).⠀
3. Аспирациялық пневмония.⠀
4. Ауыр иммунитет тапшылығы бар тұлғалардағы пневмония (туa пайда болған иммунтапшылығы, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне орналасуын анықтау мен асқынулардың болуы.⠀

Клиникалық белгілері:⠀

аурудың жедел басталуы;⠀
дене қызуының көтерілуі;⠀
шырышты-іріңді қақырықпен жөтел;⠀
ентікпе;⠀
көкірек тұсының ауырсынуы.⠀

Сізде осындай белгілер болса, тез арада дәрігерге көріну қажет

Аналар чатына қосылыңыз @anagachat
3.5K views12:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 17:07:03 Асқазан ауруында ОВСЯНАЯ КАША

Бүгін овсяная каша шынымен асқазан ауруларын емдейді ме? деген сұраққа жауап беремін

Асқазан себепсіз ауырмайды, ода проблема болғандықтан ауырады. Оған асқазанның кілегейлі қабығының бұзылуы және қабынуы немесе асқазан жұмысының бұзылысы жатады. Сондықтан ең дұрысы уақытша шаралардың орнына асқазанды тексеру және толығымен емдеу.

Сұлы ботқасы (овсяная каша) асқазанға сауығуға немесе ауырсынуды тоқтатуға көмектеседі деген пікірлер таралған. Сұлы ботқасының басқа ботқалар сияқты асқазанға қатысты жалғыз пайдалы көмектесетін қасиеті - оның консистенциясы. Ботқа жұмсақ және сұйық болады. Ол асқазанды емдемейді, оған жүктемені (нагрузка) төмендетеді.

Асқазанның негізгі функциясы - тағамды механикалық өңдеу. Егер адам асқазан ауруымен ауыратын болса, бізге қатты, құрғақ, майлы тағамды жеуге болмайды, асқазанға жүктеме түсіруге болмайды деген ой келеді. Бірақ жүктемені азайту ауруды жазбайды, тек симптомдарды азайтады. Олай өмір бойы сұлы ботқасында отыру керек болады, ал ол өз кезегінде тамақтану тапшылығына алып келеді .

Бұдан да толығырақ ақпарат білгісі келетін адамдар болса, келесі постта жазып өтетін боламын.
3.5K views14:07
Ашу / Түсініктеме