Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 37

2021-07-14 16:51:09 Цистит — қуықтың қабырғасында (көбіне кілегейлі қабықшасында) өтетін инфекциялық-қабыну процесі

Цистит ұлдарға қарағанда қыздарда 3 есе жиі кездеседі

Неліктен

Несеп-жыныс жолының мынадай анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері қыздар мен әйелдерде циститтің дамуында маңызды рөл атқарады: әйелдер үрпінің қысқалығы, қынап пен тік ішектің үрпінің сыртқы тесігіне анатомиялық жақын орналасуы.

бүл мүшелерден үрпінің іші мен қуыққа инфекцияның тарауы үшін қолайлы жағдайлар туғызады

Әйелдерде қуық пен жыныс мүшелері арасында тікелей лимфатикалық байланыс бар, сондықтан жыныс мүшелері қабынғанда (сальпингоофорит, эндометрит, параметрит және т.б.) инфекция қуыққа лимфогенді жолмен өтуі мүмкін.

Еркектерде цистит өлдеқайда сирек кездеседі, қуық асты безі, ұрык көпіршіктері, ен қосалқысы мен үрпі қабынғанда қуыққа инфекция түсуі мүмкін

Жедел цистит

Жедел цистит әдетте кенеттен, тоңудан бірнеше сағат өткенде пайда болады.

Жедел циститке тән белгілер

жиі дәрет сындыру

ауырсыну (дизурия)

қуықтың ауыруы,

Қуықтың қабыну процесі қаншама күшті болса, дөрет сындыру соншама жиілеп, ауыртады.

Циститтің ауыр түрінде науқастар әрбір 20-30 минөт сайын дәрет сындыруға мәжбүр болады

ашып ауру жөне несеп шығарудың соңында бірнеше қан тамшысы пайда болады.


Емі

Жедел циститпен ауырған науқасқа төсекте жату режимі қажет. Тағамнан ащы, тітіркендіретін дәмдерді шығару керек

Қуықтан қабыну өнімдерін шығаруды тездету мақсатында диурезді арттыру үшін сүйықты (тәулігіне 2 литрге дейін сілті сулары мен шырындарды) көп ішу қажет.

Камфорный масланы жақсаңыз уакытша ашытуды басады

Бак посев (анализ)корытындысына қарай антибиотиктер тағайндалады.

Әйелдерде циститтің алдын алу жолдары

Денені жылы ұстау

Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішіңіз-ауыз су, компот, жеміс сусындары (әсіресе мүкжидек!).

Синтетикалық іш киімді кимеңіз

Жеке гигиенаны сақтаңыз

Қорғалмаған жыныстық қатынастан аулақ болыңыз және жыныстық серіктестерді жиі өзгертпеңіз.

Сізде Цистит болганба?


Аналарға кеңестер
1.6K views13:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 18:03:00 Емізу кезінде іштің қатуы...

Көптеген әйелдер жүктілік кезінде іштің қатуы табиғи жағдай екенін біледі және сәби дүниеге келген соң бұл мәселе өз бетінше жойылады деп санайды. Бірақ, өкінішке орай, әрқашан олай болмайды.

Емізу кезіндегі іш қатуының себептері

Емізетін анада. Емізу кезіндегі іш қатуының негізгі себебі, жүктілік кезіндегі себептермен бірдей:

жатырдың ұлғаюына байланысты кіші жамбас органдары (және ең алдымен ішек) жылжиды, бұл оның жұмысына әсер етеді.
Босанудан кейін қалыпты орналасулар қалпына келеді, бірақ бірден емес.

Сонымен қатар, бұл кезеңде ішекке босаңсу әсерін беретін прогестерон гормоны бөлінуін жалғастырады. Бұл оның толқи жиырылуының (қысқаруының) нашарлауына алып келеді, соның нәтижесінде емізетін ананың іші қатауы болады.

Емізетін ананың рационында мыналар болуы тиіс:

ашымалы сут өнімдері (қатық, табиғи айран);
құрамында жасұнықтар көп тағам (көкөністер, жемістер, жармалар, ірі тартылған ұннан жасалған нан);
сұйық сорпалар;
майсыз ет;
өсімдік майлары.

Іш қатуы кезінде емізетін ана су ішу режимін ұстануы тиіс.

Су, шәй, компоттар, итмұрыннан жасалған қайнатпа, сумен араластырылған шырындар, пайдалануға болады.

Таңертен 1 стакан 200мл жылы су
Түнде ұйктар алдында 1стакан айран(кефир )ішіп жүруді әдетке айналдырыңыз

Аналарға кеңестер
506 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 17:41:43 Балаңыздың дене қызуы жиі көтеріледі ме

Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл ортаға үйренгенге дейін дене қызуы жоғарылау (37,0–37,4°C) болады.

Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына түседі (36,0–37,0°С).

Қалыпты кезеңде дене қызуы 36,0°С болып, келесі күні 37,5-ке көтерілсе, алаңдауға болады. Ал, егер күнделікті қызуы 37,0°С бола тұра, ешқандай жайсыздық байқалмаса, мазасызданудың қажеті жоқ.

Қызудың көтерілу себептері:

Кішкентай нәрестенің қызуы тым қалың киімнің әсерінен көтеріледі. Ауа өткізбейтін қалың көрпемен қымталған балада да өзгерістер болады. Өйткені, сәби ауа өзгерісіне бейімсіз болады.

тамақтанған кейін немесе жылағаннан соң дене қызуын өлшеуге ұмтылмаңыз.

Әдетте, баланың дене қызуы әлдебір инфекциялық аурулардың әсерінен болады.

1 жасқа дейінгі баланың тісі жарып шыққан кезде

вакцинациялық егуден кейін де көтерілуі мүмкін.

Қалай басамыз

үстіндегі киімін жеңілдетіп, бір реттік жаялығын (памперс) шешіңіз.

Жұқалау мата жаялығын жауып, жатқызыңыз.

Бөлменің іші тым салқын да, тым ыстық та болмауы тиіс.

Жылы сөздермен жұбатып, жиі-жиі шие, таңқурай, я болмаса лимон қосылған жылы шай беріңіз.

Денедегі сұйықтық азаятындықтан, тұзды су, болмаса жай қайнаған су беріңіз.

Температураны тусіретін парацетамол ,ибуфен цефекон свеча ларын қолдансаңыз болады

Аналарға кеңестер
438 views14:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 19:29:46 Бүйрек ауруының басты белгілері:

Бүйрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүшенің бірі.

Бүйрек әлсіздігінен бет, аяқ-қол, көздің айналасы ісіп кетеді.

Бүйрек ағзадағы суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы нашарлайды.

Мұны ретке келтірудің оңай шешімі ұйқы алдында суды аз мөлшерде ішіп,
белге арналған жаттығу жасау.

Әйелдердің тез тоңу себебі бүйрек әлсіздігінен болады.

Ол үшін тамақтану рационын қадағалап, қой еті, сиыр еті, ащы бұрыш, пияз, зімбір секілді азықтарды көбірек пайдаланған жөн.

Бүйрек әлсіздігі әйелдің жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылығын төмендетіп, себепсіз ашуланып климакс тым ерте басталуына әсер етеді.

бүйрегі әлсіз адамдар тез қартаяды.

Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, мидың шаршауы, ойдың үнемі бөлініп кетуі де бүйрек әлсіздігінен болады.

Бүйрек әлсіздігінен әйелдердің ішкі секреция жүйесі әлсіреп, бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуі азайып, денедегі зат алмасу процесі бұзылады.
Ол артық май жиналуына себеп болады.

Бүйрек әлсіздігінен қан қысымы артады. Мұндай белгілер байқалысымен, аурудың алдын алып, дәрігерге көрініп, емдік шаралар қолданбаса, бүйрек істен шығып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Өз денсаулығыңыз − өз қолыңызда.

Аналарға кеңестер
530 views16:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 15:27:31 БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕК ҚҰРТТАРЫ

Ішек құрт ауруы — паразитарлық ауруға жатады.

Ағзаға түскен құрттар сол ағза есебінен өмір сүреді.

Ондағы ақуыз, микроэлементтер мен дәрумендер арқылы қоректенеді.

Осының салдарынан ағзада зат алмасу жұмысы бұзылып дәрумендер тапшылығы болып қан аздыққа алып келеді.

иммунитетті төмендетеді.

Ішек құрт ауруының басты белгілері:

Баланың асқа тәбеті болмайды.

Алайда бала тәтті құмар болып

таңертең ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады және жүрегі айниды.

Бала үнемі құйрықтың төмен тартып ауырғанынан, қышитынынан мазасызданады.

Көзінің асты қарайып, әлсіздік пайда болады. Ішек құрттар баланың орталық жүйке жүйесіне кері әсер тигізеді

Балаға суық тимесе де, түнімен жөтеліп шығады.

Ауруды анықтау және емдеу

Оны тек анализ тапсырып қана анықтауға болады.

Қан анализі.

Жалпы анализге қан талдауы (аш қарынға тапсырылады) ішек құрттардың іште бар екенін көрсетеді

Аурудың алдын-алу үшін

қолды сабынмен тазалап жуу

қайнатылмаған су ішпеу

жеміс – жидектерді мұқият жуу

ыстық сумен шаю керек.

Паразиттерден сақтанудың ең тиімді тәсілі асқабақтың шикі дәні.

Аналарға кеңестер
1.4K views12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 17:55:49 Жүктілік кезіндегі қаназдық (анемия)

Анемия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру.

  Жүктілік кезінде баланың толық дамуы үшін толықтай оттегі (ауа) қажет. Жүктілік кезіндегі анемия балаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Жүктілік кезіндегі анемияның белгілері:

Әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі

Тез шаршау

Бас аурулары

Терінің және ауыз қуысының құрғауы

Шаштың нашарлауы, сынғыштығы, түсуі

дəм сезудің өзгеруі

Қыжыл, асқазанның ауырсынуы

Анемияның ауыр түрінде энурез (шыжың) жүреді

​. Анемияның алдын алу

  Анемияны дұрыс тамақтану арқылы алдын алуға болады. Құрамында темір және ақуызы көп тағамдарды тұтынған дұрыс.
Жүкті әйелдің диетасын:

майсыз ет, балық , ірімшік , жұмыртқа , сиырдың бауыры , картоп және қырыққабат, анар, алма және алмұрт қамтуы жөн.
 

Жүктілік кезіндегі анемия несімен қауіпті?

Жүктілік кезіндегі анемия токсикоз ауруын тудыруы мүмкін

Ұрықтың жатырда дамуының кешігуі (25%)

Анемия мерзімінен бұрын босану қаупін арттырады (21,5%)

Босану кезінде қан кету қаупі 3-4 есе арта түседі

Босанғаннан кейін жұқпалы асқынулар және емшек сүтінің жеткіліксіздігі

Анемия кезінде баланың шетінеу (өлі туылуы) қаупі (11,5%)

 
Анемияны емдеу

 Анемияны емдеу дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс. 

Анемия кезінде құрамында
темір бар дәрілерді тағайындайды.

Әрбір жағдайда, ол дәріні, оның мөлшерін, қабылдау уақытын, сондай-ақ қан анализдері арқылы емдеудің тиімділігін бақылайды.

Анемияны емдеу орта есеппен 5-8 аптаға созылатын ұзақ процесс. Қандағы гемоглабин қалыпты болғанша емделуді қажет етеді.

Аналарға кеңестер
740 views14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 19:53:30 ШАШТЫҢ ТҮСУ СЕБЕПТЕРІ

генетика
қартаю
дұрыс тамақтанбау
гормоналды бұзылулар
күйзеліс
экология
Нашар тарақ
препараттардың жанама әсерлері
жоғары температуралы (шаш кептіргіштер,үтіктер )


Шаштың саулығына біз жейтін тамақ пен дәрумендер әсер етеді.

Балық және теңіз өнімдері. Олардың құрамында фосфор, мырыш, йод және пайдалы майлар бар. Сонымен қатар, балықта В дәрумені көп және шашты нәрлендіруге қажет темір.

Жаңғақтар. Жаңғақ шаш күйін жақсартатын альфа-линолен қышқылына бай.

Жасыл көкөністер. Шашқа жасыл көкөністер мен жапырақтардағы заттар қажет - А және С витаминдері, кальций және темір.

тауық еті ақуызға өте бай. Оның құрамында темір де бар.

Жұмыртқалар. Жұмыртқаны қандай формада болмасын, ақуыздың супер көзі деп атауға болады. Олардың құрамында қажетті биотин бар.

Сүт өнімдері. Йогурт - бұл ыңғайлы тағамдар ғана емес, сонымен қатар шашты нығайту үшін өте пайдалы өнім. Сүт өнімдеріндегі сарысудың, казеин мен кальцийдің арқасында олар шашты керемет күшейтеді.

Сәбіз. А дәрумені, каротин сәбізде көп мөлшерде болатындығын бәрі біледі. Көруге оң әсер етумен қатар, бас терісінің күйіне де әсер етеді. Тері сау болса, шаш жақсы өседі

Аналарға кеңестер
142 views16:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 18:36:03 Жөтел- организмнің қорғаныш қабілеті. ⠀
Сау адамда да жөтел болады.Тыныс жолдарына, өкпеге жиналған шырыш, қақырық, бөгде заттарды сыртқа шығару үшін жөтел пайда болады. ⠀
Жөтелдің қызметі - өкпені тазарту.⠀

Қандай ауруларда жөтел болуы мүмкін :⠀
жоғары тыныс жолдарының инфекциялары⠀
бронхиальды астма, аллергиялық реакция ⠀
көкжөтел(коклюш, паракоклюш), жалған круп⠀
Бөгде зат⠀
жүрек аурулары, кіші қанайналым шеңбері бұзылысында ⠀

Жөтел белгілі бір ауруға байланысты болады :⠀
баланың мазасын алатын ұзақ жөтел⠀
куркілдеп жөтелу⠀
сырылды жөтелу⠀
"ит үрген" сияқты жөтелу(лающий) ⠀
жеңілдік әкелмейтін жөтел⠀
қақырықты жөтел -ысқырықты жөтел⠀
⠀ Қалай емдейміз ⠀
Бірінші себебін анықтау керек. ⠀
Оны дәрігер анықтап, ем тағайындайды.⠀
Пайда болу себептеріне байланысты:⠀
ЖӨТЕЛДЕ пайдаланатын дәрілердің 2 түрі болады:⠀
Мидағы орталыққа әсер ететін препараттар тағайындалады,бұл препараттардың жанама әсерлері өте көп!Бұл препараттарды тек қатаң медициналық көрсеткіштер болған жағдайда⠀
қолданылады және тек дәрігер тағайындайды ⠀
Құрамында амброксол, ацетилцистеин,бромгексині бар препараттар тағайындалады.2 жасқа дейін болмайды, кейбір елдерде 5 жасқа дейін тағайындалмайды. ⠀

Себебі, балада тыныс алу бұлшық еттері әлсіз дамыған, ал бұл препараттар қақырықты көбейтеді, бала өз бетімен өкпеде толып тұрған қақырықты шығара алмайды, одан кейін асқынуға, пневмонияға, обструкцияға әкеліп соғуы мүмкін. ⠀

Бұл топ дәрілерін тек қана дәрігер тағайындандайды.⠀
⠀ Егер жөтелге қоса⠀
3 айға дейінгі бала+қызу+жөтел⠀
Ентікпе⠀
Тыныс алуы қиындаған⠀
Ерні көгерген⠀
Құлағы, басы ауырады.⠀
Тамақтан, емуден бас тартады⠀
Жөтел бірнеше аптадан асты⠀
Сырылды, ит үрген тәрізді, баланы қинайтын жөтел. ⠀

Ата-аналар не істеу керек ⠀

уй ішін ылғалдандыру⠀
таза ауамен қамтамасыз ету.⠀
тыныс алу гимнастикасын жасау⠀
кеудеге массаж: баланы аяғымызға екпетінен жатқызып, арқасыннан, өкпе тұсынан төменнен жоғары қарай жай екпінмен, бірқалыпты қағамыз. ⠀
Баланың басы төмен болу керек.⠀

Бала қозғалыста болса қақырық қозғалып, сыртқа шығуы жеңілдейді

Аналарға кеңестер
314 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 17:46:31 Көздің асты неге көгереді?

Ата-аналарды баланың көз астының көгерулері (темные круги) жиі мазалайды!⠀

Көп жағдайда бұл ауру емес, көбіне баланың ерекшелігі болып табылады. ⠀

Көздің астының терісі жұқа⠀
қан тамырларға бай⠀
қантамырлар беткей орналасады⠀

ЕГЕР бала белсенді, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш, таза ауада көп серуендейтін болса⠀
ДЕМЕК-Баланың дені сау!⠀
Белсенді, көңілді баланы орынсыз тексеріп, емдеудің қажеттілігі жоқ!

Қандай себептері бар????⠀
Анатомо-физиологиялық ерекшеліктер,тұқымқуалаушылық.⠀
Ұйқының жеткіліксіздігі, шаршағыштық⠀
Отбасыдағы келеңсіз жағдайлар⠀
Компьютерлікойындар,смартфон, телевизорды ұзақ қарау ⠀
Таза ауаға көп шықпау⠀
Теміржетіспеушілік анемияның болуы⠀
Аллергиялық ринит ⠀
Конъюктивит ⠀
Аденоидтар⠀
ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) ⠀

ДЕМЕК Осы себептер көз астының көгеруіне жиі алып келеді....

Әрине, педиатрдың қабылдауына бару қашанда артық етпейді!

Әрбір бала махаббатқа толы,⠀
жауапкершілігі жоғары отбасында тәрбиеленуге лайықты!!!!

Аналарға кеңестер
454 views14:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 14:46:56 НӘРЕСТЕЛЕР НЕГЕ ЖЫЛАЙ БЕРЕДІ?

Себептерін анықтайық...

Жаңадан өмірге келген соң сөйлеуді білмегендіктен, жылау арқылы назар аудартуы.

Бала анасының назар аударғанын қалайды. Яғни өздерін қауіпсіз сезіну үшін, қорғанысқа түсуі керек.
Емшек сүтімен қоректенетін бала мүлдем қорғансыз және жалғыз қалудан қорқады.Сол үшін анасының қасында болуын қалайды.

Баланың қарны ашуы, ұйқысының келгені, зәр шығаруы бұлар физиологиялық қажеттіліктері болып табылады.

Баланың алғашқы 3 айна дейін колика мазалайды.

Балалардың ұйқысы бұзылып ауырсыну сезімдері мазалайды.
Бұл кезеңде баланың ішектік ферметтік жүйесі әлі толық қалыптасып үлгермейді. Іші желденіп, іштің қысылуын және ауырсынуын тудырады.

Баланың қатты ыңғайсыздық туындауы бұл кезде- жылауы қатты дыбысқа, қараңғыға, денесіне бататын киімге(төсек орынға), тығыз орауға, дымқыл жаялыққа реакция болуы мүмкін.

Егер балаңыз тоқтаусыз көгеріп жылайтын болса-дәрігерге апарыңыз.

Тіс шығар кезінде шамамен 3айдан басталады. Ең бірінші күрек тістері шығып ең ауыр жарылады. Температура беріп, үлкен дәреті жасыл, сары түсті, іртіктеніп бұзылады.

Сіздің балаңызда осы жағдай болған кезде қалай бастыңыз жылауын?
Жаза отырыңыз

Аналарға кеңестер
1.5K views11:46
Ашу / Түсініктеме