Get Mystery Box with random crypto!

Варикоз мазаласа Көктамыр аурулары ішінде ең көп таралған тү | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Варикоз мазаласа

Көктамыр аурулары ішінде ең көп таралған түрі- көктамырлардың керіліп кеңеюі(варикозное расширение вен).
.
Бұл сырқат кезінде көктамырлардың көлемі ұлғайып, түрі өзгеріп, созылғыштығы азаяды. Көбіне, аяқтың төменгі жағы зақымданады; мұнда ісінген көктамырлар теріден буылтықтанып көрініп тұрады, демек олар көктамыр түйіндері деп аталады.Бұл көбіне оларда қан тамырларының(тромбофлебит) ұюы ауруына алып келеді. Қан ұюының əсерінен қанайналымы бұзылады,ұзақ уақыт жүру аяқ көктамырларының керіліп кеңеюінің дамуына себепкер.
.
Ауру біртіндеп дамиды, көбінесе теріасты тамырлары зақымданады. Аурудың даму барысында терінің зақымданған жерлерінде қара-қызыл жəне қоңыр дақтар пайда болады. Терінің қоректенуінің бұзылуы уақыт өте келе трофикалық жараларды туындатуы мүмкін. Көктамырлардың керіліп кеңеюі көбіне кешке қарай аяқтың ісінуіне əкеп соғады. Жүргенде аяқтың шаршағаны байқалады. .
Ауруды асқындырып алмас үшін тұрақты түрде профилактикалық шараларды жүзеге асыру қажет. Алдымен, қалыпты қанайналымына кедергі болатын себепті жою керек. Егер жұмыста көп отыруға тура келсе, ауру аяқты көлденең қойып отыруға дағдыланыңыз. Сосын 1,5 сағ сайын шамалы жүріп келу, болмаса аяқтың ұшынан 10-15 рет көтерілу, жұмыстан соң серуендеу керек.
Созылғыш бинтпен таңу да жақсы емдік əсер береді. Бинтті таңертең төсектен тұрмастан бұрын, жатқан қалпыңызда аяқты сəл көтеріп тұрып таңған дұрыс.Бинтті аяқтың бармақтарынан бастап тізеге дейін таңыңыз.Мына кеңестерге құлақ түріңіз
.
Хмель бүршігі. Бір ас қасық бүршікті ұнтақтап,үстіне 1 стакан қайнаған су құйып, 15 мин су буына қыздырасыз. Қайнатпаны күніне 3 стаканнан астан бұрын ішесіз. Қайнатпа сіңірілген дəкемен көктамырдың кеңейген жерін таңып тастайсыз.
Бал мен сарымсақ. 250 г үгітілген сарымсаққа 350 г сұйық бал қосып, араластырып 1 апта тұндырасыз. Кейін күніне 1 ас қасықтан 3 рет астан бұрын қабылдайсыз. Курс1-2 ай.
Картоп. Болгарияда шикі картоппен емдейді. Аяқтың зақымдалған жеріне шикі картопты 1 см қалыңдықта салып 6-8 қабат дəкемен таңып тастап 4-5 сағ ұстаңыз.
Ванга əжей кеңесі: Көк грек жаңғағына зəйтүн(оливка) майын құйып, ыдысты 40 тəулік күнге қойыңыз. Кейін ауырған жерге дəрі таусылғанша жағыңыз.

Аналарға кеңестер