Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілік кезіндегі қаназдық (анемия) Анемия – қанда оттегі | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жүктілік кезіндегі қаназдық (анемия)

Анемия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру.

  Жүктілік кезінде баланың толық дамуы үшін толықтай оттегі (ауа) қажет. Жүктілік кезіндегі анемия балаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Жүктілік кезіндегі анемияның белгілері:

Әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі

Тез шаршау

Бас аурулары

Терінің және ауыз қуысының құрғауы

Шаштың нашарлауы, сынғыштығы, түсуі

дəм сезудің өзгеруі

Қыжыл, асқазанның ауырсынуы

Анемияның ауыр түрінде энурез (шыжың) жүреді

​. Анемияның алдын алу

  Анемияны дұрыс тамақтану арқылы алдын алуға болады. Құрамында темір және ақуызы көп тағамдарды тұтынған дұрыс.
Жүкті әйелдің диетасын:

майсыз ет, балық , ірімшік , жұмыртқа , сиырдың бауыры , картоп және қырыққабат, анар, алма және алмұрт қамтуы жөн.
 

Жүктілік кезіндегі анемия несімен қауіпті?

Жүктілік кезіндегі анемия токсикоз ауруын тудыруы мүмкін

Ұрықтың жатырда дамуының кешігуі (25%)

Анемия мерзімінен бұрын босану қаупін арттырады (21,5%)

Босану кезінде қан кету қаупі 3-4 есе арта түседі

Босанғаннан кейін жұқпалы асқынулар және емшек сүтінің жеткіліксіздігі

Анемия кезінде баланың шетінеу (өлі туылуы) қаупі (11,5%)

 
Анемияны емдеу

 Анемияны емдеу дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс. 

Анемия кезінде құрамында
темір бар дәрілерді тағайындайды.

Әрбір жағдайда, ол дәріні, оның мөлшерін, қабылдау уақытын, сондай-ақ қан анализдері арқылы емдеудің тиімділігін бақылайды.

Анемияны емдеу орта есеппен 5-8 аптаға созылатын ұзақ процесс. Қандағы гемоглабин қалыпты болғанша емделуді қажет етеді.

Аналарға кеңестер