Get Mystery Box with random crypto!

Цистит — қуықтың қабырғасында (көбіне кілегейлі қабықшасында) | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Цистит — қуықтың қабырғасында (көбіне кілегейлі қабықшасында) өтетін инфекциялық-қабыну процесі

Цистит ұлдарға қарағанда қыздарда 3 есе жиі кездеседі

Неліктен

Несеп-жыныс жолының мынадай анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері қыздар мен әйелдерде циститтің дамуында маңызды рөл атқарады: әйелдер үрпінің қысқалығы, қынап пен тік ішектің үрпінің сыртқы тесігіне анатомиялық жақын орналасуы.

бүл мүшелерден үрпінің іші мен қуыққа инфекцияның тарауы үшін қолайлы жағдайлар туғызады

Әйелдерде қуық пен жыныс мүшелері арасында тікелей лимфатикалық байланыс бар, сондықтан жыныс мүшелері қабынғанда (сальпингоофорит, эндометрит, параметрит және т.б.) инфекция қуыққа лимфогенді жолмен өтуі мүмкін.

Еркектерде цистит өлдеқайда сирек кездеседі, қуық асты безі, ұрык көпіршіктері, ен қосалқысы мен үрпі қабынғанда қуыққа инфекция түсуі мүмкін

Жедел цистит

Жедел цистит әдетте кенеттен, тоңудан бірнеше сағат өткенде пайда болады.

Жедел циститке тән белгілер

жиі дәрет сындыру

ауырсыну (дизурия)

қуықтың ауыруы,

Қуықтың қабыну процесі қаншама күшті болса, дөрет сындыру соншама жиілеп, ауыртады.

Циститтің ауыр түрінде науқастар әрбір 20-30 минөт сайын дәрет сындыруға мәжбүр болады

ашып ауру жөне несеп шығарудың соңында бірнеше қан тамшысы пайда болады.


Емі

Жедел циститпен ауырған науқасқа төсекте жату режимі қажет. Тағамнан ащы, тітіркендіретін дәмдерді шығару керек

Қуықтан қабыну өнімдерін шығаруды тездету мақсатында диурезді арттыру үшін сүйықты (тәулігіне 2 литрге дейін сілті сулары мен шырындарды) көп ішу қажет.

Камфорный масланы жақсаңыз уакытша ашытуды басады

Бак посев (анализ)корытындысына қарай антибиотиктер тағайндалады.

Әйелдерде циститтің алдын алу жолдары

Денені жылы ұстау

Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішіңіз-ауыз су, компот, жеміс сусындары (әсіресе мүкжидек!).

Синтетикалық іш киімді кимеңіз

Жеке гигиенаны сақтаңыз

Қорғалмаған жыныстық қатынастан аулақ болыңыз және жыныстық серіктестерді жиі өзгертпеңіз.

Сізде Цистит болганба?


Аналарға кеңестер