Get Mystery Box with random crypto!

Жөтел- организмнің қорғаныш қабілеті. ⠀ Сау адамда да жөтел бо | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Жөтел- организмнің қорғаныш қабілеті. ⠀
Сау адамда да жөтел болады.Тыныс жолдарына, өкпеге жиналған шырыш, қақырық, бөгде заттарды сыртқа шығару үшін жөтел пайда болады. ⠀
Жөтелдің қызметі - өкпені тазарту.⠀

Қандай ауруларда жөтел болуы мүмкін :⠀
жоғары тыныс жолдарының инфекциялары⠀
бронхиальды астма, аллергиялық реакция ⠀
көкжөтел(коклюш, паракоклюш), жалған круп⠀
Бөгде зат⠀
жүрек аурулары, кіші қанайналым шеңбері бұзылысында ⠀

Жөтел белгілі бір ауруға байланысты болады :⠀
баланың мазасын алатын ұзақ жөтел⠀
куркілдеп жөтелу⠀
сырылды жөтелу⠀
"ит үрген" сияқты жөтелу(лающий) ⠀
жеңілдік әкелмейтін жөтел⠀
қақырықты жөтел -ысқырықты жөтел⠀
⠀ Қалай емдейміз ⠀
Бірінші себебін анықтау керек. ⠀
Оны дәрігер анықтап, ем тағайындайды.⠀
Пайда болу себептеріне байланысты:⠀
ЖӨТЕЛДЕ пайдаланатын дәрілердің 2 түрі болады:⠀
Мидағы орталыққа әсер ететін препараттар тағайындалады,бұл препараттардың жанама әсерлері өте көп!Бұл препараттарды тек қатаң медициналық көрсеткіштер болған жағдайда⠀
қолданылады және тек дәрігер тағайындайды ⠀
Құрамында амброксол, ацетилцистеин,бромгексині бар препараттар тағайындалады.2 жасқа дейін болмайды, кейбір елдерде 5 жасқа дейін тағайындалмайды. ⠀

Себебі, балада тыныс алу бұлшық еттері әлсіз дамыған, ал бұл препараттар қақырықты көбейтеді, бала өз бетімен өкпеде толып тұрған қақырықты шығара алмайды, одан кейін асқынуға, пневмонияға, обструкцияға әкеліп соғуы мүмкін. ⠀

Бұл топ дәрілерін тек қана дәрігер тағайындандайды.⠀
⠀ Егер жөтелге қоса⠀
3 айға дейінгі бала+қызу+жөтел⠀
Ентікпе⠀
Тыныс алуы қиындаған⠀
Ерні көгерген⠀
Құлағы, басы ауырады.⠀
Тамақтан, емуден бас тартады⠀
Жөтел бірнеше аптадан асты⠀
Сырылды, ит үрген тәрізді, баланы қинайтын жөтел. ⠀

Ата-аналар не істеу керек ⠀

уй ішін ылғалдандыру⠀
таза ауамен қамтамасыз ету.⠀
тыныс алу гимнастикасын жасау⠀
кеудеге массаж: баланы аяғымызға екпетінен жатқызып, арқасыннан, өкпе тұсынан төменнен жоғары қарай жай екпінмен, бірқалыпты қағамыз. ⠀
Баланың басы төмен болу керек.⠀

Бала қозғалыста болса қақырық қозғалып, сыртқа шығуы жеңілдейді

Аналарға кеңестер