Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 35

2021-08-12 17:32:15 Ішектердің қызметін қалыпқа келтіру үшін. Не істеу керек?

Ішек микрофлорасы бұзылысы болса, ішектердің қызметі бұзылады. Диарея немесе іш қатулар пайда болады. Тамақ арқылы минералдардың, витаминдердің сіңімділігі төмендейді.
Әрине, иммунитет төмедейді. Ағзаның басты иммунитеті ішекте.
Өйткені, ішек арқылы ішіп жатқан барлық өнімдердің сіңірілуі болады.

Ішектердің қызметі бұзылысы:

Антибиотиктер қабылдау.
Дәрілік заттар ішу.
Тағамдық токсикоинфекция.
Диарея.
Инфекциялық аурулардан кейін.
Шала туылған балаларда ішек қызметі дұрыс қалыптасып үлгермейді.

Пробиотиктер жайлы айтқым келіп отыр. Пробиотиктер қазіргі таңда өте көп, бірақ құрамындағы ағзаға керекті бактериялардың түрлері ішекте өсуге бейім емес.

Балаларда іш қату немесе түсініксіз іш өту. Антибиотикті ем ұзақ қабылдағаннан кейін пробиотиктер ішу маңызды. Өйткені, антибиотиктер ішектегі микрофлораны жойып тастайды.

Құрамы жақсы және ішекте тұрақталатын пробиотиктер:

Максилак
Макслак junior
Опефера
Бак- сет беби
Лабицид s4

Iherb-таг алсаңыз тіпті керемет дозировка жоғары болады.
Flora: Super 8 Hi- potency probiotic
PB8 Probiotic
Kirkman: Pro-Bio Gold
IsoFresh: Probiotic

Карусельді жылжыту арқылы суреттерін көре аласыздар.

Жиі қолданылатын пробиотиктер:

Хилак форте
Линекс
Ферталь
Энтерожермин

Қолдануға кеңес бермеймін, өйткені құрамында асқорыту ферменттеріне тұрақталмай жойылып кететін бактериялар.

Жоғарыда айтылған пробиотиктерді іштіңіздер ма?
Пробитиктер жайында сұрақтарыңыз бар ма?
727 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 07:30:32 100% өкінбейсіз!!!

Сізге керемет ұсынысым бар, соңына дейін оқып шықсаңыз

2021 жылдағы табыс табудың нақты 4 жолын игеріп, айына 200.000 — 500.000 табысқа шығу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

*Онлайн миллионер жобасы*
*Бұл 4 үлкен курс қосындысы*
Психология/тайм-менеджмент курсы( құны 2000)
Кәсіпті нөлден бастау курсы (құны 15000)
Ұсыныс және сату курсы (құны 45000)
Мобилография курсы ( құны 20000)

*Жалпы құны 100000 теңге*
*Нарықтағы құны 15000 теңге*

Сонымен қатар бізде *Каспи ред арқылы бөліп төлеу бар*

Жобаға қосылу арқылы жаңа ортаға, табысты ортаға келесіз. Ол сіздің тез табысқа шығуыңызға әсер етеді.

*24/7 куратор кез келген сұрағыңызға жауап береді.*

Табысты ортадан өз орныңызды алыңыз.

*Курстан не аласыз:*

сертификат аласыз
таргетолог арқылы табыс табасыз
таплинк сайт жасау уйренесіз
баннер жасап үйренесіз
сату техникаларын уйренесіз
жеке бренд жасайсыз
профессиональный смм болып шығасыз
мықты сетевик болып шығасыз

Бонусқа смм сабағы беріледі!
Сізде жеке кабинет болады!
Серіктес болғаныңыз үшін курсты сатуға рұқсат беріледі! https://api.whatsapp.com/send?phone=77764612704&text=%D0%A1%D3%99%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%96%D0%B7%20%D0%B1%D0%B5%3F%D0%96%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%B3%D1%96%D0%BC%20%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D1%96%3F
763 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 07:30:29
709 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 17:55:18 Акне (безеу) пайда болу себептері

Акне (угри)- созылмалы тері май қабатының қабынуы. Тері майының көптеп шығарылуы нәтижесінде тері тесіктерінің(поры) бітелуі.

Акне пайда болу себептері:
Тестостерон гормоны
Етеккір алдындағы акне
Асқорыту жүйесінің аурулары
Күйзеліс (стресс)
Иммундық жүйенің әлсіреуі (жергілікті иммунитет, яғни терінің)
А және Е витаминдерінің жетіспеушілігі

Сыртқы әсерлер:
Косметика
Безеулерді сығу
Дәрілік заттар қолданғаннан кейінгі
Профессионалды химиялық заттармен жұмыс істеу
Ультрафиолет сәуле ( УФ индексті ауа райы бөлімінен қарау, Бет күтімі жазбасында толық ақпарат бар )
Темекі шегу (никотин тері майларының көптеп бөлінуін ынталандырады.

Алдын -алу шаралары:
Косметиканы ауыстыру- терілік тесікшелерді(поры) бітейтін кремдер( құрамында воск, диметикон бар болса), далаптарды қолданбау , макияжбен ұйықтамау, бет терісін косметикадан тазалап ұйықтаңыз, теріңіз демалуы керек.

Бет терісін арнайы тазалаушы құралдармен тазалау, сабын , құрамында спирт және ацетон бар лосьондар қолданбау

25 жастан кейін косметологқа жылына бір рет міндетті түрде тазалау шараларына бару. 25 жастан кейін бет терісінің күтіміне қарқынды көңіл бөлу керек!

Егер гормональды себеппен шыққан акне болған жағдайда дерматолог консультациясын алу, анализдер тапсыру.

Тамақтануға көңіл бөлу, рационнан қабынуға алып келетін тағамдардан бас тарту олар:
-Сүт өнімдері
-Тәттілер
- Алкоголь
- Фастфуд
- Қуырылған картоп
- Кетчуп және соустар
- Газдалған сусындар
- Ұннан жасалған тәтті бәліштер

Құрбыңызбен бөлісіңіз
1.3K views14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 10:48:21 Бала қашан жүру керек?


Әр баланың жүруі әркімде әрқалай, оның бұлшық ет тонусына, физикалық дамуына байланысты.Бұл да дайындық арқылы келеді, оған гимнастика әдістерін жасатып, массаж жасау керек. Бұлшық етті шыңдау керек.

Баланың өздігінен жүруі 10 айдан бастап 1,5 жасқа дейін. Егер сәби 1,5 жасында өздігінен жүрмейтін болса, онда дәрігерлерге қаралу керек.

Өйткені барлығы да баламен қанша уақыт айналысқанына, жаттығулар жасағанына байланысты.

⠀Дәрігерлер біреудің баласы ерте отырды екен деп, өз балаңызды қинау қателік болатынын және оның қауіптері барын айтады.

Біреудің баласы ерте отырып, ерте жүрді екен деп өз балаңызды қинап отырғызу дұрыс емес.

Дәрігердің ата-аналарға беретін басты кеңесі: баланың үйлесімді дамуы үшін ата-ана тарапынан көп еңбек қажет.

Жаттығулар мен баламен сөйлесуді тоқтатпаған дұрыс. Үй жағдайында жасауға болатын жаттығулар өте көп. Тек ерінбесе болғаны.

Сіздің балаңыз, қай жастан бастап жүрді?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
1.4K views07:48
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 18:13:51 Іш қату дегеніміз не?

Ана сүтін еметін балаларда 7 күннен аса, ал жасанды тамақтанатын немесе қосымша тамақ ішетін балаларда 3-4 күннен аса дәреті болмауы іш қатуы болып есептеледі.

Дәрет қатты болса, кей балалар тіпті күнде бір рет үлкен дәрет шығаруы мүмкін, бірақ қатты болып шығуы мүмкін. Бұл да іш қатуға жатады.

Іш қатудың негізгі екі түрі болады:

Функциональды – 95% жағдайда кездесетіні. Яғни ішектің моторлы қызметінің бұзылуы. Бұл көбіне бала жасанды тамақтандырылғанда, балаға қосымша тамақ енгізіп бастағанда, горшокқа үйрете бастағанда, су ішудің жеткіліксіздігінде және тағамда клетчатка жетіспеуінде пайда болады.

Органикалық – 5% жағдайда ғана кездеседі, бұл белгілі бір аурулардың әсерінен іш қатуы пайда болуы.

Іш қатудың емі:

Балаға сұйық тамақтарды, жеміс-жидектерді қосу, суды салмағына байланысты қабылдау керек. Ұнды өнімдерді азайту керек.

Іш қатуы баланы енді мазалап жатса, яғни созылмалы түрі болмаса – онда бір реттік микроклизма жасауға немесе глицеринді свеча қолдануға болады. Баланың іш жүруі қалыпқа келген соң қолданудың қажеті жоқ.

Егер баланың іш қатуы бірнеше апта, айлар, жылдар бойы жалғасып жатқан болса, іш жүргізетін дәрілер қолданған жөн.Тек дәрігердің рұқсатымен ғана бересіз.

Балаңыздың іші қатса ішіне массаж жасау арқылы көмектесе аласыз

Іш жүргізетін дәрілердің 3 түрі болады:

1. Осмотикалық (Дюфалак, порталак, нормазе, форлакс) – сұйықтықтың тоқ ішекке көбірек жиналуын тудырып, қатқан нәжісті жібітіп, көлемді етіп, сыртқа шығуына жағдай жасайды. Сондықтан да бұл препараттарды қабылдағанда балаға көп мөлшерде су ішкізген жөн.

2. Май түріндегі (вазелинді май) – қатқан нәжісті жұмсартып, сыртқа шығаруға көмектеседі. Дәмсіздеу болғандықтан шырынмен қосып беруге болады. Бірақ 5 күннен артық уақыт беруге болмайды. Себебі нәжісті тым майлы етіп жібереді.

3. Ынталандырушы (Сенна, Бисакодил) – ішек перистальтикасын күшейтеді, нәжісті жұмсартып, ішектің итеріп шығаруына жағдай жасайды, 8 сағатта әсер етеді.

Балаңызда іш қату болдыма, қалай емдедіңіз?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
674 views15:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 15:44:21 Шәй ішудің зияны?

"Тек қазақтар ғана шәй мен шәйдің арасында шәй ішеді" деген анекдот та бар иә ⠀
⠀⠀
Шәйдің негізі пайдасынан зияны көп! ⠀Оның зияны құрамындағы кофеинде жатыр. ⠀Қара шәй, көк шәй, кофе, цитрамон бәрінде кофеин бар. Демек бұлардың ағзаға келтіретін негізгі әсерлері бірдей.

Шәй ішкеннен кейін ағзамызда не болады? ⠀⠀
⠀⠀
Қышқылдану процессі⠀⠀

Ағзаның қышқыл сілті балансы бұзылып қышқылдану жүрілген кезде ағза қышқылдықты ретке келтіру үшін кальций, магний басқа да минералдарды бөліп шығарады. Осылай өте қажетті минералдарымызды шайып жібереді деуге болады.⠀⠀

Және де қышқылдану процессі түрлі аурудың бастамасы.⠀

Сусыздану процессі ⠀⠀

Шәйдың несеп айдайтын қасиеті бар. Сондықтан 1 кесе шай 2 кесе суды денеден шығарады. ⠀⠀

Күніне 1 литр шай ішсеңіз ішкен 2 литр суыңыз зая кетеді деген сөз .⠀

Сөйтіп ағзаңыз теріге дейін құрғап жүреді. ⠀

Егде жастағы адамдардың қан қысымын жоғарылатады.⠀⠀

Адамды белсенді қартайтады.⠀⠀

Осыдан кейін қалай шәйды көп іше аласыз?⠀


Ал сіз қанша мөлшерде шәй ішесіз?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
830 views12:44
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 17:03:32 Майтабанды алдын алу. 

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады: 

Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты домалатып сырғанату; 

Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді, соны табанмен қысып умаждау керек. 

Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау; 

Табанымен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау. 

*екі табанның арасына допты қысып көтеру;

*табанының үшімен, өкшесімен және табанның ішкі шетімен кезектеп жүру;

*бұжырлы бетте жүру (массажды кілемше, құм, жұмыр тас);

*бөрене үстінде жүру, арқан бойына өрмелеу

жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды.

Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы.

Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды.

Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.

Майтабанныңпайда болу себебі қандай?

Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады.

Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады.

Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан.

Ол балаларда рахит ауруының салдарынан

тым көп салмақ қосқаннан болса,
ал ересек адамдарда,

әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.),

ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.),

аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден,

табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.

Егер балаларда уақытында емдемесе балада

сколиоз,омыртқасы кисаяды

артроз

аяғы жылдамауырып,шаршағыш болады.

Ересектерде жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін.

Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды.
Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек.

Сіздің балаңызда майтабан белгілері бар ма?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
527 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 16:03:04 Жүкті әйелге қажетті витаминдер

Жүктілі кезінде қандай витаминдер қабылдау керек, жалпы витамин қабылдаған дұрыс па деген сұрақтар туындайды

Егер сіз құнарлы тағамдар, жеміс-жидектер мен көкеністермен жиі жейтін болсаңыз, фолий қышқыланан басқа (В9 витамині)қабылдаудың қажеті жоқ.

Фолий қышқылы (В9). Тәуліктік норма 200 мкг, ал жүктіліккке дайындық кезінде оның қажеттілігі екі есе артады. Фолий қышқылын бала жоспарлағаннан 12 аптаға дейін қабылдаған жөн. Оның жетіспеушілігі сәбидің ой-кемістігіне және мидың дамуына қатысты басқа да ауытқушылықтарға себепкер болуы мүмкін.12 аптадан кейін қабылдаудың қажеті жоқ. Фолий қышқылын жүктілікті жоспарлағаннан бастап,яғни 1ай бастаған дұрыс.

Темір
Құрамындағы темірдің мөлшері төмен диета овуляцияны қиындатуы мүмкін және бала бітуіне кедергі жасайды. Сіздің темірге деген қажеттілігіңіз де сондай-ақ жүктілік кезінде айтарлықтай өседі.
Есіңізде болсын кальций мен темірді бірге қабылдасаңыз,темір сіңірілмейді. Анализ тапсырып мөлшерін анықтайсыз

Д3 витамині-кальций мен фосфорды сіңіруге қатысады.Тәуліктік қажеттілік 600-1200 МЕ/тәул.

Поливитаминдер тек
көрсеткіш бойынша қабылдайсыз,

Сіздер қандай витамин қабылдадыңыздар?

Құрбыңызбен бөлісіңіз
652 views13:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 15:53:14 ҚЫЗАНАҚТЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін тромбофлебит мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор.

қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.

Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

Піскен қызанақтың құрамында «ликопин» деп аталатын пигмент бар. Қызанаққа қызыл түс беретін де сол пигмент. Аталмыш пигмент адамның жадын жақсартып, склерозға ұшыраудан қорғайды. Сонымен қатар, ликопин ДНК-ны қорғап, асқазан рагы, қуық безі рагының бетін қайтарады.

Құрбыңызбен бөлісіңі
138 views12:53
Ашу / Түсініктеме