Get Mystery Box with random crypto!

Балаңыздың дене қызуы жиі көтеріледі ме Нәресте дүниеге ке | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Балаңыздың дене қызуы жиі көтеріледі ме

Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл ортаға үйренгенге дейін дене қызуы жоғарылау (37,0–37,4°C) болады.

Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына түседі (36,0–37,0°С).

Қалыпты кезеңде дене қызуы 36,0°С болып, келесі күні 37,5-ке көтерілсе, алаңдауға болады. Ал, егер күнделікті қызуы 37,0°С бола тұра, ешқандай жайсыздық байқалмаса, мазасызданудың қажеті жоқ.

Қызудың көтерілу себептері:

Кішкентай нәрестенің қызуы тым қалың киімнің әсерінен көтеріледі. Ауа өткізбейтін қалың көрпемен қымталған балада да өзгерістер болады. Өйткені, сәби ауа өзгерісіне бейімсіз болады.

тамақтанған кейін немесе жылағаннан соң дене қызуын өлшеуге ұмтылмаңыз.

Әдетте, баланың дене қызуы әлдебір инфекциялық аурулардың әсерінен болады.

1 жасқа дейінгі баланың тісі жарып шыққан кезде

вакцинациялық егуден кейін де көтерілуі мүмкін.

Қалай басамыз

үстіндегі киімін жеңілдетіп, бір реттік жаялығын (памперс) шешіңіз.

Жұқалау мата жаялығын жауып, жатқызыңыз.

Бөлменің іші тым салқын да, тым ыстық та болмауы тиіс.

Жылы сөздермен жұбатып, жиі-жиі шие, таңқурай, я болмаса лимон қосылған жылы шай беріңіз.

Денедегі сұйықтық азаятындықтан, тұзды су, болмаса жай қайнаған су беріңіз.

Температураны тусіретін парацетамол ,ибуфен цефекон свеча ларын қолдансаңыз болады

Аналарға кеңестер