Get Mystery Box with random crypto!

НӘРЕСТЕЛЕР НЕГЕ ЖЫЛАЙ БЕРЕДІ? Себептерін анықтайық... | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

НӘРЕСТЕЛЕР НЕГЕ ЖЫЛАЙ БЕРЕДІ?

Себептерін анықтайық...

Жаңадан өмірге келген соң сөйлеуді білмегендіктен, жылау арқылы назар аудартуы.

Бала анасының назар аударғанын қалайды. Яғни өздерін қауіпсіз сезіну үшін, қорғанысқа түсуі керек.
Емшек сүтімен қоректенетін бала мүлдем қорғансыз және жалғыз қалудан қорқады.Сол үшін анасының қасында болуын қалайды.

Баланың қарны ашуы, ұйқысының келгені, зәр шығаруы бұлар физиологиялық қажеттіліктері болып табылады.

Баланың алғашқы 3 айна дейін колика мазалайды.

Балалардың ұйқысы бұзылып ауырсыну сезімдері мазалайды.
Бұл кезеңде баланың ішектік ферметтік жүйесі әлі толық қалыптасып үлгермейді. Іші желденіп, іштің қысылуын және ауырсынуын тудырады.

Баланың қатты ыңғайсыздық туындауы бұл кезде- жылауы қатты дыбысқа, қараңғыға, денесіне бататын киімге(төсек орынға), тығыз орауға, дымқыл жаялыққа реакция болуы мүмкін.

Егер балаңыз тоқтаусыз көгеріп жылайтын болса-дәрігерге апарыңыз.

Тіс шығар кезінде шамамен 3айдан басталады. Ең бірінші күрек тістері шығып ең ауыр жарылады. Температура беріп, үлкен дәреті жасыл, сары түсті, іртіктеніп бұзылады.

Сіздің балаңызда осы жағдай болған кезде қалай бастыңыз жылауын?
Жаза отырыңыз

Аналарға кеңестер