Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕК ҚҰРТТАРЫ ⠀ Ішек құрт ауруы — паразитарлық аур | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕК ҚҰРТТАРЫ

Ішек құрт ауруы — паразитарлық ауруға жатады.

Ағзаға түскен құрттар сол ағза есебінен өмір сүреді.

Ондағы ақуыз, микроэлементтер мен дәрумендер арқылы қоректенеді.

Осының салдарынан ағзада зат алмасу жұмысы бұзылып дәрумендер тапшылығы болып қан аздыққа алып келеді.

иммунитетті төмендетеді.

Ішек құрт ауруының басты белгілері:

Баланың асқа тәбеті болмайды.

Алайда бала тәтті құмар болып

таңертең ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады және жүрегі айниды.

Бала үнемі құйрықтың төмен тартып ауырғанынан, қышитынынан мазасызданады.

Көзінің асты қарайып, әлсіздік пайда болады. Ішек құрттар баланың орталық жүйке жүйесіне кері әсер тигізеді

Балаға суық тимесе де, түнімен жөтеліп шығады.

Ауруды анықтау және емдеу

Оны тек анализ тапсырып қана анықтауға болады.

Қан анализі.

Жалпы анализге қан талдауы (аш қарынға тапсырылады) ішек құрттардың іште бар екенін көрсетеді

Аурудың алдын-алу үшін

қолды сабынмен тазалап жуу

қайнатылмаған су ішпеу

жеміс – жидектерді мұқият жуу

ыстық сумен шаю керек.

Паразиттерден сақтанудың ең тиімді тәсілі асқабақтың шикі дәні.

Аналарға кеңестер