Get Mystery Box with random crypto!

​​Ғашықпын мен өмірге, ғашық екем, Ұлты бөтен демеймін, жасы б | Қазақ әдебиеті

​​Ғашықпын мен өмірге, ғашық екем,
Ұлты бөтен демеймін, жасы бөтен.
Адал жанды адамның бәріне де
Жүрегімді – қақпамды ашып өтем.

Жақсылықтың бәріне үйір екем,
Тілі бөтен демеймін, күйі бөтен.
Көздерінде мейірім мен тазалық бар
Адамдарды құрметтеп сүйіп өтем.

Құмармын мен тірлікке, құмар екем,
Құмар етпей қоя ма мына мекен.
Ұрпақтарға қалатын ұлы жерге
Жасағаннан тыныштық сұрап өтем.

// Күләш Ахметова

@adebiet #поэзия